Экономика | Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Кіріспе
Ақша-несие саясаты дегеніміз – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Ел басының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген.
Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банкпен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар.
Ақша – несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс , Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.
1 тару. Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты.
1.1. Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары
Ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша несие саясатының экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты мақсаты - баға тұрақтылығын, тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын жылдарға созылатын және нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады.....
Курстық жұмыстар
Толық