Экономика | Өнім сапасы және оның бәсекеге жарамдылығы

Тауар - дегеніміз қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Нарықтык экономика жағдайында оған деген ынта, қолдану, пайдалану және тұтыну шарттары жүзеге асырылуы тиіс.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылар қабілеттеріне және тауар бағасына байланысты.
Кәсіпорынныц бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз кәсіпорынның экономикалық, техникалық, ұйымдастыру мүмкіндіктері және оның өз бәсекелестері алдындағы артықшылықтары.
Өнім сапасын басқару - тауар сапасына әсер ететін факторлар мен жағдайларға мақсатқа сай ықпал жасау жолымен өнімді жасау, өндіру, айналдыру мен пайдалану кезінде қажетті, сапа деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету мен ұстау.
Тұтынушының мүддесін қорғаудың құқықтық, нормаларының сақталу деңгейімен, буып-түюдің (орамының) сапасымен, сақталу жағдайымен, сатумен, жабдықтаумен, кепілдікті қызмет етуімен және жабдықтаумен, кепілдікті қызмет етуімен және т.б. анықталатын нақты тұтынушының қосымша қажеттіліктерін қанағаттандырылу деңгейі.
Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:
- әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
- нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып —шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады, және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады.
Нарықтық экономика жағдайында өнім (тауар) сапасының көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды. Ол қажеттіліктерді қанағаттандырумен тығыз байланысты. Сондықтан, өнімнің сапасы оның жиынтық қасиеттері ретінде анықталады және оның мақсаттарына сай кейбір қажеттіліктерін қанағаттандыруға себепкер болады.
Сапаны шығынды қысқарту мен халықаралық бәсеке жағдайында тіршілік ету негізі деп қараған жөн. (Сапа - материалдық ресурстарды үнемдеу, өйткені өнімнің қызмет ету мерзімі ұзарады, бұл ресурстарды үнемдеуге әкеледі. Сонымен қатар, ол - бәсекеге деген мүмкіншіліктің негізі).
Өндіріс сапасы мен тиімділігі арасында тікелей байланыс болады. Басқадай тең жағдайларда өндірілетін өнім сапасы жоғары болған сайын өндіріс тиімдірек. Сапа қайсыбір өндіріс (бөлімнің және т.б.) буынының немесе басқару деңгейінің артықшылығы болып саналмайды. Сапа - шын мәнісінде баршаның және әркімнің мақсатты ісі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР ң агробизнес негіздерін талдау Берік ӨК

