Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады

Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.

Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?

Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.

Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет. ......
Кеңестер
Толық

50 түрлі дертке дауа болатын ерекше өсімдік

Қара зере (черный тмин) — ерекше емдік қасиеті бар өсімдік.
Қара зеренің жиырмаға жуық түрі бар. Өсімдік дәнінің түсі қара болып келеді, оның «қара зере» деп аталуының себебі де осы. Қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. 1960 жылы профессор Дахакна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген. Ал 1992 жылы Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталған. Сондай-ақ ол қатерлі ісікті емдеу үшін де қолданылады.
Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ерекше мақтаған бұл өсімдік бар дерттің дауасы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Араб елдерінде «пайғамбар өсімдігі» аталып кеткен қара зеренің пайдасы айтарлықтай. Медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В дәрумендері, линолей, олеин,пальмитин, эйкозен, стеарин, альфа-линолен қышқылдары құрайды. ......
Кеңестер
Толық

Ерлі зайыптылардың миына 10 минуттық саяхат

Ерлі-зайыптылар жұмыстан қайтқанда екеуі екі түрлі ойланып келеді. Ер адам шаршап келе жатқандықтан, миы жай істеп тұрады да, 10 минутта бірнеше нәрсені ғана ойлай алады. Әйел адам да шаршап келе жатады. Бірақ, оның миы белсенді жұмыс жасайды. Сенбесеңіздер, әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық.

Ер адам:

- Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай...

- Дүкеннен не аламын?

- Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым... ......
Кеңестер
Толық

МЫНА 50 КЕҢЕСТІ ҚЫЗЫНА ЖИІ АЙТЫП ТҰРУ ҚАЖЕТ

1. Мен білемін, сен кейде маған ренжіп қаласын, бірақ мен сені бәрібір жақсы көремін
2. Кейбір сөздер көпір соға алады. Ал, кейбірі сол көпірді жойып жіберуді мүмкін. Сондықтан әрбір айтқан сөзіңді сананнан өткізіп айт.
3. Сенің шаңырағын - сен тұратын орта емес, сені жақсы көретін орта.
4. Бірінші болып кешірім сұрау әлсіздікті білдірмейді
5. Ешқашан жігіттің соңынан жүгірме, ең дұрысы, олар өздері сені тапсың. Егер сен нағыз азамат дос жігітті кездестірсең, оның жүрегінен орын алуға тырыс. Сендердін арақашықтыктарын қарым-қатынастарына еш кедергі болмау керек.
6.《Жоқ》деген сөзді айтып үйрен, және бұл сөзді қолдануға еш қаймықпа.
7. Біреуге игі істі жиі жасап тұр.
8. Дүние сені бақытты етпейді. ......
Кеңестер
Толық

Тұрмысқа шықпайынша жасауға болмайтын 10 іс

Сіздің жаныңызға жақын сүйіктіңіз бар делік. Қарым-қатынастарыңыз жақсы, алайда той туралы әлі сөз қозғаған емессіздер. Осындай өтпелі кезеңде істеуге тыйым салынған заттар бар. Солардан аулақ болыңыздар.
Оған немесе оның отбасына қарызға ақша беру
Қарым-қатынасты құртудың бірден-бір амалы - қарыз беру немесе алу. Әрине жігітіңіз ақшаны мейлінше тез қайтаруға тырысады, алайда оған мүмкіндігі бола алмай қалуы мүмкін. Араңызда түсініспеушілік орнап, ақша қайтарылмағанша жайсыздық сезінесіздер. ......
Кеңестер
Толық