Информатика | АСИНХРОНДЫ RS ТРИГГЕРЛЕР

Триггерлер деп – электрондық қондырғы көмегімен екілік ақпарат саналып, жазылатын және сақталатын қондырғыны айтамыз. Триггер 1 және 0 екі тұрақты күйде болады.
Триггерлер: RS, D,T,JK,VD және VT болып ажыратылады.
Триггерлерді ақпараттарды қабылжау мүмкіндіктеріне, құрастыру негіздеріне, функционалдық мүмкіндіктеріне қарай бірнеше топтарға бөлуге болады.
Ақпараттарды қабылдау мүмкіндіктеріне қарай триггерлер асинхронды –үйлестірілмеген және синхронды – үйлестірілген болып екіге бөлінеді.
Реакция кезеңдеріне кіріс сигналында триггер асинхронды және синхронды.
Асинхронды триггерлер кірістерінде дабыл пайда болысымен жұмыс істей бастайды.
Синхронды триггерлер кіріс арналарында дабылдары пайда болса да жұмысқа қосылмай, олар жұмысқа тек үйлестіргіш дабылдың әсерінен ғана қосылады. Үйлестіргіш арнасын С әрпімен белгілейді.
Функционалдық мүмкіндіктеріне қарай триггерлер мынадай топтарға бөлінеді. Триггердің сезімталдығы оны бір күйден екінші күйге көшіру үшін оның кіріс арнасына түсірілуге қажетті дабылдың ең аз шамасы.
Триггердің сипаттамалары мыналар:
- кіріс арналарына түскен ақпараттарды өлшеу жылдамдығы;
- сезгіштігі;
- тұтынатын қуаттың шамасы;
- сыртқы бөгде – жағымсыз дабылдарға қарағанда орнықтылығы;
- дабылдарды өңдеу әдістері – функционалдық мүмкіндіктері.
Дабылдарды өңдеу жылдамдығы триггердің бір өлшем уақыттың ішінде бір күйден екінші күйге көшу жиілігімен анықталады. Ол жүздеген мегагерцтің маңында орналасады.Сыртқы бөгде жағымсыз дабылға қарағанда орнықтылығы триггерлердің дұрыс жұмыс жасау мүмкіндіктерінанықтайды.Триггердің атқаратын қызметі оның өңдей алатын дабылдарының санымен, яғни кірістерінің санымен анықталады.
Т-триггердің ақпа-лездік күйі оның сол сәттегі – сол кезеңдегі оның кіріс арналарындағы дабылдармен анықталмай, оның өткен алдындағы уақыт кезеңдеріндегі күйлерімен анықталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық