Биология | Миокард инфаркты

Коронарлық қанайналымның жеткіліксіздігінен жүрек етінде ишемиялық некроз пайда болуын миокардтың инфаркты дейді. Оның негізгі пайда болу себебі болып көпшілік жағдайларда (90%-ға жуығы) тромбозбен ушыққан коронарлық артериялардың атеросклерозы есептелінеді. Кейде миокардтың инфаркты коронарлық артериялардың спазмы нәтижесінде, кейде олардың тромбылардан үзілген эмболмен бітелуінен дамуы мүмкін.

Адамда миокардтың инфаркты дамуына қолайлы жағдай болып тұқым қуалаушылыққа бейімділік, артериялық гипертензия, семіру, қантты диабет және аз қозғалыспен атқарылатын ой жұмысы, темекі шегу ж. б. есептеледі.

Миокардтың инфаркты дамуының келесі патогенездік түрлері болуы мүмкін:

1. Коронарлық қанайналымының 3/4-тен астамын төмендететін тамырдың тарылуы.

2. Тыныштық жағдайда байқалмайтын, бірақ азғантай физикалық немесе жан-дүниелік (психикалық) күш-қуат жұмсағанда жүрек етінің ишемиясына әкелетін коронарлық артериялардың шамалы тарылуы (стеноз). .....
Рефераттар
Толық

Биология | Нозология

Нозология (гректің поsos — ауру, дерт, Іоgоз —- ілім) ауру туралы жалпы ілім. Бүл медицина ғылымының ең бір көне күрделі мәселесі.



Аурудың мәнін түсіну үшін денсаулықтың не екенін түсіну қажет. Бүгінгі күнге дейін денсаулық толық зерттелмеген. Дені сау адам деген түсініктің нағыз белгілері әлі жинақталмаған.



Егер организімнің сыртқы қоршаған орта (адам үшін әлеуметтік орта) жағдайларына бейімделу қабілеті бұзылмаса, онда олар дені сау адамдар қатарына жатады. Денсаулықтың физиологиялық өлшемі балып қалыптылық немесе белгілі бір түрақты өлшем (норма) есептеледі. Қалыптылық (қан қысымы-ның деңгейіг дененің температурасыг қан жасушаларының саны, қандағы әртүрлі заттардың глюкозаның, нәруыздың ж. б. деңгейі т. с. с.) көрсеткіштердің көпшілікке тән арифметикалық орташа .....
Рефераттар
Толық

Биология | Паратрофия

Паратрофиялар



Паратрофия.. Ю.А. Князев пен А.В. Картелишев (1975) классификациясыбойынша:



салмақтың 15 - 25% -кеасуы, семіздіктің І дәрежесі



26 –50% - ІІ,



50 –100% - ІІІ



100% -тенасса – IVдәрежелісеміздік.



Көбінепаратрофияата-анасыконституциялысемізбалаларда, гиподинамияда, артықкөмірсулытамақтануда, анасүтіншамадантысбергенде, құрғаққоспалардұрысезілмегенде, тәттішырындар, шайқолданғанда, балағашамадантысботқа, кілегей, кисель, печенье жәнебасқаұнөнімдерін, картофель пюресінбергенде, тағамдакөкөніс пен жемісжеткіліксізболғандапайдаболады.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Пиелонефрит

Пиелонефрит-бүйректің түбегінің және тканінің микробтық қабынуы.



Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер.



Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарын 3 түрлі енеді:



1. Гематогендік /әр-түрлі іріңді ауруларда қан арқылы/.



2. Уриногендік /вульвовагинит немесе стерильді емес инструменттермен тексерулер өткізгенде, қыз баланың астын дұрыс жумағанда/.



3. Лимфогендік /гематогендік сияқты/. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Пневмония

Пневмония - өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әртүрлі инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе ққабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкерболады:



1. Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Полиомиелит


Полиомиелит – жұлын параличі – жұлынның сұр затының зақымдануымен, парез-параличтермен сипатталатын балалардың жұқпалы ауруы. Өткен ғасырдың 5-ші жылдарына дейін полиомиелит ауруы көптеген балалардың өмірін үзіп, тірі қалғандарын мүгедектікке әкелген ауру болып келеді.

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Пролиферация

Пролиферация (лат. proles - ұрпақ, fero - әкелу) қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. пролиферацияны дамытатын бірнеше медиаторлар белгілі, пролиферация үрдісі белгілі бір мөлшерде болуы қажет. Оның тым артық болуы ағзаның сыртқы пішінін өзгертетін және қызметін бүзатын артық тыртық тіннің өсіп-өніп кетуіне әкеледі. Бұл әсіресе жүрек қақпақшаларының, ми қабықтарының қабынуы кезінде өте қауіпті. Сондықтан қабыну ошағында дәнекер тіні же.сушаларының өсіп-өнуі белгілі мөлшерде шектеліп тұруы қажет. Сайын келгенде, тіннің кішігірім бүлінулерінде, жарақаттануында асқынбай бітетін қабыну үрдісі толық қалпына келумен аяқталады. Тым көп жасушалар тіршілігін жоғалтқанда ақау дәнекер тінге ауысып артынан тыртық пайда болады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Ревматизм

Ревматизм-созылмалы инфекциялық - аллергиялық ауру. Бұл аурумен көбінесе 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады. Ревматизм адамзатқа көптен белгілі: Гиппократтың жазбаларында ревматизмнің симптомдары келтірілген жазулар, емдеу жолдары туралы деректер бар.



Аурудың себебі-инфекциялық фактор- «А» группасының гемолитикалық стрептоккогі. Ревматизм көбіне баспадан, созылмалы тонзилиттің асқынуынан 10-12 күннен кейін басталады да организмдегі дәнекер тканін зақымдайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Резистенттік

Резистенттік (төзімділік) – организмнің патогенді факторларға төзімділігі. Төзімділіктің айқындалуының формалары әр-түрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.

Біріншілік төзімділік – тұқымқуалаушылық. Организм өзінің конституциялық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы патогенді микроорганизмнің енуіне, өсіп-өнуіне, ауру тудыруына жағдайлы ортасы жоқ.

Екіншілік төзімділік – жүре пайда болған төзімділік. Инфекциялық аурулардан кейнгі, егулерден кейінгі иммунитет.

Пассивті (белсенсіз) төзімділік – организмнің баръерлік жүйесінің (тері, шырышты қабат), бактериоцидтік факторлар (асқазандағы тұз қышқылы, сілекейдегі мезоцим), тек тік иммунитет.

Активті (белсенді) төзімділік – қорғаныс бейімделу және компенсаторлық механизмдердің қосылуымен қамтамасыз теіледі (фагоцитоз, антиденелердің түзілуі, токсиндердің залалсыздандырылуы және шығуы, стресс гормондарының бөлінуі, тыныс алудың және қан айналымның өзгеруі, қалтырау, т.б.

.....
Рефераттар
Толық