Экономика | Макроэкономикалық көрсеткiштер

Кiрiспе.
1 .Макроэкономика және оның мәселелерi. Ұлттық экономика деңгейiндегi экономикалық айналым моделi.
2. Макроэкономикалық көрсеткiштердiң жалпы сипаттамасы.
3. Жалпы ұлттық өнiм, оны есептеу әдiстерi.
4. 4.Ұлттық есеп жүргiзушiлiк: баланстық әдiс, ұлттық есеп жүйесiнiң әдiс.
5. Экономикалық өсу, оның түрлерi, қарқыны және моделi. Экономикалық өсудiң факторлары.
Макроэкономика грек сөзiнен -үлкен- бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтiн жалпы экономикалық iлiмнiң бөлiмi. Макро және микроэкономика бiр-бiрiмен тығыз байланысты, өйткенi екеуiнiң де талдау пәнi- экономика. Бiрақ зерттеу деңгейлерi екi түрлi. Микроэкономика жеке құрылымдардың бағытын және даму заңдылықтарын талдайды: үй шаруашылығын, фирмаларды, банктердi және т. б. Макроэкономика экономиканы жалпы бiрыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкiмет, кәсiподақ, орталық банктер,өндiрушiлер және тұтынушылар жалпы тұлға ретiнде мемле- кет көлемiнде қарастырылады.
Егер микроэкономика және тауарлардың көлемi мен бағасын қараса, онда макро- экономика агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Бiр фирманың әрекетi сипаттайтын басты микроэкономикалық көрсеткiштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткiштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнiм, ұлттық табыс, баға деңгейi, пайыз ставкасының орташа деңгейi және жұмыспен қамту.....
Курстық жұмыстар
Толық