Қошқар мен теке

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Өздері кедей екен. Күн көрерлік бар малы – бес қой мен бес ешкі екен. Олардың сүтін ішіп, құрт, майын және жыл сайынғы өсімді төлін сойып жейді. Терісін, жүн-жұрқасын үстеріне киім қып киеді. Бес қой мен бес ешкі не көбеймейді, не азаймайды.
Бес қой мен бес ешкі өріске өздері жайылып, бұлаққа өздері барып, су ішіп қайтады. Олар не ит-құсқа, не ұры-қарыға жем болған емес. Шал мен кемпір оларды кешке өрістен қайтқанда түгендеп, қораға кіргізіп алады да ертемен түгендеп, шығарып салады. Бес қой мен бес ешкіні аман-есен сақтап, бағып-қағып өсіретін бақташы да, күзетші де қошқар мен теке еді.......
Ертегілер
Толық

Қарттың ұлына өсиеті

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:
— Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, – деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:
— Неғып отырсың? – дейді.
Жігіт:
— Жәй отырмын, – деп жауап береді.......
Ертегілер
Толық