Биология | Сепсис

Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам Сепсиске ұшырайды. Сепсисте фатоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан клетка ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай: терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); бадамша бездік (іріңді баспа); хирургиялық (шиқан шыққанда); гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); отогендік (іріңді отиттің асқынуы); кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар. Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) Сепсис деп атайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Теміреткі

Теміреткі - (грекше lіchen – жұқпалы) – этиологиясы әр түрлі көптеген тері ауруларының жалпы атауы. Теміреткінің негізгі белгісі – денеде ұсақ түйіндер пайда болып, адам қатты қышынады. Теміреткімен барлық жастағы адамдар ауырады, әсіресе 40 – 60 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Дерттің дамуына әр түрлі инфекцияның түсуі, организмде жүйке және иммунды жүйелердің бұзылуы, улану және аллергия жағдайлар әсер етеді. Теміреткі алғашқыда дененің кез келген жеріне қызарып, бөртпе болып шығады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Тонзиллит

Тонзиллит (tonsіllіtіs) – таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуы. Тонзиллиттің жедел түрі және оның бірден қатты ұстайтын созылмалы түрі бар. Созылмалы түрі мұрыннан қиналып дем алудан, мұрын қуыстарының және тістің зақымдануынан болады. Бұл кезде қабыну ошағы негізінен бадамша бездің шұңқыры лакунада болады. Науқас адамның оқтын-оқтын тамағы ауырып, жұтынғанда тамағында бір нәрсе тұрғандай сезінеді. Кейде құлақ шаншып ауырады. Ауру адамның дене қызуы 37,3 – 37,5С-қа көтеріліп, дерт бірнеше аптаға, тіпті бірнеше айға созылады. Соның салдарынан науқас әлсіреп, буындары сырқырайды, басы ауырып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Тонзиллиттің бұл түрі мезгіл-мезгіл қайталануы мүмкін. Дерттің өршуі жүрек-қантамыр және несеп-зәр шығару жүйелері қызметінің бұзылуына, буындардың сырқырап ауруы – тонзиллогенді сепсиске әкеледі. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралу керек. Емді дәрігер тағайындайды. Ем кешенді түрде жүргізіледі. Дұрыс диета сақтап, витаминдерге бай тағамдар ішу керек; антигистаминді препараттар, антибиотиктер беріледі; лакуналарды антисептик. ерітінділермен жуады. Дерт қатты асқынып кеткен жағдайда, хирург. операция жасап, таңдай бадамшаларын алып тастайды.



Пайдаланылған әдебиет



"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Топалаң

Топалаң – жануарлар мен адамдарда болатын аса жұқпалы ауру. Ауыл шаруашылық малдарының барлығы және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ауырады. Топалаңмен ауырған кезде көршиқандар шығады, түрлі ағзалары серроздық-геморрагиялық қабынады. Қоздырғышы капсула мен спора құратын Bacіllus anthracіs бацилласы жер қыртысында көбейеді және ондаған жылдар бойы сақталады. Сондай-ақ суыққа да төзімді болады. Ауру қоздырғыштарын таратудың негізгі көзі – сыртқы ортаға бөлініп шығатын ауру малдардың зәрі, сүті, сілекейі. Топалаңнан өліп, кезінде жиналмаған қой өлексесі өте қауіпті. Қоздырғыштары тері зауыттарының, мал көмген орындардың маңайында, жайылымдарда, мал су ішетін орындарда жиі кездеседі. Ауру көбіне жазда (шілде – тамыз айларында) байқалады. Ауырған мал жүріп келе жатып тоқтап қалады, мойнын соза береді, танауы делдиіп, аузын ашып, ауыр тыныс алады, кейбіреулері қанды зәр шығарады. 2 – 16 сағат ішінде мал жүре алмай, жығылып қалады, аяқтары тартылады, мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Өлексесі өте тез ыдырайды. Малдың іші кеуіп, ісінеді, көкбауыры тым үлкейіп, қанға толып тұрады. Күйіс қайыратын малдарда және жылқыда жүрек соғысы мен тыныс алуы жиілейді, сілекейлі қабығы көгереді, тәбеті нашарлайды, дірілдеп, денесінің әр жерінде жаралар пайда болады. Шошқалардың мойнында ісік пайда болып, тыныс алу мен жұтыну қызметі бұзылады. Топалаңның алдын алу үшін бүкіл малға СТИ-1 немесе ГНКИ вакцинасын егеді. Бұған қоса жайылымдар, қой суаратын орындар, үй маңындағы телімдер малдәрігерлік-санит. талаптарға сай болуы тиіс. Адамдарға Топалаң ауру малдарға күтім жасағанда, мал өнімдерін өңдеу кезінде, ауру малдардың сүті мен етін тағамға қолданғанда жұғады. Клиник. белгілері – көршиқандардың пайда болуы, ішектердің, кейде өкпенің зақымдануы.



