Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша айналымын ұйымдастырудың принциптері

Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әртүрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы , шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы , халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтар арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесінде жалпы ұлттық өнімнің ( ЖҰӨ ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымынын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халық арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. ....
Подробнее

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақшаның қажеттілігі пайда болуы және мәні

Ақша жүйесі және оның түсінігі туралы тақырыптың негізгі бөлімінің бірінші бөлігінде,ең алдымен ақшаның түсінігі туралы және ақша қай кезден бастап пайда болды деген сұрақтарға жауап береміз.Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ,ақша-бұл барлық өндірістік қатынастардың жиынтығының маңызды буыны және онсыз тауар өндірісі өсір сүре алмайтындығы жайлы мәселе.Сонымен қатар ақша қажеттілігіне байланысты ежелгі дәуір кезеңіндегі ірі ойшыл , ғалым К.Маркстің берген түсінігі және одан бөлек Дж. Доланның,Д.Кэмпбеллдің сызбасымен танысамыз.Бұдан басқа ақшаның рационалистік және эволюциялық түрлерімен танысамыз.
Ал екінші бөлігінде,жалпы әр мемелекетке тән ақша жүйесі туралы түсінік және оның жекелеген элементтері туралы ұғым толықтай ашылып көрсетіледі.Бұнда,ақша жүйесі дегеніміз-тарихи қалыптасқан,әр мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы болып саналады.Ал негізгі элементтері ол ақша жүйесін ұйымдастыру принципі;ақша бірліктерінің атауы;ақша бірліктерінің түрлері ;ақша айналымын реттеу тетігі және валюта бағамы туралы.Бұдан басқа ақша жүйесінің монометаллизм (алтын немесе күміс) және биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрін қарастырамыз.
Үшінші бөлігінде,ақшаның пайда болу тарихына жалпы сипаттама,яғни ақшаның өте көне заманда-ақ ,тіпті мемлекеттер құрылғанға дейін қолданыста болғаны туралы.Ал содан кейін біздің Республикасындағы ақша жүйесінің құқықтық негіздері туралы,яғни белгілі бір құқықтық нормалармен ретке келтірілген,еліміздің ақша айналымын жоспарлы түрде ұйымдастыратын нормалар мен тәсілдердің жиынтығына тереңірек тоқталамыз. ....
Подробнее

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қажеттілігі және экономикалық маңызы

Ақшаның адам өміріндегі орны қандай?
Ақша деген не?
Ақша – ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметін атқаратын және жалпыға бірдей балама, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысында үнемі ақша бірлігімен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнім. Ол натуралдық шаруашылықтың тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болады. Осы ауысу кезеңінесебеп болған адамдардың шығарылған өнімдерінің артық болып, «айырбастау» процесінің шығуы. Айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды. Сөйтіп натуралдық-өндірістік орнына тауарлы өндіріс келді.
Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделікті айырбастауда эквивалент болып келді: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды.
Осы монеталардың пайда болуы –ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Металдар мыс, күміс, алтын түрінде болды. Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі, айналыс құралы, қор және жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Мынадай түрлері бар: метал ақша, қағаз ақша несие ақшалары.Ақша тауарлы өндіріске қызмет етеді, сондықтан ақшаның қызметінің нәтижесі және оның осы өндірістегі маңызы болады. Мемлекет өзінің кіріс шығысының бәрін ақшаға шағып, өзінің керегіне жарату үшін бюджетке тиісті түсімдер түіруі үшін ақша маңыздылығы мен қажеттілігі мол.....
Подробнее