Түркітану | Көне Рим әдебиеті

Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.
Римде құл иеленушілік қоғамның дамуы Грекия қоғамының дамуындай болды. Рулық құрылыстың күйреуі, құлиеленушіліктің өркендеуі, таптық қоғамның пайда болуы, құлдардың еңбегіне негізделген өндіріс, полистің (қала-мемлекет) дамуы мен күйзелісі – осының бәрі Грекия мен Римге тән болған. Экономикалық және саяси дамудың ұқсастығы болғанымен, Рим тарихының көптеген ерекшелігі болды. Ол тарихи және географиялық жағдайларға байланысты болды. Рим құрып жатқан Грекияның орнына келді. Римде грек қоғамының өтіп кеткен өмірі қайталанады, бірақ ол күрделі және өзге түрде болады.
Рим әдебиеті өзінің сұрақтарына дайын жауаптарды грек әдебиетінен тауып тұрды. Грек тарихының әр кезеңдерінде пайда болған дүниетану мен идеология рим қоғамының дамуына пайдаға асты. Римдіктер өз мәдениетінің әр түрлі салаларының (философия, дін, өнер, әдебиет) дамуына гректерден материал алып пайдаланды. Римдіктер гректерден алған материалды өздерінің тарихына, идеологиясына, жергілікті мәдениет пен салт-дәстүрлеріне байланысты дамытты.
Рим әдебиеті грек және Батыс Еуропа әдебиеттері арасына байланыс жасады. Қайта өркендеу дәуірінде де, XVII-XVIII ғғ.да антикалық әдебиет тек рим әдебиеті арқылы танымал болды. Сол кездерде грек драматургтары Эсхил, Софокл, Еврипидтен гөрі рим драматургы Сенека танымал болған, ал еуропалық эпостан Гомердің поэмалары емес, Вергилийдің «Энеидасы» көбірек танылған. XVIII ғ. ғана грек әдебиетіне көңіл бөлінді, ал ХІХ ғ. рим әдебиетін дұрыс бағаламай, таза еліктеу әдебиеті деп қараған. ....
Рефераттар
Толық

Түркітану | Көне Египет мәдениеті

Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті де мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — парғауындарды кұдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдай-лардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке — дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, соңдықтан да болар — көне Египеттің
мәдениетінің ең басты ерекшслігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша аткарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылганда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге кайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды ....
Рефераттар
Толық

Философия | Көне Греция философиясы

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері.
1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері:
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII –VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі - Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Көне Греция философиясының негізгі өкілдері.
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анаксимен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Элея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. ....
Рефераттар
Толық

Химия | КӨМІРТЕГІ КРЕМНИЙ

Периодтық жүйенің IV тобыңдағы элементтердің ішіндегі ең маңыздылары— көміртегі мен кремний. Көміртегі — тірі ағзалардың (организмдердің) құрамына кіретін элементтердің аса маңыздысы болса, кремний — жер қыртысында көп тараған элементтердің бірі.
Көміртегі мен кремний периодтық жүйеде атомдары электрондарын оңай беретін "оң электрлі" элементтер мен атомдары электрондарды оңай қосып алатын "теріс электрлі" элементтердің аралығында орналасқан. Сондықтан көміртегі мен кремний периодтық жүйедегі орнына, атомдарының құрылысына байланысты химиялық реакцияда валентті электрондарын түгелімен басқа атомдармен коваленттік байланыс түзуге жұмсайды.

Көміртегі (II) және көміртегі (IV) оксиді.
Ағашты құрғақ айдау.

