Құқық | Конституциялық құқық

Конституциямен бекітіліп, реттелетін қоғамдық қатынастар маңызды болғандықтан, конституциялық құқық, Қазақстан құқық салаларының арасында жетекші рөл атқарады. Құқық жүйесіндегі конституциялық құқықтың жетекші рөлі төмендегі мәселелер арқылы көрінеді: біріншіден, конституциялық құқық қоғам мен мемлекет құрлысының негізгі қағидаларын құқықтық формада бекітеді; екіншіден, конституциялық құқық барлық қоғамдық үрдістерді басқарудың жалпы негіздерін анықтайды; үшіншіден, конституциялық құқықтың нормалары құқықтық актілердің түрлерін, оларды қабылдайтын органдарды, актілердің заңдық күштерінің ара салмағын анықтайтындықтан, конститу¬циялық құқықтың нормалары құқықтың жасалу үрдісін реттейді.
Конституциялық құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі. Конституция¬лық құқық ғылым болғандықтан оның өзіне тән оқытылатын пәні, зерттейтін объектісі, әдістері, деректік негіздері бар. Конс¬титуциялық құқық салалық заң ғылымдарына кіреді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Заңды тұлғалар

Менің курстық жұмысым, яғни “Заңды тұлғалар” тақырыбын таңдағандағы алдыма қойған мақсатым мынадай:
– негізнен заңды тұлға дегеніміз не?
– ол қандай түрлерге бөлінеді.
– оның органдары мен белгілері.
– заңды тұлғаның пайда болу, қайта құрылу және өзгертілу ережелері және де оның өкідіктері мен филиалдары жөнінде, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкестігін білу болды.
Енді осы тақырыпты алу мақсатында іздеген кезімде көртеген мәліметтер жинадым. Оның ішінен осы тақырыпты қысқаша түсіндіре алатындай анықтамалардан үзінді келтіре кететін болсам:
Заңды тұлға дегеніміз-өзінің оқшауланған мүлкі бар, сол мүлік шегінде жауап беретін және сот алдында жауапкер және талапкер бола алатын ұйым.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.

Коммерциялық ұйымға: -Жеке кәсіпкерлік.
-Шаруашылық серіктестік.
-Өндірістік кооператив.
-Акционерлік қоғам.
Коммерциялық емес ұйымға: -Мемлекеттік кәсіпорын
-Мекеме: 1. мемлекеттік
2. жеке меншік
-Қоғамдық бірлестік.
-Діни бірлестік.
- Қор.
- Тұтыну кооперативі.
- Акционерлік қоғам,-жатады:
Заңды тұлғаның филиалдары-бұл азаматтық кодекстің 43-бабына сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады.
Мүліктік оқшаулық-заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуі.
Заңды тұлғаның органдары-бұл заңды тұлғаның заңнамалық актілерімен немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері болып табылады.
Дербес мүліктік жауапкершілік-бұл заңды тұлға құрылымына қарай өз мүлкі үшін сот алдында жауапты болып саналады.
Құрылтай шарты дегеніміз-заңды тұлғаның қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін ішкі тәртіп бекітілген шартты айтамыз.
Ендік осы тақырып аясында ашып қарастыратын болсақ ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Заңды тұлға ұғымы

Кез келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген болашақ заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс.
Осы қағидаларды ескере отырып, мен, болашақ заңгер ретінде өз елімнің азматтық құқығы, оның ішінде ел эконмикасын көтеруге бірден-бір себепкер бола алатын Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ұғымы, түрлері, құқық қабілеттілігі және пайда болуы мен тоқтатылуы жайлы, аз да болса өзімнің теория жүзінде жинаған білімімді ортаға салуым қажет деп ойлаймын.
Қазіргі уақытта болып жатқан әлемдік дағдарысқа байланысты тек Қазақстанның ғана емес, дүние жүзінің кез кезген мемлекетінің экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік жағдайын т.с.с. көптеген салаларының деңгейін көтеруге тікелей атсалыса алатын, осы - заңды тұлғалар екенін ескере отырып, мен, жоғарғы оқу орындарына арналған ҚР Азаматтық құқығы пәнінен заңды тұлғалар тақырыбында курстық жұмыс жазуды жөн көрдім.
Менің осы, курстық жұмысымды оқу барысында еліміздегі заңды тұлғалар жайында толығырақ танысарсыздар деп үміттенемін ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Іс жүргізу құқығы

