Махаббат бәрін жеңеді

Бұл екі жанның махаббаттары өте қызық. Атыраудан мұғалім мамандығын оқып бітіріп келген Алтын деген қызды Маңғыстауға жұмыс жасауға жібереді. Содан ол қыз Маңғыстауға келіп көрмеген екен. Содан, құрбыларымен Маңғыстауға жол тартады. Сөйтіп, асыға күтіп келген Маңғыстауға да жетеді. Құрбылары бәрі бір общягіге орналасады. Содан ертесі күні қыздардың барлығын жұмысқы жан-жаққа жібереді. Алтынды сол Маңғыстау облысына бір ауылына бір мектепке жұмысқа жібереді. Ол сонда общягіге Әйтеуір әрең орналасып сонда жұмыс жасап жүреді. Күндер өте береді.Ал, ол күнде мектебіне жұмысқа барып келіп жүреді.

Оны бір жігіт сыртынан ұнатып, сол Алтынның сыртынан ол қыз менің қызым деп жұрттың бәріне мақтана айтып жүреді. Ол жігітте сол общягіде тұрады екен. Ол да осы ауылда жұмыс жасайды екен. Содан, бір күні Алтын жұмыстан келе жатқанда "и мына қыз ауылға жаңадан келген қыз ғой, жаңадан келе сала ауылға келген Шапағаттың басын айналдырып алыпты" деп кетіп бара жатқан екі әйелдің сөзін естіп қалып. Общягіге келіп қасындағы жатқан жұмыстас қызынан сұрайды "Шапағат деген баланы танисың ба?"-деп. ол қыз күліп "өз жігітін менен сұрағаны нес" -деп жауап береді.
Содан Алтын құрбысына оны танымайтынын, жана әйелдердің өзі туралы айтып бара жатқанын айтады. Сөйтіп, ертесі күні Алтынның жұмыстас қызы Динаны Шапағатпен сөйлесуін, не айтып жүргенін сурауды өтінеді. Содан кешке екеуі де жұмыстан келіп Дина Шапағатпен сөйлесуге келісетінін айтады. Дина сөйлесем деп кетіп жаңағы жігітті Алтынның бөлмесіне кіргізіп жібереді. Содан қызық Алтын оны танымайтынын айтып не айтып жүргенін айтып айғайлап айғайлап бөлмесінен қуып жібереді. Екеуінің ең бірінші танысуы осылай болады. Ертесі күн і кешке Шапағат одан кешірім сурауға тағы барады. Алтын ол кезде ұйықтап қалған болатын......
Махаббат хикаялары
Толық

Жүрекке әмір жүрмейді

Жүрекке әмір жүрмейді деген шын екен. Мен өмірімде бір жігітті кезіктірдім(досымнын туған күнінде).Бір көргеннен ғашық болдым. Сол вечерде таныстық, сөйлестік,тел.ном сұрагасын бердім. Адамдар тарқасып жатты, қоштасарда бетімнен сүйейін деді.Сүйгізбедім. Себебі бұл менің алғашқы жігітпен танысуым еді. Ол - неге? деп сұрады.
Болмайт,дедім. Содан ертесі соқпады. Мен күтіп жүрдім. Себебі ғашық болғандаймын. 2ші куні соқты. Сөйлестік,сырластық. Күнде солай жалғаса берді. Оның айтуы бойынша қызы жоқ екен. Бірақ ол жайында сұрастыра келе олай емес екен. Қаламыздың барлық қызымен жүргендей бәрі таниды екен.
Бірақ мен құлай ғашық болдым сол жігітке. Одан сұрадым шындығын жасырмады, жүріпті талай қызбен(әдемі жігіт өзі). Бірақ ол айтатын қай қызға барсамда саған айналып келем,себебі сені шын сүйем, саған тиіспейм деді. Талай айлар сөйлестік, кездестік. Басқа қызға баратынын білсемде күттім оны, маған оралар дедім, сүйдім оны, бірақ оның артынан жүгірмедім (намысым жібермеді). Әйтеуір бір күні келер дедім. Содан өзі хабарласқысы келген кезде хабарласты. Бірақ мен ешқашан оны іздеп соққан емеспін. Одан жылдар өтті сөйлесіп жүрміз әліде. Енді маған үйленейік дейді. Мен оған "жоқ" деп қарсылығымды айттым. Себебі ойландым, мен оны қанша қатты сүйсемде,намысымды таптауға жол бере алмадым. Ол қазірдің өзінде басқа қыздарға барып тұрып, мені сүйседе қарсы болдым. Себебі бұл әдетін маған үйленген жағдайда да қоймас еді, оның еті үйренісіп кеткен соған. Мен оны әліде сүйем......
Махаббат хикаялары
Толық

