Махаббат - мәңгі ертегі

Балалық бал дәуреннің уақыты өтіп, жігіт болып, тебіндеп мұрт шығып, өмірдегі өзіме тиесілі тізгінімді қолыма алғалы да біраз уақыт болып қалды. Яғни, студенттік күндер артта қалып, қызметке араласып, болашақтың босағасын тұрғызуға білек сыбана кірісіп кеттім. Әйтсе де, осы қалап жатқан босағамнан кім аттайды, ол жарымды қалай жолықтырар екенмін деп ойланып жүрдім. Өтіп жатқан көп күндерімнен ешбір айырмасы жоқ – биылғы жылдың 31-ші наурыз күні Тараз қаласына жиенімнің тойына бардым.
Той басталмай барғандықтан, құда-құдағи және құдашалармен алдын ала танысып алдық. Бір топ құдалардың ішінде, талай түндер бойы көз алдыма елестетіп, тым болмаса мына өмірде сұлбасын бір көрер ме едім деп армандаған аруымды көргенде, кенет ток соққандай «селт» ете қалдым.Таяқ тастам жерде, жан-жағына жайбарақат қарап тұрған құдашаға ебін тауып жақындап барып, тіл қаттым. Таныстық. Есімі – Меруерт екен. Тым тықақтап тіл қатып, үркітіп алмайын деп қолайлы сәтті күтуге бел будым.
Кешке басталған тойдың бастапқы абыр-сабыры өтіп, орын-орнымызға жайғасқан соң, Меруерт жаққа байқатпай көз қырымды салып отырдым.Арманымдай аруым таяқ тастам жерде отырған Еркебұлан атты жігіттің өзіне көз тігіп отырғанын білместен бейқам отыра берді.

Тамада серпіліп сөйлеп, төгілтіп тост айтып, тойға келген қонақтарға рет-ретімен сөз беріп жатыр. Менің барлық есіл-дертім Меруертке ауып кеткелі қашан.Той шіркін де созылып бітпей қойды. Тойдың аяқталуын күту себебім, тойдан соң жастар оңаша кафеде қызықшылықты одан әрі жалғастыруға уағдаласқан едік. Той бітіп, жастар жағы әлгі кафеге аттандық. Жастардың ішінде Меруерт те жүр. Тойда айтылған тілектер кейде қайталанып, кейде жаңа бір қырынан тосын тілектер айтылып жатыр. Антракт жарияланып, биге кезек берілді. Тамылжыған тамаша вальс тің әуені сызыла басталғанда, әбжіл қимылдап Меруертті биге шақырдым......
Махаббат хикаялары
Толық

Жиырма сегізінші наурыз

Жиырма сегізінші наурыз сенің туылған күнің және екеуміз танысқан күн. 2007 жыл...Сенімен танысып та, махаббаттың татті дәмін сезініп те, сенен айырылып та үлгерген жыл. Өмірімдегі сынаққа түскен қиын жылдардың алғашқысы осы шығар. Аллам қатты сынады. Отбасымызда болған жәй бір есеңгіретіп, тіпті есейтіп жіберді. Ол аздай саған деген сезімім миымды жаулап алды. Бұлай құлай сүйем деп кім ойлаған. Қалай өмір сүріп жүргенімді өзімде білмеймін. Сағаттар, минуттар сені ойлаумен өтеді. Сенімен айрылысқаннан кейін қыркүйееееек, қазааааан деген айларға жету мен үшін қорқынышты еді. Бірнеше ай емес, алдымдағы бір аптаны сенсіз елестету қиын болатын. Сенің үнсіз жоғалып кеткіненің қатты соққы болып тиді. Сенімен кездеспей тұрғанда қалай жүргенмін, білмеймін. Сенімен кездескенде мүмкін өмірдің мәнін, махаббаттың тәтті дәмін сезініп қалдым ау деймін. Жүрегімдегі махаббат сезімін ояттың да, озің жоқ болып кеттің. Сені аңсап тұратын болдым.
Сонда да пенде болған соң өз өміріңді сүресің. Сабақ. Үй. Достар. Бәрі орнымен жүріп жатты. Білесіңбе соның бәрі ненің арқасы. Жүрегімнің түбінде сенімен қайта қосылатыныма үміт бар. Өйткені сенсіз өмір сүре алмайтындаймын. Ол үмітсіз тіптен өмір сүре алмаймын. Кундер өткен сайын, уақыт өткен сайын менің бекер үміттеніп жүргенімнің белгісі еді. Сонда да үмітсіз-шайтан.
Солай сабақ бітті. Жазғы каникул. Үйдемін. Бәрі жұмыста. Күні бойы үйде жалғызбын. Ең сорақысы осы екенғой. Ой жеп жібереді. Сағынамын. Екеуміз қыдырған парктің жанынан өту тіпті азап. Жүрегім шымырлап кететін. Ой айта берсем........
Сосын күнделік жазуды бастадым. Жаза беретінмін. Жаза беретінмін......
Махаббат хикаялары
Толық

2011 жылдың көктемі еді

2011 жылдың көктемі еді... Мен колледждің 3 курс студенті болатынмын. Әдеттегінше түстен кейін жатақханаға келдім. Келсем бөлмедегі құрбыларым сыртқа шығып келейік деді. Мен шаршап тұрсам да құрбыларымның көңілін қимай, шығуға келістім. Бірақ сол күні шыққанымды ешқашан ұмытпаспын... Өйткені сол күні жүрегіме өшпес жара салған жанды кездестірдім...Оқиғаның қалай болғанын басынан бастап баяндайын...
Мен, Балнұр және Сая үшеуіміз жатақханаға жақын маңдағы аллейкаға қыдырып шықтық. Сөйтіп бір орындыққа келіп отырдық. Бізге қарама қарсы орындықта бір 3 жігіт отырды. Кішкене уақыттан соң олар біздің жанымызға келіп, таныса бастады. Арамыздағы әзілқойы Балнұр болатын. біздің әңгімеміз жарасып кетті. маған олардың ішіндегі Азамат деген бала ұнап қалды. олар біздің телефон нөмерлерімізді алды. Содан соң біз Азамат екеуіміз жақсы сөйлесіп кеттік. Біз бірнеше рет кездескеннен кейін, ол маған жүруді ұсынды. мен келісімімді білдірдім.Содан бастап менің бақытты күндерім басталып кетті. Ол дәл менің ойымдағы жігіт болатын. Мінезі көңілді, менің көңілімді көтеріп жүретін, сәл ашулансам өзінің сүйкімді қылықтарымен бәрін ұмыттырып жіберетін. Екеуміз жиі саябаққа баратынбыз, кинотеатрларға барып уақытымыздың қалай өткенін байқамай қалатынбыз. Кейін бәрі тез өзгере бастады, одан күмандана бастадым. Оның сылтаулары көбейіп, маған таныс емес достарымен жиі кездесіп қыдыра бастады. Оған звондасам ылғи жауап бермейді, жауап бергеннің өзінде қолының бос емес екенін айтып, кейін өзім хабарласамын деп, хабарласпай кететін. Мүмкін бір қиындықтар пайда болған шығар деп сұрасам "саған оның керегі не? деп дөрекі жауап қайтаратын. Мен оны қатты сүйгендіктен барлық дөрекі сөздерімен, жағымсыз қылықтарына еріксіз шыдадым. Бірақ оның неге осылай жаман жағына өзгеріп кеткенін түсінбедім...Екеуміздің арамызда бәрі де тамаша болатын, әлде оған қатты ғашық болғандықтан ба, оның ондай мінезі бар екенін байқамаппын......
Махаббат хикаялары
Толық