Фирманың жарнамалық қызметін ұйымдастыру

Нарық қатынастары шаруашылық қарым – қатынаста жүріп жатқан субъектілерінен экономикалық үрдістерді игеруді, ол үшін оларды терең және жан – жақты талдауды талап етеді. Осы талдау негізінде бпр ресурстарды тиімді пайдаланып, тұтынушылардың қажеттілікткрін сапалы және жоғары деңгейде, неғұрлым толық қанағаттандыруды белгілейді. Нарықта қалыптасқан қатаң бәсекелестік күресінде жеңіп шығу үшін бұл аса қажетті іс. Соның негізінде фирманы дәл басқару бағыттары және ұтымды шаруашылық бизнес шешімдері іздестіріледі. Ал ол талдауды жүргізу үшін кең көлемде және неғұрлым толық коммерциялық ақпарат қажет болады. Бұл жиналған ақпарат нарықта әрекет жасап жүрген фирмалар және келешекте олардың қатарына жаңадан қосылатын кәсіпорындар, олардың өнімдерінің өзгерістері туралы тағы басқа сол сияқты болжамдық талдау үшін қолданылады. Осы аса маңызды да күрделі іс маркетингсіз орындалуы мүмкін емес. Сондықтан фирманы басқару жүйесінде, оның әрекетін ұтымды реттеу ісінде қазіргі кезде маркетинг жетекші рөл атқарады.
«Маркетинг» ұғымы ағылшынның “market” – нарық(рынок) сөзінен шыққан, ал “ing” жалғауы нарық жасаушы немесе нарық аумағындағы қызмет дегенді сипаттайды. Алайда бұл ұғымның мәні одан да кең және ауқымды. Сондықтан мұның көптеген (2 мыңнан астам) анықтамалары бар. Солардың ішінен маркетинг саласындағы белгілі маман Филип Котлердің берген анықтамасын айта кетуге болады. Ол бойынша маркетинг – айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Маркетингтің негізгі мақсаты: нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюктураны зерттеу, тұтынушылардың нақты сұранысын анықтау мен оларды материалдық тұрғыдан ынталандыру, басқару саласына қатысты қабылданатын шешімдермен қамтамасыз ету, кәсіпорындардың жұмыс бағдарламаларының дұрыстығын дәлелдеу.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелрдің бір қатарын жолға қояды.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын, сонымен қатар біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайға қол жеткізу үшін біз кәсіпорындарымыздың жұмысын шетелдік стандарттарға сай ұйымдастыру үшін жаңа технологияларды қолдануымыз қажет Соның бірі кәсіпорындағы маркетингтік тәжірибелерді қолдану. Қазіргі қалаптасқан жағдайда бұл өте көкейкесті мәселелердің бірі болып саналуда. Осы мәселенің бастысы курстық жұмыстың мақсатын анықтаған болатын.....
Рефераттар
Толық

Тұрғын үй құрылысының даму перспективасы

2007 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша барлық қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғын үйдің 187,9 мың шаршы метрі (оның ішінде 114,2 мың шаршы метрі – жария етілген тұрғын үйлер) қолданысқа берілді, ол өткен жылдың сәйкестендірілген кезеңінен 2,0 есеге көп, соның ішінде:
181,163 мың шаршы метрі- тұрғындардың қаражаты есебінен;
6,777 мың шаршы метрі- кәсіпорындар мен жеке меншік ұйымдардың есебінен.
Облыс бойынша барлығы 2007 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша 2504 пәтер, оның ішінде 2412 жеке тұрғын үйлер енгізілді.
Ағымды жылдың екінші жылдығында жалпы ауданы 12,4 мың шаршы метрді құрайтын коммуналдық тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2007 жылдың 15 тамызында Өскемен қаласы Жаңа Согра кентінінің Вешний қиылысындағы жалпы ауданы 5,183 мың шаршы метр болатын тұрғын үйді қолданысқа қабылдау бойынша мемлекеттік комиссия өткізілді.
2007 жылы несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз, Көкпекті және Зайсан аудандарындағы жалпы ауданы 39,353 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлерді қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
2007 жылдың 1 қыркүйегі бойынша тұрғындардан ипотекалық несиелендіру жүйесі бойынша тұрғын үйді иеленуге барлығы 4367 арыз келіп түсті, оның 2065 төлеуге қабілеттілігін растады.
Мелекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша барлығы 1575 пәтер енгізілді, оның ішінде – 1556 пәтер сату-сатып алу келісім-шарты жасалды, өткізілгені – 1556 пәтер.
Облыстың жер қатынастары басқармасының мәліметтері бойынша 2007 жылдың 25 тамыз айы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлу бойынша келіп түскен арыздардың саны 11487 құрайды, оның ішінде жас отбасылардан - 2384, мемлекеттік ұйым жұмысшыларынан – 1541, мелекеттік кәсіпорындар мен әлеуметтік бағыттағы қызметкерлерден- 1182. 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4099 жер телімдері (келіп түскен арыздар санына 36%), сондай-ақ ағымды жылы 915 жер телімі бөлінді.

ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат
Облыста 2004 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3 шілдедегі № 6/70-ІІІ шешімімен бекітілген ШҚО тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.
Өңірлік бағдарламаның іс-шаралар жоспарымен төмендегідей шаралар қарастырылған:
республикалық бюджет қаражаты есебінен:
- жыл сайын 8,1 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 24,3 мың шаршы метрді құрайды;
- жыл сайын 56,7 мың шаршы метр көлемде коммуналдық тұрғын үй салу, бұл 2005-2007 жылдарға 170,1 мың шаршы метрді құрайды;
басқа көздер есебінен (тұрғындар, жеке меншік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен):
2005 жылы – 68,3 мың шаршы метр, 2006 жылы – 118,5 мың шаршы метр, 2007 жылы – 164,5 мың шаршы метр, бұл 2005-2007 жылдары 351,3 мың шаршы метрді құрайды. ....
Рефераттар
Толық

Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі

Менің рефератымның тақырыбы: Сақтандырудың экономикалық мәні мен ролі. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым, қазіргі кездегі ҚР- ның сақтандырудың жағдайы мен қызметтері туралы мәліметтерді кеңінен білу. Рефератым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде мен мынадай мәселелерді қарастырдым: Сақтандырудың экономикалық мәні, оның түрлерін және сақтанушылардың қандай мүдделері бар екендігіне тоқталдым.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады. Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзі өмір сүрген уақыт ішінде өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, материалдық игіліктерді жасауға ықпал жасай бастады. Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құруларға төтеп берді. Осыған орай отандық сақтандыру нарығын демонополизациялаудың нақты фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әртүрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болып, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған олқылықтар мен кемшіліктер ескерілген. Сақтандырушылардың қызметтері мен ұйымдарының тәртібіне қатысты сауатты жасалған заң шығару актілерінсіз, нарық жоқ. Өйткені заң сақтандыруды қалыптастырудың, дамытудың негізі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай, өзге салалармен қатар сақтандыру да қазіргі Қазақстанның экономикадағы ролі арта түсуде. Қазіргі кезде сақтандырудың ондаған түрлері бар. Олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік және мүлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру және т.б. Соңғы кезде, еліміздегі сақтандыру ұйымдары шетел тәжірибелерімен алмасуда.
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу жылдарында сақтандырудың құқықтық негізін қалаған бірнеше заң актілері қабылданды. Қазақстан Республикасындағы «Сақтандыру туралы» бірінші заң 1992 жылы қабылданды.
Қорыта келе, Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы қаржы аясында реформалардың едәуір өріс алуын талап етеді. Бұл үрдісте оның құрамдас бөлігі іспетті сақтандыру жүйесі маңызды орын алады. Сақтандыру ұйымдарын кеңейтуге мемлекет те мүдделі. Сонымен, сақтандыру нақты адамдар мен заңды ұйымдар мүдделерін сақтандыратын жағдайлар салдарынан сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету мақсатындағы кәсіпкерлік қызметтің түрі.....
Рефераттар
Толық

Салықтар мен салық жүйесі туралы түсінік

Салық жүйесі мемлекеттің экономикалық әрекеттерге әсер етуі тәсілдерінің ең негізгісі. Кеңейген қайта өндіру режиміндегі экономиканың қалыпты қызмет етуі – салықтар мен жинақтардың тиімді жүйесін құру болып табылады.
Салық жүйесінің қызметі экономиканы реттеу құралы ретінде бүкіл әлемде кеңінен қолданылуда. Экономикаға әртүрлі тенденцияларды енгізіп .оларды тереңдетудегі серпінді механизм — ол салық жүйесі.Жоғарғы өркениетті елдердің ешқайсысында, әсіресе реттеу мен ынталандыру жағынан салық жүйесі өзгеріссіз құрылым болып қалған емес.Экономикалық әрбір жағдайдың өзгеруі салық жүйесінің реттеу мен ынталандыру қызметін түзетуді қажет етеді.
Казақстан Республикасының салық жүйесі даму мен өзгерудің белсенді сатысында тұр. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің реформасы мемлекеттің әрі қарайғы қаржы, салық және бюджеттік жүйесінің өзгеруімен тікелей байланысты. Соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму бағыттарына жасалған анализдер салық жүйесінің фискальдық сипатта болғанын және ынталандыру мен басқа да сипаттарының әлсіз болғанын көрсетеді. Салық реформасын жүргізуде сабақтастықтың ескерілмеуі, дамыған елдерде қолданылатын салықтармен қарапайым қаржы жүйесін ауыстыра салуы жақсы нәтиже бермеген. Дегенмен салық жүйесін жетілдіру шаралары әлі де жалғасуда.
Салық салу мәселесі төңірегіндегі шетелдік және отандық ғалымдардың мақалалары мен монографиялары қолданылды. Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық және құқықтық актлері, ұлттық статистика агентінің ақпараттары құрайды. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму бағытының теориялық негізділігі және салық жүйесінің инвестицияны ынталандыру, шағын кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлін жоғарылатудағы тәжірибелік нұсқаулар беру болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні

Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі болады. Салық мөлшерімен заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.
Экономикалық мазмұны жағынан салықтар дегеніміз –мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдері. Табыстардың әр түрлі нысандарының салық көздері мыналар болып табылады: пайда, процент, жалақы, дивиденд, рента, т.б.
Салық салудың мынадай негізгі принциптері бар:а) азаматтар салықты мемлекеттен алатын игіліктерге пропорционалды төлеу керек; б) салықтар табыстың мөлшерінен, салық төлеушілердің тұрмыс халінің дәрежесінен тәуелді болуы керек.
Салықтар шаруашылық субъектілердің, жеке тұлғалардың, мемлекет пен екі арадағы мемлекет арқылы жүзеге асырылады.
Салықтың экономикалық мәні мынада:
Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстардың қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықаралық табыстың белгілі бір мөлшері мемлекет үлесіне жинақтап жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болған және мемлекет бірге өмір сүріп дамуының негізі болған. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.Салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы көздері болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚР азаматтық құқығы туралы жалпы түсінік

Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар,1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1,2-ші тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар жиынтығын анықтай келе,бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады.Оларға жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1964 жылғы азаматтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматтық Кодекстің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушылармен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
Азаматтық құқық-жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынас тардың азаматтық құқықтың пәні болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕРІ

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандағы ауыл халқының қалаға көшуі

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тiркелдi. 1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың, украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады.
Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы, қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi, немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген.
Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру науқаны жүргiзiлдi.
1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Қазақстандық банктік жүйенің даму тарихы

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму прблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылымитеориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000 жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Дербес компьютер жайлы жалпы мәліметтер

Дербес компьютер-бұл электрондық аспаппен орындалатын, программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы.
Компьютердің синонимі- есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) бұйымы. Дербес компьютердің негізгі элементтері мен олардың арасындағы байланыс.
Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелері қабылдаушыларды көрсетіп береді.
Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Дербес компьютермен алғаш танысқанда процессордың төрт құрылғыдан тұратынын байқаймыз: арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), басқару құрылғысы (БҚ), жалпы тағайындалуының регистрлері (ЖТР) және бүркеме жад (кэш-рпамять) АЛҚ деректеріндегі арифметикалы-логикалық операцияны орындайды. Аралық нәтижелері ЖТР-да сақталады. Бүркеме-жад (кэш-память) жұмыссыз бос тұрып қалудың уақытын қысқарту жолымен процессордың жылдам әрекет етуін арттыруға қызмет етеді. БҚ кезекті команда адресінің қалыптасуына, яғни программадан тұратын команданың орындалу тәртібіне жауап береді.
Программа- бұл оның (команданың) ықпалымен,яғни әрекетімен процессор элементар операцияны орындайтын жиыны.
Жүйелік шинаның негізгі қызметі процессорлар арасында және дербес компьютердің қалған басқа да құрылғыларының арасында информацияны жіберу болып табылады. Жүйелік шинасы үш шинадан тұрады: басқару шинасы, дерек шинасы және адрес шинасы. Шиналар бойынша басқару сигналдарын, деректерді (сан, символдар), жадтың ұяшық адресін (адреса ячеек памяти) және енгізу-шығару құрылғысының нөмірін айналдырады.
Есте сақтау (память) өңделген деректер мен команда беруге, жазуға, сақтауға арналған. Жадтың бірнеше әр түрі болады: оперативтік, тұрақты, сыртқы, кэш, CHOS (КОМП), регистрлік.
Есте сақтау түрлерінің тұтас иерархиясының болуын шапшаңдығы (быстродействия), энерготәуелділігі (энергозависомости), тағайындалуы, көлемі мен құны бойынша оның айырмашылықтарымен түсіндіруге болады. Есте сақтау түрлерінің алуан түрлілігі бір түрдің құны жоғаы есте сақтау мен басқа түрдегі шапшаңдығы төмен естесақтау арасындағы қарама-қайшылықты жоюға көмектеседі.
Регистрлік есте сақтау- жылдам болады (кейде оны аса оперативті (сверхоперативной) деп атайды). Ол процессор ішінде орналасқан жалпы тағайындаудың бірнеше регистірін (ЖТР) білдіреді. Регистрларды процессорлармен қайта жіберу, қосу (сложение), санау (счет) және т.б. қарапайым операцияларды орындау барысында пайдаланады.....
Рефераттар
Толық