Жұмағали Саин (Орыс халқына)

Қанды майдан дауылдардан бірге өткен
Аға халық, сенімен бір өмірім.
Досқа күндей, жауар бұлттай жауға өктем
Өз туысым деп атамас сені кім!

Орыс ұлы, сені қалай жырламай,
Егер менде жүрек болса адамдық!
Мен барыммен борыштымын бір саған,
Сен туғыздың, қайта біздер жаралдық ......
Өлеңдер
Толық