Жұмыстың мақсаты. Активтелген көмірді және көміртегі (II) оксидін алу әдістерімен және олардың химиялық қасиеттерімен танысу. Ағашты құрғақ айдағанда бөлінетін заттарды байқау.
Құрал-жабдықтар. Стақандар, колбалар, пробиркалар, тамшылатқыш құйғыш, ағаш жаңқасы, шыны түтікшелер, резеңке түтік, спирт шам, электр плиткасы, хлорды және азоттың (IV) оксидін алатын құралдар.
Реактивтер. Құмырсқа қышқылы, қымыздық қышқылы, концентрациялы күкірт қышқылы, мыс (II) оксиді, фуксиннің, көк сияның ерітінділері, ағаш көмірі.
1 -тәжірибе. Активтелген көмірді дайындау. Стақанға ағаш көмірінің ұсақ бөлшектерін салыңдар, үлкендігі шамамен 1—1,5 см болсын. Содан соң стаканның жартысына дейін ыстық су құйыңдар. Ағаш көмірін салған ыстық суды 4—5 минуттай қайнатыңдар. Көмірдін суды бойына сіңіріп, салмағының ауырлағанына көңіл бөліңдер. Сұйықтықты салқыңдатып, ішіне мақта салынған құйғыш арқылы өткізіп, көмірді сүзіп алыңдар. Көмірді жинап, қайта қыздырыңдар. Темір тостағаншаны салқындатып, көмірдің кеуектенгеніне назар аударыңдар. Міне, осыңдай өңдеуден кейін көмір активтелген көмірге айналады. Осы активтелген көмірді келесі тәжірибелерге пайдаланыңдар.
2-тәжірибе. Активтелген көмірдің ерітінді бояуын сіңіруі. Пробирканың үштен бір бөлігіне дейін су құйып, оған бір-екі тамшы фуксиннің немесе күлгін сиянын ерітіндісін тамызыңдар. Үстіне бірнеше түйір активтелген көмір салыңдар. Пробирканың аузын үлкен саусақтарыңмен басып тұрып, бірнеше рет шайқап араластырындар. Біраз уақыт тұңдырып қойыңдар. Ерітіндінің түссізденгеніне көңіл бөліңдер. Ағаш көмірінің бұл қасиетін адсорбция деп атайды. Бұл тәжірибені дәрі ретінде пайдаланылатын карболенмен де жасауға болады.
3-тәжірибе. Активтелген көмірдін газдарды сіңіруі. Екі колба алып, бірін хлормен, екіншісін азоттын диоксидімен толтырыңдар. Екеуіне де активтелген көмір салып, колбалардын аузын тығындаңдар. Колбаларды шайқап араластырыңдар. Колбадағы газдардың түссізденгеніне назар аударыңдар. Оларды кристалдағыштағы суға төңкеріп, тығындарын су ішінде ашыңдар. Колбаларға судың көтерілгенін байқаңдар. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Көлік құралдарына салынатын салық

Көлік құралдарына салынатын салық, тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық, мәні зор деп айтуға болады.
Көлік құралдарына салынатын салык салу обьектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне карай көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептеместен салынады. Ал салық салынатын органға қарай көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады.
Бұл салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып и табылады.
Салық салу объектілеріне уәкілетті органда мсмлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады.
Жүк көтергішті 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады жане айдық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі.....
Рефераттар
Толық

Экономика | КӨЛІК ГЕОГРАФИЯСЫ

Дүние жүзіндегі көліктің даму сипаты. Көлік қандай да болмасын елдің экономикасындағы ең манызды саласы. Ол географиялық еңбек бөлінісінің негізі болып саналады. Көлік саласына 100 млн-ға жуық адам тартылған.
Жеке елдердегі көлік дамуының деңгейі мен сипаты көптеген факторларға тәуелді. Ол әкономиканың даму деңгейіне, дүниежүзілік шаруашылыққа және халықаралық еңбек бөлінісіне, т.б. жағдайларға қатысты. Елдің аумағы үлкен болған сайын көліктің маңызы күшейе түседі.
Дүние жүзі елдерінің қазіргі көлік жүйесі. Дүние жүзі елдері мен аймақтарында көлік жүйесінің арақатынасы әр түрлі. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің көлік жүйесі құрылымы өте күрделі және онда көліктің барлық түрлері кездеседі. Көлік жүйесінің жоғары деңгейде дамуы, әсіресе АҚШ, Франция, Жапония, Ұлыбритания елдерінде байқалады. Дүниежүзілік жүк айналымының 85%-ы осы елдердің үлесіне тиеді. Батыс Еуропа елдеріне теміржолдағы жүк тасымалының 25%-ы, теңіз көлігімен құбыр көлігі тасымалының 35%-ы тиесілі.
Дамушы елдердің көлік жүйесі шаруашылықтың аумақтық кұрылымын көрсетеді. Мұндай жолдар көбіне елдің минералды шикізат ендіретін аймақтарымен байланыстырады. Сонымен бірге плантациялық шаруашылықтар және портты қалалармен байланыстыру рөлін де атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда мұнда көлік жүйесінің техникалық деңгейі төмен.
Дүниежүзілік көлік түрлері дамуының жарқын көрінісі ретінде контейнерлік көлік жүйесінің қалыптасуын айтуға болады. Қазірдің өзінде маңызды жүктердің 40%-дан астамы контейнерлік әдіспен тасымалданады. Дүниежүзілік "контейнерлік көпірлерді" теңіз көлігі, теміржол тізбегі мен автомобиль, теміржол комбинациялары қалыптастырады. (Қосымшаны және дүние жүзі бойынша жалпы жүк тасымалындағы басты көрсеткіштер сұлба картасын қараңдар.)
Теңіз және өзен көлігі. Дүниежүзілік көлік жүйесі ішіндегі ең арзаны болып, теңіз көлігі саналады. Дүниежүзілік жүк тасымалының 62%-ы осы су көлігіне тиеді және ол бүкіл халықаралық елдер арасындағы тасымалдың 80%-ын қамтиды.....
Рефераттар
Толық

