Дос туралы мақал-мәтелдер (жолдас)

Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малын бер,
Көре-көре сүйінсін.
Көңіл қалған досыңа,
Жаратпаған малын бер,
Көре-көре күйінсін.

Ұстамен дос болсаң, наркескенін аларсың.

Достың ұлы - өз ұлың.

Біреуге беріп жағасың,
Біреуге еріп жағасың.

Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.

Доссыз өмір - шоғы жоқ көмір.

Мақал-мәтелдер
Толық

Айбек Бестенқұлов (Дос тілегі...)

Көздері қуанатын беті күле,
Жансерік жаңа өмірдің шеті міне.
Қыста аяқ киімді ойламайсың,
Қарық болдың әскери етігіне.
Ендеше жаңа жұмыс құтты болсын,
Жарасын жақсылықтың тетігіне.
Абай атам айтпақшы.....
Өлеңдер
Толық