Заң ғылымдарында құқық нормаларын материалды және іс жүргізу деп екіге бөлу қалыптасқан. Материалды құқық нормалары материалды құқықтық нормаларды құқық бұзушылықтан қорғаудың тәртібін қалыптастыратын құқықтық қатынастардың мазмұны мен іс жүргізу нормаларын реттейді. Іс жүргізу нормалары қылмыс және басқа да құқық бұзушылық жасалған, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіністікке келе алмай сотқа жүгінетін сияқты қатынастардың барысында туындайтын, арнайы құзыретті органдар іске асыратын құқық қолдану түр пішінде көрінетін құқық қорғау үрдісін реттейді. Барлық іс жүргізу нормалары құрамына қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және екі материалды: конституциялық және әкімшілік іс жүргізу нормалары кіреді.
Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу. Бұның барлығы іс жүргізу құқығы саласына жатады. Сондықтан, іс жүргізу құқығында құқық қолдану іс-әрекеті құқық қорғау органдарының көмегімен іске асырылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Азаматтық құқық ғылымы

Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық ғылымының пәні аталған кұқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтыц тарихы, оның даму келешегі мен тожірибеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық қүқық үғымының өзі қүкықтың саласы және заң ғылымыньщ жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде қүқықтық нормалардың жиынтығы, екіншісінде — білшнің жиынтығы арқау болады.
Азаматтық құқық ғылымы сол қүқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетендікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар Азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | АЛАЯҚТЫҚ

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, осы тәуелсіздіктің алуына куә болған азаматтар өмірінде көптеген өзгерістер болды. Өмір, идеялар, құндылықтар, формация – барлығы аяқ астынан аударылып түсті. Жеке меншік, азаматтық қоғам, жеке кәсіпкерлікті реттейтін азаматтық құқық “басын көтеріп”, терең тыныс алуға мүмкіншілік алды.
Қылмыстық құқықта да қылмыстық заң қорғайтын құндылықтардың жаңа иерархиясы бекітілді. Ол иерархия адамның ажырамас табиғи құқықтары мен бостандықтарына негізделген болатын .
Нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайларында, меншіктің жаңа түрлері пайда болу кезеңінде, меншіктің барлық нысандарын берік қорғауға қажеттілік туындады. Бұл міндет, әрине, жас мемлекетімізге жүктелді.
1997 ж. Қазақстан Республикасында Қылмыстық Кодексті қабылдау - әлеуметтік және саяси салалардағы ірі өзгертулердің объективтік қажеттілігі болды. Бұл, әсіресе, еліміздің Конституциясын қабылдаумен байланысты болды. Себебі, Конституция мемлекетіміздің қағидаларын, құндылықтарын, бағыттарын анықтап бекітті. Жаңа кодексті қабылдау қылмыстық құқық ғылымы алдына, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстарға байланысты және сот-тергеу тәжірибесінде қолданылатын заңнамалық новеллаларды зерттеу бойынша міндет қойды.
Еліміздегі салыстырмалы тұрақсыздық және меншікке қарсы қылмыстардың кең таралуы – олармен күресудің қылмыстық-құқықтық әдістерін тұрақты түрде жетілдіруді қажет етеді. Ең алдымен қылмыстық заңнамадағы “ақ дақтарға” көңіл бөлу керек. Себебі, егер қылмыстық жауаптылық тек қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттер үшін туындайтынын ескерсек, онда бірқатар әрекеттер тиісті жазалаусыз қалатынына қауіп бар. Сондай-ақ осы “ақ дақтардың” болуы салдарынан, бір әрекетті өзге қылмыс құрамымен саралау жағдайлары болуда.
Сол сияқты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын жетілдіру қажет екендігі рас. Себебі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құқыққа жатады.
Заң ғылымының әдебиеттерінде, ғалымдар меншікке қарсы қылмыстардың ішінен “алаяқтық” қылмысын ерекше атап өтеді.
Алаяқтықтың қоғамдық қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке зиян келтірілуінде.
Алаяқтық қылмысы мүліктік қылмыстар арасындағы салыстырмалы түрде аз тараған, 5,5% қана, бірақ оның үлесі күннен күнге ....
Курстық жұмыстар
Толық