Қазақ тілі | Жай сөйлемнің күрделену жолдары.

«Күрделенген сөйлемдер» деген атау бұрын тілімізде болғанымен де, осы ұғымды қамтитын сөйлемдер әр түрлі синтаксистік категориялардың қарамағынан орын алып еді. Олар өздерінің атқарып отырған функциясына орай, сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасына қарай сол жердегі мәніне байланысты аталып қалыптасты. Кейбір күрделенген сөйлемдердің ішінен өз алдына жеке бір «сөйлемдер» бөлініп шығып жатады. Мұндай сөйлемдер оқшаулана атылғанымен, олардың бойында субьект-предикаттық қатынас болмайды. Сондықтан да олар әдеттегідей дербес сөйлемдер мағынасында түсінілмейді. Бұлар тек субьектінің түрліше көзқарастары мен сезімдерін не болмаса саралау бғытында айтылады. Осыған орай мұндай мәндегілер сөйлемнің негізін құрамай, тек онда көмекшілік қызметте жұмсалады. Сөйлем құрылысынан көмекшілік мәніндегі сөз топтарын алып тастасақ, жалпы ой мазмұны, сөйлем іргесі бұзылмайды. Мысалы: ...Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде, анық өз аспанындағы күнін сезгендей, илану бар еді (М.Әуезов). Мұндағы курсивпен терілген оғашаланған айқындауышты мүшелерді айтпасақ та, сөйлем өз құрылысын, өз іргесін сақтай алады: Әйгерімнің де «күнім» деп айтқан сөзінде... илану бар ед. Сөйлемдегі негізгі ой да –осы. ....
Курстық жұмыстар
Толық