ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Топырақ- табиғат туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір кездерде жер беті қазіргі ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле алмайды. Топырақтың Түзілу үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз әсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание) деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Бұл құбылысқа табиғат күштерінің әсіресе температураның, судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі мұздардың әсері ерекше.
Тау жыныстарының үгілуінің физикалық, химиялық және биологиялық түрлері бар. Физикалық жолмен үгілу деп – тау жыныстарының химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мәселен, әр түрлі әсерінен тау жынысынын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиі-жиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір Біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жыныстары құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық және химиялық үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, әр аймақтың клмат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым болады. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу құбылыстары басымырақ жүреді.....
Рефераттар
Толық

Темперамент туралы жалпы теориялары

Еш уақытта бір адам екінші адамға ұқсамайтыны белгілі, әйтеуір бір өзгешелігімен ажыратылып тұрады. Себебі, генетикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық негіздерінің қоспасы ғана әрбір жеке тұлғаның толық бейнесін жасап береді. Сондықтан кез-келген азамат өз психикалық қасиеттерінің, оның ішінде темпераментінің жақсы жақтарын дамытып, ал әлсіз жақтарын жұмсартуға, яғни басқа адамдармен қарым қатынасында барынша «көркем» көрінуі ғанибет емес пе?! Осының өзі осы тақырыпта игерудің өзектілігін көрсетіп отыр деуіміз орынды. Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайьш оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай темпераменттердің өзгеріске түсетін ерекшеліктері буркемеленеді. Дамудың жоғары деңгейінде темпераменттерді анықтаудың қиынға соғатынының тағы бір себебін бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-қатынастың жаңа формаларының ішіне еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет. Сондықтан да біз кейде темперамент көріністерін - мінез бітімі деп, керісінше, мінез бітімдерін - темперамент ерекшеліктері деп шатастырамыз.
Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттің типтері өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан. Мәселен Е.П.Ересь үшінші сынып оқушыларының темпераменттерін зерттегенде (9-10 жастағылар), бұлардың арасынан темперамент айқын ажыратылған барлық типтерін тапқан. Бұл жөнінде И.В. Страхов зерттеулерінде де айтылады. Зерттеу объектісі болған 39 оқушының 33-інде темпераменттің анық түрлері кездескен де, бұлардың алтауы - аралық темпераментке жатқызылған. Сангвиниктердің таза типтері - 9 адам, холериктер - 10, флегматиктер - 9, меланхоликтер - 6 адам болған....
Рефераттар
Толық

Сөз және оның контексте қолданылуы

Сөз мағынасынан әр тілдің өзіңдік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп косылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мумкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да соңдай әсер етуі ықтимал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады.
Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын талқылау, қарау, табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. — бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер. Мысалы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту» мәнінде қолданылса, кейін оған қоса «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мәнінде айтылатын болды. Байланыс — бұрынғы «қарым-қатынас, аралас» мәнінің үстіне кейін «хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны, мекеме» мәніне ие болды. Күн - бұрын «кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен беретін төлемі»
мәніңде болса, қазір саяси экономиканың термин ретінде қолданылады. Халық тілінде ежелден белгілі айдар сөзінің («адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шаш») мағынасы кеңейіп, қазір газет-журналдарда «бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауын» білдіретін болды.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы, көне түркі тілінде тон, тары деген атаулар кең мағынасыңда қолданылған. Тон — тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, «жалпы киім» атаулыны, тары — тек «дәнді дақылдардың бір түрін» емес, «егін, астық» атаулыны білдірген. Қол — «адамның дене мүшесі» ұғымымен бірге, тарихи, «әскер, жасак» ұғымында да қолданылған. Қарындас — көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде, қазіргі кейбір түркі тілдерінде «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасын», болмаса «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен-саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған: міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.....
Рефераттар
Толық

Педагогика ғылымының даму кезеңдері

Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғары дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. Әрине, термин жөніндегі мұндай талас пікірлер педагогика ғылымының дамуына игі әсерін» тигізбейді.
Қазіргі кезеңде тәрбиенің ықпал жасау өрісі орасан кеңейе түсуде. Осыған орай, педагогиканы тек қана балалар тәрбиесі жайындағы ғылым деп шек қою дұрыс болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы — тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие — жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, экономикалық теорияларда — қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал педагогикада — тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Ұғымдар (категориялар) — объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің санамыздың сатылары.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада «мақсат», «құрал», «тәсіл», «даму» және «қалыптасу» сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ, олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға да оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес тоқталамыз. ....
Рефераттар
Толық

