Ұстаз ұлы тұлға


Тәуелсіз еліміздің болашағы – мектеп. Ол оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа жөн сілтер киелі орын десек қателеспейміз. Елбасымыз Н.Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз" деген болатын.

Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Ал, оған дұрыс та жүйелі тәрбие беретін екінші ана - ұстаз. Ұрпақ тәрбиесі секілді ұлы міндет жүктелген мектептегі мерейлі істердің барлығы мұғалімдердің арқасы.

Ұстаз - ұлағаттылықтың көзін ашар, жылылық нәрін себер жан. Мектептің жүрегі де, тірегі де ұстаз. Күн сайын жүздеген шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нәрін себуге ұмтылатын жылы жүзді жайдары жан.

Мұғалімдік қызметті, ұстаздық ұлағатты терең қадірлеген халқымыз білім мен тәрбие мәселесіне де ерекше ден қойғаны белгілі. Өйткені қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адам баласы міндетті түрде мұғалім алдын көруі тиіс. Ал, өркениеттілікке, жарқын, зайырлы қоғамға қол жеткізу үшін ақыл-есі бүтін кез-келген жас саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Мұғалімнің қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалімнің қателесуге қақысы жоқ.

Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!

Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер дегім келеді.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ы.Алтынсарин орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жулбаева Гулайым Сағынбайқызы .....
Әңгімелер
Толық

Билетіңіз бар ма


(болған оқиға)

Бірде жол түсіп мешітке баруыма тура келді. Сыртқы дарбазасына ене бергенімде алдымнан жас шамасы төрт бестердегі бала жолықты. Маған:
— Əпкей, əпке тоқтаңызшы!-деп маған күлімсірей қарап тұр. Іштей неге тоқтатты екен деп таңдандым да:
— Йə балақай? Айта ғой!
— Əпке мешітке кіруге билетіңіз бар ма?- деді. Басында түсінбей қалдым. Бірақ бірден ойыма "Дəрет алдыңыз ба?" деп сұрағанын түсіндім.
— Əрине бар. Тіпті аспанға ұшып, қалықтауға да бар.
— Онда мені де ап кетіңізші! Аспанға менде ұшайыншы!
— Жарайды, жүре ғой!
— Жаныңызда өзіңіз сияқты əпкелер көп екен мен сиямын ба?-деді. Не деп жауап берерімді білмей:
— Ол жаққа кез келген адам ұша алады(намаз оқи алады). Мешіт бос, имамдардың қарасы да көрінбеді. Сол жерде дұға тілеп отырдым. Жаңағы балақай да жанымда отырған болатын.
Мешітке келген шаруам аяқталған соң, бала адасып қалған ба білгім кеп сұрамақ болған едім. Аяқ асты ғайып болды. Сол маңда біраз іздеп, маңайдан сұрастырдым. Көрген, білген адам табылмады. Бірақ, үйіме қуанышпен оралдым. Сол маңайдан өте қалсам балақайды ылғи іздеп тұрам. Бұл оқиғаны ешкімге айтып жеткізе алмасым анық! .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Лигейя

Өлімді мойынсынбайтын еріктің өзі, міне, осында! Еріктің күш құдіретінің тылсым құпия сырын аша алатын кім бар? Өйткені құдайдың өзі де әділін айтқанда — о бастан, табиғатында барлығының мән-мағынасын ашу үшін әдейі жаратылған айрықша бір алып ерік тәрізді. Өзінің еркі кемдігінен, әлсіздігінен дәрменсіздікке дес берген адам ешқандай періштені де, ажалды да әсте мойындамақ емес.

Джузеф Гленвилл

Леди Лигейяны алғаш рет қалай, қашан және қайда көргенімді жанымды ажалдан арашалап алып қаламын десе де жадыма түсіре алмаған болар едім. Одан бері талай жылдар өтті, ал менің қайғы-қасіреттен есімдегілер елес боп кетті. .....
Әңгімелер
Толық

