Педагогика | Педагогикалық процес

Қазіргі кезеңде біздің қоғамымыздың басты міндеттері ретінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуді, соның негізінде елімізде әлеуметтік-экономикалық өзгерісті түбегейлі жүзеге асыруды ұсынды. Мұндай ауқымды міндеттерді шешуде мектептің рөлі зор. Мектептің басты міндеті – жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігі мен сапасын түбегейлі және батыл жақсарту, әрбір жас ұрпақты жан-жақты және үйлесімді дамытуға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Оқу-тәрбие процесінің табысты болуы көп жағдайда педагогтар мен оқушылардың жүйелі жұмыстарына байланысты. Педагогикалық процестің өте тиімді болуы үшін мынадай жағдай қажет: мұғалім оқушысын оқыту мен тәрбиелеуге ынта-ықылас білдіруі және атқара алуы оларға оқуға деген ынтызарын оята білуі тиіс. Сондықтан да мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбегінде олардың мүдделілігі мен жауапкершілігі талап етіледі. Бұл мүмкіндіктер Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, Е.И.Ильин, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин секілді жаңашыл-педагогтар ұсынған “педагогикадағы ынтымақтастықтың” негізгі идеялары мен принциптерінде тұжырымдалады.
Білім беру жүйесін одан ірі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және оның кәсіби дайындығының сапасын дамытумен байланысты. Мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретіндегі біртұтас педагогикалық процеске арналған ең бірінші еңбектердің бірі 1973 жылы шыққан. Осы уақыттан бастап педагогика ғылымының тарихында жаңа ғылыми бағыт айқындалды, ол мұғалімді кәсіби даярлаудың әдістемесі мен мазмұны, оның іс-әрекеті объектісінің ерекшеліктерін көрсететін - біртұтас педагогикалық процесс болады. Педагогикалық процесті ұйымдастыруда кеңестік кезеңде А.Г.Калашников, Н.К.Крупская, В.Е.Гмурман, А.С.Выготский, А.П.Пинкевич, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б. ғалымдардың қосқан үлесінің мәні зор. ....
Курстық жұмыстар
Толық