Есекмерген

Бір кісі өлер алдында артында қалып бара жатқан жалғыз баласы Есекмергенге өзінің басынан өткендерін айта келіп:
«Балам, сен аң аулап жүріп жалғыз орманға барма. Бара қалсаң, тақыр жердегі молаға түнеуші болма», – дейді.
Баласы: «Мақұл» дейді. Бірақ бала есейген сайын: «Әкем маған неге орманға барма деді? Осы орманға барып моланы, тақырды бір көрейінші», – деген ойға келеді де бір күні садағын асынып орманға келеді. Бала жас болса да батыр, құралайды көзге ататын мерген екен. Өзіне-өзі сенімді, орманды емін-еркін аралап, құс атып алады, оларды пісіріп жейді. Ақырында, орманда түнейді. Түнде үш ағаштың басын құрастырып от жағып, жол қазанына ет асып отырғанда, қасына ұзын бойлы бір жезтырнақ келеді......
0 + 0 -