Биология | Балалардағы туберкулез

.Балалардағы туберкулез. ДОТС бағдарламасы.



аурудың себептері

эпидемиологиясы, жіктелуі,

клиникалық балгілері,

диагностикасы

алдын алу түрлері



Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».



Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады. Олардың ішінде миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар өлімімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Жетім қалған балалар санын осыдан-ақ білуге болады.



Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді.

....
Рефераттар
Толық

Биология | Қанайналым бұзылыстары

Қанайналым бұзылыстары. Қабыну жергілікті қан және лимфа айналымдарының, әсіресе микроциркуляциялардың бұзылыстарымен сипатталады. Оларды 1887 жылы Конгейм ажыратып жазды.

Микроциркуляция деп қанның майда тамырлар (артериолалар, метаартериолалар, қылтамырлар және венулалар) арқылы қозғалуын, сонымен қатар осы тамырлар мен тіндер арасында әртүрлі заттармен (О2, СО2,қоректік зат алмасу өнімдері) алмасуды айтады. Микроциркуляцияны Конгейм тәжірибесі көмегімен зерттеу ыңғайлы. Бүл кезде бақаны ішектерін сыртқа шығарып, тақтайдың тесігі үстіне кереді де, шажырқайды микроскоппен қарайды. Сол кезде қоздырғышты әсерінен (ішектерін шығарғандағы зақымдану) бірден пайда болатын артериолалардың тарылуын (спазмын) микроскоппен көруге болады. Ол рефлекстік түрде (аксон рефлексі бойынш тамыр жиырылтқыш нервтің тонусы артуынан) .....
Рефераттар
Толық

Биология | Менингококкты инфекция

Менингококкты инфекция-клиникалық айқындалуы әртүрлілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.



Қоздырғышы-менингикококк, сыртқы артада тұрақсыз. 37 С төмен температурада өмір сүре алмайды, ал 50 С температурада 5 минуттан артық өмір сүре алмайды.



Эпидемиологиясы:



Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.

Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.

Төзімділік (сезімталдық- 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Иммунитет-тұрақсыз,.

Аурудың даму механизмі-қоздырғыш ауа-сілекей жолымен жұтқыншаққа жетіп оны қабындырады, ал кейде қоздырғыш қанға, лимфаға өтіп аурудың ауыр түріне айналады..



Клиникалық белгілері:



Инкубациялық немесе жасырын кезең- 2-10 күн.



3 клиникалық түрі жиі кездеседі;



1.Менингококкты назофарингит- аурудың жеңіл түрі.баланың жалпы жағдайы бұзылады-шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі Басы ауырады, көмекейдің шырышты қабатын қан кернеп, мұрны бітеді. Диагнозды дәлелдеу үшін жұтқыншақтың шырышты қабығынан зерттеуге жағынды алынады

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Механикалық сарғыштану

Өттің жалпы өзегі сыртынан ісікпен қысылып немесе ішінен таспен, құрттармен, қою өтпен бітеліп қалғанда өт ішекке түспейді, қанга тікелей немесе лимфамен түседі. адамның терісі мен шырышты қабықтары сарғыштанады; зәрмен билирубин және өт қышқылы шығарыла бастайды. Сондықтан зәрдің түсі қою қоңыр болады.

Өт қышқылдары орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді. Осыдан организмнің жалпы әлсіздігі, қызбалығы, артынан көңіл-күйдің тұнжырауы, түнде үйқы қашып, күндіз ұйқы .....
Рефераттар
Толық

Биология | ОЖЖ –нің зақымданулары

ОЖЖ –нің зақымданулары.



Себептері: созылмалы оттегінің жетіспеушілігі /гипоксия, асфиксия/, әр-түрлі инфекциялар, интоксикациялар, мидың механикалық жарақаттануы /қысылуы, қан құйылу т.б./



Клиникасы: ОЖЖ-нің зақымдану белгілері туылғаннан соң бірден немесе 2-4 күндері көрінеді.



1.басылу немесе тежелу синдромы-бала селқос, қозғалыс белсенділігі төмен, рефлекстері төмен немесе жоқ.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Туылғандағы жарақаттар

Туылғандағы жарақаттар



Туылғандағы ісік –терінің қанайналымының бұзылуынан ісіктің пайда болуы. Туылғандағы ісік баста, бетінде, жамбаста болуы мүмкін. Шегі анық емес. 3-4 күнде тарқайды. Емдік іс-әрекет қажетсіз. Мұздық қоюға болады.



Кефалогематома – баланың бас сүйегі мен терісінің арасына қан құйылу. Еңбек аймағында жиі кездеседі. Шүйде, самай аймақтарында сирек кездеседі. Шекарасы анық, бір бөлімнен екінші бөлімге шықпайды. 7-10 күнде тарала бастайды /кей жағдайда 1 айға дейін созылады/.



Емі: Қантамырларының қабырғасын бекіту үшін-хлорлы кальций ерітіндісін, аскорутин тағайындалады, бастырып байлау қажет. Іріңдеген жағдайда хирургиялық емдеу.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Аккомодациялық аппарат

Аккомодациялық аппарат (лат. accomodatio — бейімделу) — әртүрлі қашықтықтағы заттарды көздің анық көруіне көмектесетін бейімделу аппараты. Аккомодациялық аппарат — биологияда, медицинада, ветеринарияда кору мүшелеріне байланысты қолданылатын термин. Заттарды анық көру көз бұршағының пішіні мен оның жарық сәулелерін сындыру күшіне тікелей байланысты. Аккомодациялық аппаратқа: көз бүршағы мен оның пішінін (бетінің дөңестенуі мен жалпақтануын) өзгертіп отыратын кірпікті дененің бұлшық еттері жатады. .....
Рефераттар
Толық