Ағыбай шал

Өткен заманда бір мерген болыпты. Ол мергенді «Қарамерген» деп атайды екен. Қарамерген аң аулап, көп жүріп, ақырында жайылып жүрген екі маралға кездесіпті. Қарамерген мылтығын алып, маралдарды атқалы көздепті. Сол кезде маралдар: «Атпа бізді!» – депті. Қарамерген маралдың адамша сөйлеп, «атпа» дегеніне таңырқап тұрып: «Неге?» – деп сұрады. Маралдар: «Неге екенін Ағыбай шалдан сұра», – деп жауап қайырыпты. Қарамерген атуды қойып, Ағыбай шалды іздейді. Неше күн, неше түн жүріп, арып-талып, ақырында Ағыбай шалдың ауылын табады. Ағыбай шалдың үйіне келсе, жағын жібекпен таңған бір кәрі шал отыр екен. Ағыбаймен көрісіп амандасады. Ағыбай шал бұл жігіттің алыс жерден келгенін қалпынан сезіп, бәйбішесіне қымыз......
Ертегілер
Толық