Саясаттану | Фискалды және монетарлы саясат

Кіріспе
Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден- бір құрал.
Салық төлемі ( Т ), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған инвестиция I-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі Ү қалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді.
Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік жағдай қалыптаса береді. ( Мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының салдарынан қалыптасуы мүмкін.) Сондықтан да пайда болған үзілісті жою үшін , экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетін салық төлемі ( Т )мен мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі ( G ) арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет – салық саясаты ( қазыналық ( фискальный ) саясат )
-мемлекеттік бюджет жағдайын , салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ынталандырушы бюджет-салық ( қазыналық экспансия ) –бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық