Экономика | Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту

Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшу кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген қиыншылықтар мен өзгерістерге тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы эконмикаға үйренген ел жаңа өзгеріске өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын ала бастады, өнеркәсіптер мен кәсіпорындар тұрып, теңге тұрақсызданып, инфлияция өсіп, жұмыссыздар саны көбейіп, ел экономикасы құлдырау шегіне жетті. Осыдан экономиканың негізгі мақсаты – адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлігінің бірі еңбек нарығы болып табылады. Қазіргі уақытқа сай екі әлеуметтік экономикалық функция орын алған: адам ресурстарын бөлу және табысты, еңбекақы мөлшерлерінде еңбегін ынталандыру бағалау арқылы бөлу.Осы мақсаттарға жету мемлекеттің қатысуымен реттелуі қажет.
Мемлекеттік реттеу - әлеуметтік еңбек қатынастарындағаы ең қиын пунк. Еңбек нарығын нарықсыз реттеудің негізгі субъектілері мемлекет пен кәсіподақ. Әсіресе еңбек нарығында мемлекеттің басқа нарықтарға қарағанда белсендігі өте жоғары. Бұл түсінікті, себебі жұмысшы күшінің көзқарастарын қорғауы мемлекеттің негізгі міндеті.....
Курстық жұмыстар
Толық