Отбасын құру және оның проблемалары

Отбасы дегеніміз- некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы- бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жқбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметік нормалардың, санкциялардың және міңез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы- некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді. Алайда барлық уақытта да бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып қалады, басқа жекелеген функциялардың маңыздылығы өзгеріп отырады.
Отбасы дегеніміз- қоғамның нақты тарихи типінде өз ерекшеліктері, дәстүрлері бекітілімдері бар әлеуметтік құрылым. Отбасы екі позициядан сарапталады:
1) Әлеуметтік институт ретінде
2) Шағын әлеуметтік топ ретінде
Әлеуметтік институт ретінде отбасы анализінде нақты отбасы қарастырылмайды белгілі мәдениетке тән отбасылық мінез-құлық үлгілері қарастырылады. Жас отбасы дегеніміз- жастары 29- дан аспаған және неке тұрғандарына 3 жылдан артық уақыт тұрмаған отбасын айтамыз. Неке ұғымның астарында ересек индивид арасындағы қоғам мен реттелетін қарым-қатынастарының тарихи шапталған формасын айтамыз. Қазіргі атаумызға болады. Ең көп таралған түрі нуклеарлы отбасы. Екінші орында толық емес отбасы. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ тілі | Қос қызметті тұлғажасам қосымшалары

Бұлар негізгі грамматикалық мағынасы жағынан сөзжасам аффикстер тобына жатады да, сөйлемде қолданылу, соған сәйкес сөздің түрлену сипатына байланысты, басқа әуелгі сөзжасам қасиетінен арылып, тұлғажасамдық сипат алып кететін реттері бар. Бұлар:
-дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -қы, -кі, -шы, -ші, -лық –лік – сын есім тудыратын сөзжасамдық қосымшалар.
-ша, -ше – үстеу тудыратын сөзжасамдық қосымшалар
Бұл аффикстер сөйлеу барысында қолданылатын сөздердің әр алуан құбылыстарға ұшырауына байланысты, реті келген жерде тікелей түбір морфемаларға қосылмай түбірден соң қолданылатын сөзбайлам немесе тұлғажасам аффикстерден кейін барып айтылатын кездері де бар. Дәл осы жағдайда аталмыш аффикстер өзіне тән сөзжасам қабілетін шектеп, тұлғажасам қызметіне ауып кететін жерлері жиі кездеседі.
Аффикстердің тұлғажасам тұлғалар ретінде қолданылуы:
1. –дай, -дей, -тай, -тей
а) түбір тұлғадан соң көптік жалғаулары қосылып айтылады, мысалы, құстардай, аңдардай т.б.
ә) түбір тұлғаға тәуелділік жалғауы жалғанғанда, мысалы, інімдей, ұстазыңдай
б) сын есімге түбірлерге тікелей жалғанып, тек сөйлемдегі синтаксистік қызметке байланысты қолданылады. Мысалыжеңілдей (көру), ауырлай (санау).
в) сан есім түбірлерге тікелей жалғанып айтылады. Мысалы, отыздай, екі мыңдай т.б.
г) модаль сөздерге жалғанып айтылады. Мысалы, бардай, жоқтай
д) есімдіктерге жалғанып айтылады: біздей, сендей.
е) қимыл атауларына тікелей қосылып айтылады: айтудай, сезудей, көрудей
ж) есімшеге тән қосымшалардан кейін қолданылады: айтқандай, көрместей.
2. –сыз, -сіз
а) түбір тұлғаға тәуелділік жалғаулар жалғанғанда: баламсыз, інімсіз
ә) жіктеу, септеу есімдіктері мен уақыт және өлшем мәнді сөз тіркестерінің соңғы компоненттеіне жалғанғанда: менсіз, оларсыз, бес жылсыз
б) субстантивтенген сын есімдерге жалғанғанда: жақсысыз, жалқаусыз
в) сөз тіркестеріндегі тарихи көне тұлғаларға қосылып айтылады: кісі көргісіз, адам айтқысыз
3. –ша, -ше. Тарихи тұрғыдан шақ сөзінен пайда болған бұл жұрнақ – туынды үстеу тудыратын сөзжасам қосымша. Тәуелділік жалғауынан кейін: баламша, туысыңша, ауылдасыңша
4. –лы, -лі. Бұл жұрнақ сырттай сын есім тудырушы қосымшаға ұқсағанымен, қимыл атауларына қосылып айтылғанда, тұлғажасам қосымша дәрежесінде айтылады. Мысалы, ренжулі, шешілмеулі
5. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік. Бұл туынды зат есім, туынды сын есім тудыратын омоним сөзжасам жұрнақ. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Қиялды зерттеу және дамыту әдістері

Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих түңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп, білмегсн, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар - енуі мүмкін. Бейнелер арқасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелср қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы сөздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағанның бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шынында, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
"Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады" (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы, не ұжымдық қиял) өздік ерекшелігін жоймайды әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы - олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері-өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің, негізгі қызметі өйткені тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды.
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады.
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі - кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. Қиялдың зияны халықта "Қорыққанға қос көрінеді" мәтелінде дәл айтылған. Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып, болашақта күтілгсн кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығаз байланыстың барын білдіреді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туыңдайды. Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгінділердің фантастикалық көріністері қолданылады. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Қазақстандағы кемірушілердің түрлері

Жұмбақ дүниені танып – білуіміздің табиғи көздерінің бірі – хайуанаттар әлемі. Жалпы табиғатта 2 миллионға жуық түрлері бар – микроскоп арқылы ғана көрінетін организмдерден бастап алып Піл, дене тұрқы 30 метрлік Кит сияқты хайуанаттар кездеседі. Ендеше сол хайуанаттар ішіндегі «Кемірушілерге» тоқталсақ. Кемірушілер (Rodentia) – сүт қоректілердің бір отряды. Бұған жер жүзіндегі сүт қоректілердің төрттен үш бөлігі, ал СССР-дегі сүт қоректілердің жартысы дерлік жатады. Кемірушілердің қазба қалдықтары- полеоцен дәуірінен белгілі. Кемірушілер Бор дәуірінде, сірә, насеком қоректілер мен бір ата-тектен дамыған болса керек. Кемірушілерге осы кезде туыстығы жағынан жақын топ қоянтәрізділер отряды жатады. Кемірушілердің ең ұсақ түрінің тұрқы 5 см, су шошқасы 1,25 м. Кемірушілердің тісі қатты қорек жеуге бейімделген. Күрек тістері (әр жақ сүйегінде бір жұп) күшті дамыған, доға тәрізді имек келген және үнемі өседі, әр тістерінің эмалы мен дентиннің қаттылығы әр түрлі болғандықтан, тісі өзінен-өзі қайралып, өмір бойы мұқалмайды. Кейбір кемірушілердің азу тістері де үнемі өседі. Ит тістері болмайды, күрек тістері мен азу тістері арасында тіссіз бос жер – диастема болады. Азу тістерінің беті бұдырлы, қырлы не қатпарлы. Бұл тістері де тіс эмалының қалыңдығы әр түрлі болғандықтан өзінен-өзі қайралады.
Кемірушілер жер жүзіне түгел таралған. Осы кезде тіршілік ететін 30 тұқымдасқа, 400-ден астам туысқа бөлінетін 2000-дай түрі бар. СССР-де 11 тұқымдасқа, 50 туысқа жататын 130-дан астам түрі белгілі. Бұдан басқа антропоген дәуірінен 70 түрі, оның ішінде 15-ке жуық өліп біткен туысы табылды. Кемірушілердің қазір тіршілік ететін түрлері әдетте үш отряд тармағына бөлінеді. Бұлардан тиін тәрізділердің(Sciuromorpha) осы кезде тіршілік ететін 5 тұқымдасы (құндыз,америка тау құндызы, тиін, қапшықты егеуқұйрық, гетеромитдер) және өліп біткен 5 тұқымдасы бар. Жайра тәрізділер отряд тармағына(Hystrcomorpha) осы кезде кездесетін 12 тұқымдас (кәдімгі жайра,ағаш жайрасы,теңіз ақ тышқаны,су шошқасы,агути,саз құндызы,шиншилла т.б.) және өліп біткен үш тұқымдас жатады. Тышқан тәрізділер (Myomorpha) он тұқымдасқа (қарақас тышқан,жалманқұлақ тышқан,қосаяқ,соқыр тышқан,аламан т.б.) және 3 қазба тұқымдасқа бөлінеді. ....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазақстандағы экологиялық зерттеулер

