Дінтану | Тәрбие және ислами тәрбие

Араб тілінде тәрбие сөзінің үш түрлі түбірін кездестірге болады.
1. Раба- ярбу; көбейту, арттыру мағынасына келеді. Құранда Рум сүресі 39- аятында осы мағынада қолданылған.
2. Раба- ярби; пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді.
3. Раба- яруббу; реттеу, арылту, басқару, жауапкершілікке алу, тәрбиелеу деген мағыналарға келеді. «Раб» сөзі тәрбиелеуші реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы Аллаһ тағаланың есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет айтылады. Құранда ең көп айтылатын «Аллаһ» сөзі 2799 рет айтылса, екінші орында «раб» сөзі тұрады.
«Раб» сөзі негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына қолданылады. Сондықтан да Құрандағы мағынасы осыны меңзейді. Негізгі мағынада қолданар болсақ, бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді жоқтан бар еткен, Аллаһ тағала үшін қолданылады. Тәрбиенің білушінің білмейтінге үйретуі десек те болады. Тәрбие, алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі буын өкілдеріне ілім-білімдерін үйретуі деп айтқандар да бар. Тәрбиеден мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа, адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы менезді адам үшін «тәрбиелі», жаман мінезді адам үшін «тәрбиесіз» деп қолданылады. Тәрбие сөзінің «әдеп» сөзімен байланыстылығы да бар. Әдепті адам деген кезде тәрбиелі адам, әдепсіз адам деген кезде тәрбиесіз адам ойға келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық