Экономика | Агроөнеркәсіптік кешені

Еліміздің жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал халқының саны жөні¬нен 57-ші орындағы ірі аграрлық-индустриялық мемле¬кеттердің қатарына кіретіні бәрімізге мәлім. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шар¬шы шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалық¬тарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы бола¬тын. Ауылшаруашылық саласы өзгерістерді баяу қабылдайтын, заман талабына икемделу деңгейі төмен салалардың қатарына жатады. Міне, осындай сипатына қарамастан еліміздің агроөнеркәсіп кешені жылына 4-5 пайыздық даму қарқынын сақтай отырып, дамудың жаңа сапалық деңгейіне қарай өте бастады. Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа жүйесі қалыптасты. "Аграрлық азық-түлік", "Ауылдық аумақтарды дамыту", "Ауыз су", "2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту" сынды мемлекеттік бағдарламалар, өткен жылдың басынан күшіне енген "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп секторын дамытып, ауылды түлетуде үлкен мүмкіндіктер туғызды.....
Курстық жұмыстар
Толық