Елбасының Қазақстан халқына 2005 жылғы Жолдауында Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен жерінде тұр, біздің міндет-осынау бірегей жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін табиғатты ұтымды пайдалану деген еді. Еліміздің алдына Президент қойған осы міндеттің Қазақстандағы экологияның жағдайына тікелей қатысы бар.
XX ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды.
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген. Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл ғаламдық проблема.
Қазақ халқы ежелден-ақ табағат болмысын, оны бүкіл өзінің шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көне айналдырған. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқан. Осы арқылы болашақ ұрпақ бойына табиғатпен етене жүруді сіңіріп отырған.
Қазіргі дүние жүзілік ғылыми-техникалық прогрес пен адам әрекеті табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, болашақ ұрпақтың алдына ғаламдық экологиялық проблемаларды тудыруда. Табиғаттың байлығын қажжеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына, кейінгі жылдары оған жаппай үлкен қауіп тудыратын, ядролық, экологиялық, биологиялық қарулардың сыналуы, ормандардың аталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл-ойын аздыратын арақ пен есерткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып табылады.
Шын мәнінде туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Неге десеңіз, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек. Қазақстанның экологиялық ахуалына қысқаша талдау жасағанда мынаны байқауға болады.
Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30% жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиялды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн.га жайылымдардың деградацияға ұшырауы З млн. га жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4 млн. га жер радиоактивті ластануда. ....
Рефераттар
Толық

Медицина | Дененің әр түрлі бөлігіне таңғыш қою

Басқа: “чепец” таңғышы ыңғайлы және берік болып саналады, ол бинт жолағы арқылы төменгі жақ астына бекітіледі. Бинтті әрбір ораған сайын тік ленталардан асыра тастау арқылы (ұзындығы шамамен–1м ) оны біртіндеп барған сайын тік ете отырып, басты толық жапқанша орайды. Осындан кейін бинтті тік лентаға бекітіледі. Лента ұштарын иек астына бант түрінде байлайды, бұл бүкіл таңғыштың беріктігін қаматамасыз етеді.
2. Қолға: саусаққа орама таңғыш салу білезік аумағында біркелкі айнала жүрістен басталады (1), содан кейін бинтті қолдың сырты арқылы қиғаштап бас бармаққа әкеледі (2). Осы жерде сипральды айналыммен саусақ түрінне дейін бинттеледі (3,4,5,6,7). Қолдың сырты арқылы (8) бинт білезікке апарылып осы жерде бекітіледі (9). Осындай таңғыш барлық саусаққа салынуы мүмкін, ол қолғапқа ұқсайды. Қол басына әдепті сегіздік түріндегі таңғыш салынады. Білек пен бүгілген шынтаққа таңғыш орамал иілме түрінде салады, тік бұрышта бүгілген шынтаққа (шынтақ буынының ауруы немесе зауымдануы) “тасбақа” типті (ұштасатын немесе алшақтайтын) таңғыш салады, ол тізе аумағына салынатын таңғыш сияқты.
3. Кеудеге: Орама таңғыш салынады. Бинттен 1,5м бөлік кесіп алып, бір ұшы арқада, ал бір ұшы кеудеге салбырап тұратындай етіп сау білеккке қояды, семестр түріндегі ұшынан әжептәуір төмен айнала жүріспен бинтті бекітеді, осыдан кейін төменнен жоғарыға орамалы айнала жүріс арқылы барлық кеуде клеткасын қолтық астына дейін орайды және осы жерде айнала жүріспен бекітеді. Бинттің бос салбырап тұрған бөлігін (1) оң иықтан ары тастап, арқада салбырап тұрған ұшымен байлайды.
4. Ішке: іштің жоғарғы бөлігі үшін жоғарғы жақтан бинттің кәдімгі орама таңғышы қолданады. Іштің орамалы таңғышының жамбас таңғышымен біріктіруден тұрады.....
Рефераттар
Толық