Қаржы | Ақша қаражатының аудиті

Аудит - кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің және акционерлік қоғмдардың қаржылық шаруашылық қызметтеріне білікті талдау жасау. Аудит негізінде кәсіпорын басшыларының не болмаса қатарлас және аралас кәсіпорындардың, контрагенттердің мемлекеттік басқару органдарының сұраныс бойынша жүргізледі. Оның негізі кәсіпорынның қаржы-қаражат жағдайын анықтау және оны жақсарту туралы менеджмен және салық ісі мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсетеді. Аудитор – акционерлік бірлестіктердің, фирмалар мен кәсіпорындародың қаражатын, шаруашылық іс-әрекетін басшылармен келісе отырып, жасалған шарт арқылы тексеретін заңды тұлға немесе фирма болып табылады. Аудитордың негізгі мақсаты тексерілген бірлестіктердің кәсіпорындар мен фирмалардың қаражаттары мен іс-әрекеттеріне, шаруашылық қызметтеріне әділ әрі нақты баға беріп жылдық есептің кіріс-шығысын жариялау. Аудиторлық фирмалар тексеру міндеттерімен қатар кеңес беру қызметтерінде атқарады. Аудиторлық қызметтер коммерциялық негізде жүргізіледі. Аудиттің объектісі болып нарықтық экономикада қызмет ететін шаруашылық субъектілері табылады. Қазақстан Республикасының экономика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. Дүйсенбаев аудиттің мазмұнына келесідей анықтама береді: «Аудит – бұл ұйымдардың қаржылық есеп беруін және басқада экономикалық ақпараттарын тәуелсіз сараптау және талдау, ішкі бақылаудың жағдайын және бухгалтерлік есептің Республикада заңдылықтарымен тексеру, сонымен қатар клиенттердің сұрақтары бойынша қызметтер көрсету».
Қазақстан Республикасы 2000 жылы 5 наурызда аудиторлар конференциясында Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарын ұлттық деп тануына шешім қабылдады және халықаралық деңгейге көтерілуіне үлкен қадам жасап отыр. Қазіргі кезде елімізде 1999 жылы Халықаралық Бухгалтерлік Федерациясында құрылған Аудиторлардың Халықаралық Стандарттарына сай өз қызметтерін жүзеге асыруда.....
Курстық жұмыстар
Толық