Экономика | Заңды тұлғалардың салықтары

Менің курыстық жұмысымның тақырыбы заңды тұлғалардың салықтары, яғни жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы . Яғни жанама салықтар дегеніміз қосылған құн салығы мен акциз салықтары.
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады. Бұл салада өзге де проблемалар жеткілікті. Қазіргі қолданып жүрген Салық кодексі тікелей ықпал ететін заң күшіне әлі де толық ие емес. Салық жөніндегі заңды дамыту тұжырымдамасын жасау саласындағы жұмыс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.Салықтардың толық көлемде, уақытылы аударылуы және алынуы бюджет қорының толығыуын айқындайтын фактор болып табылады. Салық төлемдерінің бюджетке толық көлемге түсуінің алуан әдістерін қолданып, қадағаланбайынша енді- енді құқықтық мемлекет болуға бағдар ұстап отырған еліміздің бұл бағытта табысты қадамын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өркениетті елдердегідей кәсіпорынның, ұйымның, кәсіпкердің қарапайым салық төлеушінің ең бірінші кезектегі міндетін салықтан құтылу екенін түсінетіндей жауапкершілікке жете қоймағанымыз әмбеге аян болса керек. Әлі де салықтын жалтарушылар, табысын кемітіп көрсетушілер, қайтсем заңдылықты айналып өтем деушілер баршылық. ....
Курстық жұмыстар
Толық