Экономика | КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін корпорацияды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары корпорация капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, корпорацияның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда корпорация меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Корпорация негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек корпорацияның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Корпорацияның негізгі капиталын пайдалануда жақсарту жолдары» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С. Степанова, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа жұмыстары, Қазақстанның О.Окаев, Т. Ашимбаев , С.К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.
Еліміздің Президенті ел басы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 2 наурыздағы жолдауында “Экономикасы бәсекегеқабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару , құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституцияның қабылдану себептері

Жаңа еліміздің Конституциясы туралы мәселені көтерудің басты себебі- ол еліміздің қоғамдық және иеилекеттік өмірдегі оң елеулі өзгерістердің ықпалы мен Республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету.
КСРО-ның тарап, оның негізінде ТМД құрылуы Қазақстан мемлекеті дамуының келесі бір себебі еді. Егемендік алу жағдайында қалыптасқан саяси ахуалдан туындаған жаңа нормативтік құжат қабылдау қажеттігі өзекті мәселелердің бірі болды.
Қазақстанның ең жаңа тарихындағы айтулы кезең болған маңызды екі күн –Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдаған 1990 жылғы 25 қазан мен 12-ші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған 1991 жылғы 16 желтоқсан туралы болғалы тұр. Әу бастан –ақ еске түсетіні, сонау 1920 жылғы Қырғыз Автономиялы Республикасының І-Бүкілқырғыздық құрылтай сьезіндегі қабылданған Қырғыз АКСР-і еңбекшілері құқығының Декларациясы, өйткені қазақ халқының тарихында алғаш рет оның ұлттық мемлекетінің құрылу дерегі сонда бекітілген болатын.
Егемендік туралы Декларация Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық көзі, мемлекеттік биліктің ішіндегі үстемдігі мен оның халықаралық жария еткен алғашқы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болып табылады.
Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация еліміз тәуелсіздігінің іргетасвн қалады. Мұның өзі мемлекеттілікті нығайтумен тығыз байланысты еді.Бұл шын мәнінде егеменді ел болу қазақтың ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіріп дамыту жолындағы батыл қадам болатын.
Тарихи-құқықтық маңызы бар сомадай екі құжат бірін-бірі жалғастырып, толықтырып тұрады, бұлар біріге келе еліміздің қоғамдық құбылыстардағы түбегейлі өзгерістерді еңсеретін 1993 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабырғасын қалайтын ірге тасы, өйткені, кейініректегі уақыт көрсеткендей, жаңа Конституцияның бет пердесі осылардан бастау алған.
1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық.
Олар Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы «Конституцияның жобасы туралы» және 1992 жылғы 9желтоқсанда өткен сессиясындағы «Республика Конституциясының жобасы және оны бүкілхалықтық талқылаудың қорытындылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссиясының өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады. 1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап көрсетеді. Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң қажет болды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституциялық реформалар

Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері даусыз.
Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай - ақ қоғамға теріс ықпал жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп - жетілмеген міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нәтижелі орындап шыққанын айту керек.
Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың, елімізде жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол тәжірибесімен егжей - тегжейлі танысты. Оның " Ғасырлар тоғысында " кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзірленген кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол конституция жөніндегі референдумның алдына (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын зерделген екен.
1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орынында тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі - ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсеткенін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу объективтік тұрғыдан қажеттіліке айналды. Осындай жағдайда ол, егкр халық қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру жөнінде тоқтамаға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негіздегенде, ал Ата Заңның ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде өзгермей тұрмасын да ескерусіз қалдыра алмады.
Президент былай дейді: "... қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан қилы саплық деңгейлерге котерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын ойладым. Ондай көптеген қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік - экономикалық және саяси процестердің құықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана қоймай, алға озып отыруға тиісті"....
Рефераттар
Толық

Құқық | Конституциялық құқық ұғымы

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерге көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады.
Құқық дегеніміз – мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажет. Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға және құқық институттарына бөлінеді. Мұндай құрылым құқық жүйесі деп аталады.
Құкық жүйесі құкық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын кұрайды, салалар ішінде құқық нормалары құкық институттарына топтастырылады. Біркатар іргелі құқық салалары құқық, салашықтарына бөлінеді.
Кез келген құкық саласы өзінің пәні мен құкықтық реттеу әдістеріне ие. Құкық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құкықтық реттеу пәні болып табылады. Құкықтық реттеу әдісі дегеніміз - біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құкықтық ретттеуді жүзеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер.
Құкықтық реттеудің мынадай негізгі әдістері бар:
 имперактивті (тегеуірінді түрде) - тыйым салу, міндеттеу және жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;
 диспозитивті - рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құкықты әдісі.
Сондай-ақ қосымша әдістер де болалы:
 көтермелейтін – құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;
 ұсынылатын - мемлекет пен коғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.....
Рефераттар
Толық