Сызықты қысқарту

Мұғалім сыныптағы зерек, бірақ сонымен қатар ішітар оқушыдан: «Сен неге достарыңа көре алмаушылық етесің, олардың жасағандарын бұзып, төбелесесің де жүресің?» деп сұрайды. Оқушы: «Өйткені олардың менен озып кетуін қаламаймын. Мен ғана үздік, менің жасағандарым ғана ең жақсы болғанын қалаймын» дейді. Мұғалім сәл ойланды да, орнынан тұрып, тақтаға бір сызық сызады. Әлгі оқушысына қарап: «Мына сызықты қалай қысқартуға болады?» деп сұрайды. Оқушы орнынан атып тұрып: «Сызықтың жартысын өшіріп тастаймын» деп жауап береді. Мұғалім бұл жауапты қабыл етпейді. Оқушы біраз ойланып, сызықтың бір бөлігін қолымен жауып: «Міне қысқарды» деді. Бұл жауап та қате болатын. Дұрыс жауап ала алмайтындығын түсінген мұғалім тақтаға әуелгіден де ұзынырақ сызық сызып: «Енді қалай болды?» деп сұрайды. Басы салбыраған оқушы: «Енді қысқарды» деп жауап берді. «Біліктілігің мен қабілетіңді арттырып, өз сызығыңды ұзартуың, қарсыласыңның сызығын қысқартуға тырысудан әлде қайда жақсы» деп оқушысына өмірдің барлық кезеңінде кәдеге жарайтын тәрбиелік сабақ берді......
Әңгімелер
Толық

Антон Чехов | Зар

Кешкі қара көлеңке. Жапалақтаған жабысқақ қар жаңа ғана жанған фонарьларды шыр көбелек айнала баяу ұшып, үй төбелеріне, аттардың сауырына, адамдардың иығына, бөркіне қонып, жұп-жұмсақ ақ кебенекке орап жатыр. Арбакеш Иона Потаповтың үсті-басы аппақ, аруақ сияқты. Тірі адамның денесін қанша зорласаң дәл ондай бүгілмес, шананың алдыңғы тұғырында екі бүктетіліп бүгжиіп кеткен, тырп етер емес. Төбесінен тұтас бір күртік қар құлап кетсе де ол тегі елең етіп, үстінің қарын қағуды қажет етпейтін сияқты... Жегулі атының үсті де аппақ, ол да қыбыр етпейді. Сол қимылсыздығына, денесінің арса-арса болған арықтығына, аяқтарының таяқ сияқты сидаңдығына көз тоқтатып, жақынырақ үңілсең, ол кәдімгі тиын сияқты пірәндік атқа ұқсап кеткендей. Шамасы, өзі бір терең ойға шомып тұрған болуы керек.

Соқадан, күнделікті көңілсіз көріністен ада болып, мына сияқты жарқ-жұрқ еткен неше түрлі оттары, тынымсыз айғай-шуы мен сапырылысқан адамдары бар осынау қарбаласқа келіп тап болған аттың ойланбасына болмаса Иона мен оның атының бір орында тапжылмай тұрғанына көп болды. Олар ауладан түс болмай шыққан, содан бері бірде-бір кәсіп табылған жоқ, міне, енді қалаға түн қараңғылығы түсіп келеді. Фонарьлардың ілкідегі көмескі сәулесі барған сайын жарқырай ашылып, көшедегі қарбаластың да у-шуы күшейе түсті. .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Дық

Әнші Жәнібек Кәрменов аруағына бағыштаймын.

Автор.

...Қазыбек көз ілген жоқ.

* * *

Көз ілетін де жөні жоқ.

Белдеудегі бесіктей ырғалған вагонның нар төсегі мен тарсылдаған темір доңғалағы бір жақтан, өткен жылы жолыққан Арқа аруы Ақтілекке деген алаң көңіл екінші жақтан мазасын алды.

Түстіктен ащы ішектей шұбатыла шығып, Алматыға асыққан поезға әнші кеше кешігіп қала жаздаған. Апта бойы алақанында қондырған түстік өңір азаматтары да поез орнынан енді қозғалып бара жатқанда мінгізіп жіберді.

Қоңыр былғары қапты домбырасы мен көк сөмкесін көтеріп, купеге кіргенде еңгезердей қара шал мен қара көзі күлген қара торы бойжеткен бұны үнсіз қарсы алды. Шал бәкене бойлы бұған біртүрлі менсініңкіремей, одырая қарап қойды. Бұл да бірақ сыр берген жоқ. Астыдағы екі орынды да бұрын кіріп жайлап алған жандарға сыпайы ғана сәлемдесіп, сөмкесін жоғарыға қойып, домбырасын үстідегі бос орынға ұзынынан тастады. .....
Әңгімелер
Толық