Ақыр түбі сезіміме ерік бердім

Тамыз айында бір жыл болар еді деп аңсап жүрген Асылдың қазір келіншегінің жүктілігіне бес ай. Менің суреттерімді сақтап қойғанын білген келіншегі маған хабарласып менің суретімді неге сақтап жүргенін сұрады. Біз ол кезде Асылмен мүлде хабарласпайтын едік, менің де жігітім оған аулақ жүруін айтып хабарласты. Осылайша оның да менің де жеке өміріміз астаң-кестең болды. Барлык проблемадан шаршадым. Оның хабарласып жаткан келіншегіне айғайды салып: Суретті сақтаған күйеуіңнен сура- деп кесіп айттым. Сол күннен бастап ол телефон соғуын доғарды. Мен де өз жігітіммен солар үшін ренжіскен өкпелеримиз жазылып бәри өз орнына келе бастады. Бірақ мен Асылды сағынатынмын, кейде түсімде де көретінмін.

Бір күні жұмыста отырсам агенттен смс жазды /мен оны өшіріп тастаған едім/. /Ассаламалейкум қадір түнді қалай қарсалдыңыз деп/. Сағыныштан сарғайып жүрген біраз ойланып оған суық жауап жаздым. Ол әңгімесін жалғастырып жағдайымды, жігітімді сұрап, қызыңа ие болмайсың ба деген сөзді артық айттым, сіздің сол сөз үшін жауап беретініңізді ойламадым кешіріңіз деп жазыпты. /бұл сөзді ол жігітім оған қоңырау шалғанда айтқан еді/. Ол өтіп кеткен нәрсе мен сіздің келіншегіңізбен ара-қатынасыңыз бұзылмасын деп әлек болсам, солай деп мені кінәлі жасағаныңызға жол болсын дедім де шығып кеттім. Кейін ол телефон соқты, номерін өшірсем де жатқа білетін едім тұтқаны көтермедім. Ол сөйлесуімді сұрап смс жазды. Біраз аптадан кейін, шаруаларым бар деп жұмысқа баралмайтынымды айтып, жұмысқа хабарластым да үйде жаттым демалып. Үйде тірліктерді бітіріп отырсам ол тағы қоңырау шалды, істерге іс жоқ үйде отырғам алып онымен сөйлестім, ұзақ әңгімелесіп кездесетін болып шештік. Онымен кездескенде бар ойымды бірақ айтам деп оқталып шыққан, оны қатты сағынғаным есімнен шығып кетіпті. Баражатырмын ойымда алай-дүлей, ақылым мен жүрегім айтысып келеді.....
Махаббат хикаялары
Толық

Қадірімді білмеген қадірлім-ау

Жұмыстан келгенімде, жұбайым Жанар кешкі ас дайындап жатыр еді. Қасына жақындап «Маңызды нәрсе айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…

Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным ашыды. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, қазір басқа жанды, Ләззатты жақсы көремін…

Келесі күні үйге кеш келдім. Әйелім үстел басында бір нәрсе жазып отыр екен. Ешнәрсе айтпай, бөлмеме барып ұйықтадым. Ертеңіне маған өз шартын ұсынды. Менен ешқандай материалдық зат қаламайтынын, тек ажырасатынымызды 1 айға дейін ешкімге айтпай, жасырын ұстауымды сұрады. Осы уақыт ішінде жақсы отбасына ұқсап өмір сүруімізді сұрады. Бұған себеп — жалғыз ұлымыз Асқардың 1 айдан соң университетке түсетіндіктен, қабылдау емтиханы кезінде отбасы ішіндегі мәселелер оған кедергі болмасын деген ниет екен. Келістім. Екінші шарты да бар. Үйленген күні, есіктен үйге оны қолыма алып кіргенімізді есіне түсіріп, 1 ай бойы оны қолыма алып бөлмемізден есікке дейін апарып жүруімді сұрады. Басында «Есінен ауысқан ба?» деп ойладым. Бірақ, өткен жылдардың құрметіне келістім.....
Махаббат хикаялары
Толық