ҮНДІ қыздарының шашты ЖЫЛДАМ өсіретін оңай үш

Ғалымдардың зерттеуінше, неғұрлым шаш ұзын болса – соғұрлым әйелдің нәзіктігі артады екен. Олай болса, шашыңызды өсіріңіз. Қалай? Фото: zastavok.net Фильмдерден, клиптерден шашы қысқа үнді қызын көргенсіз бе? Жоқ! Олардың бәрінің шашы ұзын. Өйткені, олар осы үш әдісті қолданады. Шаш өсіру үшін сіз де пайдаланып көріңіз. Гүлді өсіру үшін оған күтім жасау керек. Дәл сол сияқты шашты өсіру үшін де оған арнайы көңіл бөлген дұрыс. Бұл тұрғыда гүлге қажетті суды шашқа арналған нәрлендіргіш маскаларға теңеуге болады. Осы орайда үнді қыздарының шаш өсіруде қолданатын әдістерімен таныс болыңыз. ......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Күн мен түн теңелген кездің денсаулыққа әсері

Күн мен түн теңелген сәтте солтүстік шығыстан көтеріліп, солтүстік батысты бетке айнала қозғалған Күннің энергиясынан Жер бетіндегі тіршілікке жаңа тыныс беріледі.

Қар ызғары топырақтан түгел ажырайды. Кейде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ағаш діңі ісініп, босаңсып, бүршік жаруға дайындала бас тайды. Жер дегі көктің қалдығы қайтадан нәр алып, тіріледі.

Табиғаттағы өзгерістің бәрі тіршілікке оң әсер етпеуі мүмкін. Бұл шақта қыстан шыққан адамның ағзасы әлсірейді, созылмалы аурулар асқынып жатады. Жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілетін шаққа халқымыз ертеден қамданып, соғымынан, басқа да жылы-жұмс ғынан қалдыратыны содан. Әсіресе бүйрегі, бауыры ауыратын адамдарға бұл кез ауыр соғады. Дегенмен бұл – өтпелі кезең. ......
Кеңестер
Толық

Киімге жабысқан сағызды қалай тазалауға болады

Мұндай қолайсыз жағдайға тап болған жан араларыңыздан міндетті түрде табыларына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, қоғамдық орындарда киіміне сағыз жабыстырып алып, одан қалай «құтылудың» жолын таппай жататындар көп кездеседі. Ендеше, киімге жабысқан сағызды тазалаудың жолдарын қарастырып көрелік.
Жалпы, сағызды киімнен тазалау үшін ол киімнің материалына, түр-түсіне, сапасына аса мән берген жөн. Мысалы, түсі оңып кететін маталарға сағыз жабысқан жағдайда ацетон немесе спирт, сондай-ақ ыстық суды да қолданбаған жөн.
Тоңазытқышқа салу
Ең оңай, әрі тиімді тәсіл сағыз жабысқан киімді полиэтилен қапқа (пакет) салып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қою. Осы уақыт ішінде сағыз қатып, өзі түсіп қалады. ......
Кеңестер
Толық

Пайдалы кеңестер Киімді дұрыс тазалау жолдары

Жаңадан алған киімімізге байқаусызда бір нәрсе тамызып, төгіп алып, кетіре алмай жатамыз. Немесе қымбат киімді «бүлдіріп аламын» деп, киюге қимай, гардеробта тоздырамыз. Сондықтан назарларыңызға киім жуып, тазалағанда пайдасы тиетін кеңестерді ұсынамыз.

✅ 1. Жиырылып қалған трикотаждан жасалған киімді дымқыл матамен сулап, үтіктеу керек.

✅ 2. Ақ түсті жүннен жасалған киімдерді ағарту үшін арнайы дайындалған ерітіндімен жуу керек. Ерітіндіні дайындау үшін 10 литр суға 2 ас қасық сабын салып, араластырыңыз. Киімді 2 сағаттай ерітіндіде ұстап, уақыт өткен соң, жуу керек. Жүннен жасалған киімді ыстық немесе салқын суда жууға болмайтынын ескеріңіз. Сондықтан суыңыз жылы болсын. ......
Кеңестер
Толық

Ата ана есіңде ұста Ғалымдар айтқан он қағида

Балаға деген тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл – кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланыста болуы керек. Біз бүгін оқырмандарға ғалымдар айтқан ата-ананың есінде жүруге тиіс он қағиданы ұсындық.
1) Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір – қасиетін, ар – намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым – қатынас жасаған абзал.
2) Тәкаппарлықтың нашар қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.
3) Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі ең жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе оған қарай жауап береді. ......
Кеңестер
Толық

Жүрек қан тамыры ауруларынан арылудың 3 тәсілі

Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды не мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды. Еуропада жыл сайын осы ауру салдарынан шамамен 3 миллион адам қайтыс болса, Ресейде 1 миллион адам, ал Қазақстанда 80 мың кісі осы аурудан көз жұмады. Жүрек-қан тамыры ауруларына әкеліп соқтыратын басты себептер қандай? Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр. ......
Кеңестер
Толық