Зағип жігіттің махаббаты

Ол екеуі жұлдызы жарасқан жұп еді. Көркіне көз тоймайтын сұлу келіншек, келісті жігіт. Сырт қараған жандардың қызығуы мен қызғанышын қатар оятардай жарасым тауып тұратын. Бақыттың бал шырынына батқан жұбайлар күндерін ерек көңілді өткізетін.

Бірде күйеуі іссапармен алысқа кететін болды. Осынау қос ғашық үшін бұл сапардың сағынышы махаббаттарын тереңдетпесе, өзге кесірін тигізе қоймайтынына әрі екеуі де сенетін. Сүйіктісін шығарып салып, үйде қалған келіншек сағынышты күндерін өткізе берді. Ол осы күндерде әлдебір тері ауруына душар болады да, жас келіншектің сырқатына ем қонбайды. Бір күні таңертең ол ояна сала айнаға қарап шошып кетті. Сұлу жамалынан көлеңке де қалмаған. Қорқынышты болып бұзылып кеткен ақша жүзі оны қайғы теңізіне батырды. Бұл сырқатын күйеуінен жасырып жүретін. Күндер өте келе, оның қайтып келер сәті де жақындай түсті. Ол мына бейнесін көрсе, қандай көңіл күйде болар. Осыны ойлаған сайын оның қасіреті асқына берді. Айна алдына баруға жүрексініп, күндерін өксумен өткізді.

Осынау азапты күндерде ол хабарлама алды. Іссапармен кеткен күйеуі жол апатынан қос жанарынан айрылыпты. Бір айналдырғанды шыр айналдырған қасіретті тағдыр осы да......
Махаббат хикаялары
Толық

Бақытқа жол ашқан қылмыс

Осыдан бірнеше жыл бұрын Айым өте бақытты болатын.Оқуын үздікке бітіріп,қуанышында шек жоқ еді.Бәленің бәрі сол диплом алған күні басталды.Сол күні достары диплом алғанымызды тойлаймыз дегенсоң Айымды құрбылары қоярда-қоймай сауық кешке алып кетті.Би билеп, достарымен өткен күндерді еске алып уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамайда қалды.Айым сағатына қарап кеш боп кеткенін біліп кетуге қамданды.Құрбыларына кеттік десе олар көнбеді.Сыныптасы шығарып салам деп еді көнбей үйіне жалғыз кетті.Жолда келе жатып алдынан 2-3 бейтаныс еркек көрінді.Айымның жолын тосып,оған тиісе бастады.Біреуі:"Қарындас жарым түнде неге жалғыз жүрсіз?Оданда жүр менімен пәтерге көңіл көтереміз."деді.Бұл Айымның намысына тиді.Жыны келіп әлгінің бетінен ұрып жіберді.Сонан кейін жігіттер қызға жабысады.Көтеріп алып көлікке салайын деп жатқанды бір жігіт келіп бұзақылармен төбелесіп кетті.Кенет бұзақылардың бірі пышақ алып жігітке сұқпақшы болып еді,бірақ пышақ өзінің досына кіріп кетті.Жараланған жігіт жерге жатып тыпыршылап жатыр еді.Бұл кезде қалғандары ізін суытып үлгерген.Айым мен әлгі батыр жігіт жаралына аураханаға апарды.Қараңғыда бір-бірін көрмеген екен.Айдарды дәрігерлер операция столына алып кетті(жараланған жігіттің аты Айдар болатын).Сол кезде Айым өзін құтқарған жігітпен танысып алды.Оның аты Ермек екен.Бір-бірінің телефон номерін жазып алды.Содан кейін Ермек Айымды үйіне апарып салды да,өзі ауруханаға кетті......
Махаббат хикаялары
Толық