Құқық | Азаматтық сот ісін жүргізу

Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау болып табылады. Заң нормаларын сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Осыған орай мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықпен күресу, халықты заң ережелерін сақтауға үйрету еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да жүктелген.
Соңғы жылдарда азаматтық және қылмыстық істер қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер 2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасына жаңа ережелер енгізіп, соның арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға мүмкін болғанына да байланысты болып отыр.
Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып жатырмыз. Ал демократия – адамдардың Конституциялық құқықтарының, бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматтардың құқықтары бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы, дер кезінде қалпына келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдері шығару сияқты келеңсіз жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі....
Курстық жұмыстар
Толық