Жұмағали Саин (Құлпыра берші, кең дала)

Құлпыра берші, кен, дала,
Гүліңді күнде терейін!
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін!
Жасауыңды жайнатып,
Алдыма тегіс үйейін,
Нәрестедей балдырған,
Қуанып сақ-сақ күлейін.
Құлпыра берші, кең дала,
Қызығып күнде қарайын!
Махаббат, шаттық бәрін де
Бір өзіңнен табайын.
Гүліңді құшып күн сайын,
Кең бақшаңда жүрейін,
Қанбағандай құмарым
Тағы да сақ-сақ күлейін......
Өлеңдер
Толық