Салық құқығы | Жеке табыс салығы

1. Жеке табыс салығының міндеттері
Көптеген елдерде жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салықтың принциптері ортақ болып келеді. Негізгі принциптері мыналар: • барлық салық төлеушілер резидент және резидент емес деп бөлінеді. Резиденттікті анықтаудың басты белгілері болып жеке тұлғаның нақты бір ел аумағында алты айдан астам мерзім аралығында болуы. Резидент салық төлеушілер ел ішінде және елден тысқары жерде алған барлық табыстарынан салық төлесе, резидент еместер тек ел ішінде алған табыстарынан салықты «төлем көзінен» төлейді, яғни олардың салық жауапкершілігі шектеулі;
• салық салу барысында әр түрлі көздерден алған барлық табыстары негізінде жиынтық табысы анықталады; салық төлеушінің салық салу барысында өзіне, асырауындағы әрбір адамға салық салынбайтын минимум мөлшері беріледі;
• салық салу кезінде медициналық шығындар, әлеуметтік сақтандыруға төлеген жарналар, кәсіби шығындар жиынтық табыстан шегеріледі;
• салық сомасы үдемелі салық ставкасы негізінде анықталады;
• жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар салықты бірге немесе бөлек төлеуіне болады.
Салықтың есептелу немесе алыну тетіктерінде кейбір ерекшеліктері болмаса, салық салудың объектісі және төлеушілері ұқсас болып келеді, Жеке тұлғалар табыстарынан бөлек, салықты жеке өзі төлейді немесе жиынтық табыстан төленеді....
Курстық жұмыстар
Толық