Пайдаланылған әдебиет



"Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Үсу

Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады. Бірінші дәрежелі Үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі Үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі Үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі Үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл Үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай не кофе беру керек. Жансызданған жерін жылы суға (температура 37 — 40°C) малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. ҚҚ — ҚV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.

Сілтемелер



"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том .....
Рефераттар
Толық

Биология | Фарингит

Фарингит (грек. pharynx — жұтқыншақ) — жұтқыншақтың кілегей қабығының қабынуы. Фарингит жедел респираторлы аурулардың, тұмаудың, т.б. жұқпалы аурулардың әсерінен болады. Кейде жұтқыншаққа әр түрлі факторлардың әсер етуінен де (мысалы, ауыз арқылы суық ауамен демалғанда немесе қатты суықта сөйлескенде, сондай-ақ өте ыстық не өте суық тағам жегенде) дамиды. Фарингиттің екі түрі бар. Жедел Фарингит көбінесе жұқпалы болады. Бұл кезде жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарып ісінеді. Науқас адамның тамағы құрғап, жыбырлаған сияқты, бір нәрсе кілегей қабыққа жабысып тұрғандай сезінеді. Дене температурасы қалыпты болады. Егер Фарингиттің жедел түрін дәл уақытында емдемесе, ол созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде жұтқыншаққа өте көп мөлшерде қақырық жиналады, соның салдарынан ауру адам үнемі жөтеліп, қақырық тастайды, әсіресе .....
Рефераттар
Толық

Биология | ФЛЕБИТ

ФЛЕБИТ (грек. phleps; phlebos — көк тамыр) — адам организміндегі көк тамырдың (венаның) қабынуы. Флебит негізінен инфекцияның аяқтың көк тамыр қабырғаларын зақымдауынан болады. Инфекция ошағы әр түрлі жаралар, бітеу жара, флегмона болуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары әр түрлі микроорганизмдер, негізінен стрептококк болып саналады. Флебит қалыпты жағдайда аяқтағы вена қан тамырларының кеңейіп түйінделуінің (қ. Варикоз) немесе вена қан тамырларында тромбоздың (қ. Тромбофлебит) пайда болған жерінде кездеседі. Сонымен қатар вена қан тамыры қабырғасынан Флебит оның айналасындағы тіндерге ауысып, перифлебит ауруын тудыруы мүмкін. Флебиттің жедел және созылмалы түрі бар. Бірінші түрінде аяқ ісініп, көк тамыр үстіндегі тері қабаты қызарып, дене қызуы жоғарылайды. Сол жерді саусақпен басқанда, көк тамырдың түйінделгені байқалады. Ауру асқынып, ірің пайда болып, ұзаққа созылғанда екінші түріне ауысады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Фронтит

