Қылмыстық құқық | Меншікке қарсы қылмыстар

Кіріспе
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табылады. (ҚР ҚК-нің 2-бабы). Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 жөне 1926-жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке қүқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп. Бөтен мүлікті ұрлау мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешеімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс. Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дүрыс саралауға бағыт береді.....
Курстық жұмыстар
Толық