Сұлуды аңсап сор қума

Көшеде келе жатып, үйленді деп естіген танысыма жолықтым. Аялдамада әңгімелесіп отырып қалдық. «Құс құтты болсын» деп қолын алдым. Ол қуана қоймады. «Келін қайдан?» дедім. «Солтүстіктен» деді. «Келініңіз міне мынау» деді соткасынан көрсетті. «Үлбіреген періште ғой мынауың» дедім. «Баяғыда біреу елдің Ыбырайы Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай деген екен, соның кебін киіп тұр бірақ» деді ол өкінгендей. Сөйтті де: «Жаңағы үлбіреген бет мені алдап соқты ғой» деді күрсініп. «Неге?» деп мен шошып кеттім. «Келін тура жиырма сегізде, бір баламыз бар. Келісті денеге, үлбіреген бетке мәз болып, бәріміз алданыппыз. Алғаш көргенде үй ішім де қуанған. Бәрі оны періштеге теңеген. Сөйтсек, салақтың салағы, көк долы болып шықты. Алғаш анам ары үйретті, бері үйретті. Бір дастархан жиюды бір апта үйретті. Әйелге тән қасиеттердің бәрін үйрету мүмкін емес. Ыдыс-аяқты таза ұстау, үйді жию, бәрінен мақұрым. Анам үйрете-үйрете ығыры шығып, бізді бөліп қойды. Бөлек тұрғаннан кейін дастарханды ашып қалсаң, не жоқ. Шаш қыстырғыш, вареньенің үстінде өлген шыбын, тазалап отырып нан жейсің. Айтсаң, бәлеге қалдың, тілі ұзын, шулатып жібереді. Адам өз кінәсін түсініп, ұялушы еді. Бұл шу шығарып, қорқытады. Жуылмай үйілген ыдыс, төсекті бір аптада бір жинамаймыз. Жата кетеміз. Мені де үйретіп алды. Бірде үйде кіре беріп, жуылмаған ыдыс-аяқтың арасындағы горшокты қағып кеттім. Неге төкпейсің, баққаның бір бала, неге үйге қарамайсың деп еркек болып ұрыстым. Жап аузыңды, менде бар қол, сенде де бар, алып тастап өтпейсің бе деді ол. Кісі келеді десе, зар жылайды......
Махаббат хикаялары
Толық

Адалдық және махаббат

Бүлдіршіндей мөлдіреген жас қыз қос жанары мөлтеңдеп жігіт ағасы болып, әбден толысқан ердің қасында отыр. Ол жігітке: «Мен сені шын жүрегіммен сүйемін, сенімен бірге болсам ғана болғаны, қазір мен сені есімнен адаса сүйіп қалдым» деді.

Қарсысында отырған ересек ердің көздері ұзаққа қадалды. Өңінен көптеген ой ұшқындары жылт етіп қалады. Ол енді ғана 20 жасқа толған, өзінен 15 жас кіші жас қызға қарап ұзақ отырды. Терең тыныс алды да: «Сен осыншама сұлу, жассың, сенің айналаңда соңыңнан түсіп жүрген өзіңе лайық жас жігіттер өте көп қой. Қалайша менi мұнша сүйіп қалдың?» деп сұрады.

Қыз қос жанарын жігітке қадап, терең сүйіспеншілікпен: «Өйткені, олар жас, келбетті, мені қаншалық жақсы көргендерімен, сіз сияқты әр істе салмақты, әр істе нәтижелі, терең ойлы, қолынан үлкен істер келетін адамдар емес, нәтижесі шыққан бір істері, қызметтері де жоқ. Еш жұмыстың жөнін білмейтін бауырымды ертіп жүргендей боламын. Мен сіздің нағыз еркекке тән жан-жақты мінезіңізді, қолыңыздан көптеген жұмыстарды атқару келетінін, өмірге деген көзқарасыңызды, құн көзқарасыңызды, қысқасы мен кішкентай ұл бала емес, қайта сіз сияқты ересек, нағыз ерлерді сүйемін» деді мейірлене жымыңдап......
Махаббат хикаялары
Толық

Жүрекке әмір жүрмейді

Мен өз оқиғамды айтып шер тарқатқым келеді. Мен 7-сыныптын соңына қарай алғашқы махаббатымнан көнілім қалып кетти. Себебі ол менің атымнан агентте мені жақсы көретін бір балаға сөз салыпты. Ол баланы басында ұнатпайтынмын. Кейін ол балаға өзім емес екенімді айтып жүрмей ақ қояйык дедім. Содан екеуміз дос ретинде араласып жүрдік. Есімін Д деп айта берейін. Өзім кішкентайымнан бала ұксап жүргендіктен жігіттерге қызықпайтынмын. Алғашқы махаббатымды қанша қимасамда ұмытуға тырыстым. Отбасы жағдайына байланысты 8-сыныпты баска ауданда окыдым. Ұмыту үшін көп жігіттермен араластым. Әр демалыс сайын ауылға келетінмін. Д мен агентте ғана сөйлесетінмін. Кейін ватсапта да жазысып жүрдік. Анда санда телефонмен сөйлесетінбіз. Ол менен 1 сынып жоғары оқиды. Екеуміздің нөмеріміз екі түрлі болатын. Мен актив ол Теле 2. Д әр сөйлескен сайын маған Теле 2 номер алшы дейтін. Мен бір күні ашуланып алмаймын дедім. Ол жарайды өзін біл деп өшіріп қойды. Одан сон мүлдем қоңырау шалмады.

Жаз болды мен үйіме келдім. Бір күні теле 2 ном алдым. Бірақ Д ға айткан жоқпын. Сыныптастарымның көбісінде теле 2 бар еді солармен сөйлесіп жүре бердім. Бір күні Д ға звандадым. Біріншісінде не айтарымды білмей қойып қойдым. Ол өзі звандады. Солай күніге сөйлесіп жүрдік. Күннен күнге ұната бастадым. Бір күні сөз салды келістім. Жүріп жүрдік. .....
Махаббат хикаялары
Толық