Фронтит (лат. frons, frontіs — маңдай және іtіs — қабыну) — маңдай қуысының қабынуы. Ауру мұрын қуысындағы патогенді микроорганизмдердің маңдай қуысына енуі салдарынан пайда болады. Фронтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел Фронтит ринит, тұмау, қызылша, т.б. жұқпалы аурулардың салдарынан дамиды. Бұл кезде бастың маңдай тұсы қатты ауырып, адам еңкейгенде ауру сезімі үдей түседі. Мұрын бітеліп, мұрыннан іріңді сұйықтық ағады. Кейде ауру көзге беріліп, көзден жас ағады, адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды, қабағы ісініп, ыстығы көтеріледі. Дерт асқынып кетсе, созылмалы түріне ауысады. Бұл жағдайда науқастың маңдайы ауырып, саусақпен басқанда ауырсынады. Ауру көздің медиалды ұшына беріліп, адам жарыққа қарай алмайды, көзден жас тоқтамайды. Дене қызуы алғашқыда 38 — 39°С-қа көтеріліп, содан кейін біртіндеп түседі. Риноскоптық тексеруден өткізгенде мұрынның ішкі, ортаңғы бөлігінің ісінуі, іріңді жолақтар, полиптер анық көрінеді. Фронтитті негізінен консервативті жолмен емдейді: аналгетиктер беріліп, мұрынға нафтизин, галазолин, назифин, назол, т.б. тамшыларын құяды, физиотерапия тағайындалады. Фронтиттің созылмалы түрі асқынып кетсе, антибиотиктер беріледі, егер мұрын қуысының ішінде полиптер қайта-қайт пайда бола берсе, хирургиялық операция жасап, оларды алып тастайды. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Цистит

Цистит (лат. cyctіtіs; грек. kystіs — қуық және іtіs — қабыну) — қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. циститпен балалар да, ер адамдар да, әсіресе әйелдер жиі ауырады.

Мазмұны

1 Аурудың қоздырушылары

2 Этиология

3 Eмделу

4 Ciлтемелер :

Аурудың қоздырушылары



Аурудың қоздырушылары: ішек таяқшасы, протей, стафилококк, т.б. инфекциялар. Бұлар қуыққа гематогендік жолмен организмдегі қабыну ошағынан немесе сырттан уретра (үрпі түтігі) арқылы жыныс мүшелерінен енеді. Аурудың дамуына қуыққа салқын тигізу, іш қату және ысталған, сүрленген тағамдарды көп жеу, т.б. әсер етеді. циститтің екі түрі ажыратылады.

[Этиология

.....
Рефераттар
Толық

Биология | Шемен

Шемен— қан мен лимфа сұйығының қалыптан тыс көп бөлініп, организм тініне қайта сіңуінің нашарлауынан тері асты май қабаттарына, тіндерге, буынға, органдарға сұйықтықтың (транссудаттың) жиналуы. Транссудаттың құрамында белок аз, тұнық болады. Шеменнің пайда болу себебі әр түрлі. Ол көбінесе жүрек-қан тамыр аурулары кезінде, бүйрек зақымданғанда, ісік пайда болғанда, ашыққанда, уланудың кейбір түрлерінде көрініс табады. Шеменнің жергілікті және жалпы түрлері ажыратылады. Жергілікті шемен кезінде вена тамырының қысылып жаншылуынан қан айналымы бұзылады. Әр түрлі органдарда пайда болуына байланысты, мысалы, іш қуысында пайда болса — асцит, көкірек қуысында — гидроторакс, жүрек қабында — гидроперикард, буында — гидроартроз, ми қабығында — гидроцефалия, ен қабатында — гидроцеле, т.б. деп аталады. Шеменнің жалпы түрі жүрек-тамыр, бүйрек ауруларында және ашыққанда болады. Сұйықтық жиналған жер, әдетте ісініп, көлемінің ұлғайғаны байқалады. Сұйықтық жиналған жерді саусақпен басқанда шұңқырайып қалады. Емі: Шеменге себеп болған дертті тауып емдеу. Кейде жиналған сұйықтықты пункция жасау арқылы сорып алады. Ауру асқынған жағдайда хирургиялық операция жасалынады.

Пайдаланылған әдебиеттер .....
Рефераттар
Толық