Еліміз өз егемендігін алып, ауыл шаруашылығында экономикалық реформалардың өркендеуінің нәтижесінде нарықтық қатынастарға өту жылдамдады. Бұрынғы ұжымшар, кеңшарлар таратылып, әрбір ауыл, отбасы өзінің жер және мүлік үлестеріне ие болды. Мемлекетімізде көпукладты агроқұрылымдардың агробизнесін ұйымдастырудың құқықтық негізін қолдау мақсатында: “Шаруа (фермер) қожалығы”, “Өндірістік кооперативтері”, “Акционерлік қоғамдар”, “Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер” туралы сонымен қатар “Жер кодексі”, “Су кодексі” және “Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі” бойынша тағы басқа да бірқатар заңдар қабылданды. Бұл заңдардың жер учаскесін және мүлік үлесін тиімді пайдалануға ықпалы мол болып жатыр.
Осының нәтижесінде елдегі табиғи және өндірістік ресурстарды дербес пайдалануға, құрылымдық негізін қайта құрып, оның тиімділігін арттыруға қол жеткізіледі.
Экономиканың моделін түбегейлі қайта жасау, қайта құру, өңірдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырумен қатар, бұрынғы Кеңес Одағының жабық экономикасынан ашық типтегі нарықтық экономикаға айналдыру мәселе болатын.
Экономикадағы осындай сапалық жаңартулардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының экономикасы қазіргі кезде әлемдегі нарықтық қатынастардың тікелей ықпалымен қалыптасып келеді. Әлем рыногына дербес шығу мүмкіндігі экономиканың дамуына жаңа көзқараспен, жаңа өлшемдермен баға беруі, экономикалық сараптаулардың тың әдіс қолданылатын және Қазақстан республикасының экономикасына, ерекшеліктеріне бейімделген болуы керек.
Жалпы адамзатқа берілген материалдық ресурстардың шектеулі мөлшері, соның ішінде Қазақстанның өндірістік ресурстарының шектеулі салаларының экономиканы шаруашылығының үлес салмағы басым дамытуы үшін әр қырлы экономикалық өндірістік зерттеулер жасап, қоғамның, өндірістік салалардың барлық мүмкіндіктерін толық пайдалану жолдарын қарастырудың маңызы зор.
Қазақстан республикасы Орталық Азиядағы аграрлық секторы ілгері дамыған мемлекеттердің қатарына жатады. Әсіресе дән өсіру мен мал шарушылығында. Қазақстанның Оңтүстік аймағы табиғи жағдайына, жер-су ресурстарына байланысты бидай өсіруші облыс болып табылады. Бұл дақыл аймақ экономикасының дамуына, соның ішінде жеңіл тамақ өнеркәсібінің өрлеуіне негіз болады.
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру «Қазақстан-2030» стратегиясына және бірқатар заңнамалар негізінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өсуінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқаша субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.
Менің курстық жұмысым осы жалгерлік есебіне негізделген, соның ішінде қаржыландырылған жал есебі.
Жұмыстың мақсаты:
Қаржыландырылған жал есебінің мазмұны мен мақсатын, оның қолданылуын ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына жету барысында белгілі бір міндеттер қарастырылады:
1. Жал есебінің маңызы мен мазмұны
2. Қаржыландырылған жал есебі туралы түсінік
3. Қаржыландырылған жал есебін қолдану
Жұмыс барысында қолданылатын негізгі ұғымдардың анықтамалары:
Жалдау – бұл кәсіпорындар мен өзге мүліктік кешендер арасындағы шартқа негізделген түрде жерді, өзге табиғи ресурстарды және жалгердің шаруашылық немесе өзге қызметті өз бетінше жүзеге асыруына қажетті мүліктерді мерзімді, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесінде жалға беруші мен жалгер арасында жалдау шартына негізделген қатынастар пайда болады.
Жалға беруші – жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруде меншік иесі өкілеттік берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.
Жалгер – бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Заңды және жеке тұлғалар, біріккен кәсіпорындар, шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер жалгер болуы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі

Менің тақырыбының аты «Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің даму кезеңі» Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.
19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті.
Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі тұнғыш жүргізген ақша реформасы негізінде елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы» деп алдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк ''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.
1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның айналым қаражатын ұйымдастыру

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын рөліне қарап анықталады. Мысалыға, зауытта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады: ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындарда өндірістік капиталдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық айналымы болып отырады. Сонымен, айналым қаражатының кәсіпорын өміріндегі рөлі мен маңызын, сондай-ақ капиталды қалыптастыру, айналым қаражатты талдануын және бағалануын алдағы бөлімдерде толық қарастырамыз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты –кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның стратегиялық жоспарын әзірлеу

Қазақстан экономикасында маркетингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және экономикалық субьектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын пайдалану барысына ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай анықталады.Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруа-шылық қызмет аумағы және өндірістік-өткізу қызметін ретінде республика-ның нарықтық қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты.
Нарықтық қатынастар экономикалық дамуды жетілдірудің үлкен по-тенциалын өзінде жасырады.Бұл нарықта шаруашылық етуші субьектілерді жеке кәсіпкерлік қызметіне шексіз бостандық беруіне байланысты.Жоғары тиімді жұмысқа барлық өсуші өлшемдерде табыстарды немесе пайданы алуға нақты мүмкіндіктер себепші болады.Ең үлкен пайданы алуға ұмтылу кәсіп-керлерді нарықты зерттеуге және сұраныс бар салаларға өз ақшаларын және еңбектерін салуға мәжбүрлейді.
Қазіргі жағдайда көптеген ірі және орта кәсіпорындарда, сондай-ақ банктерде маркетинг қызметі,ал олардың кейбіреуінде департаменттер іс-әрекет етеді.Бұлардағы маркетинг бөлімдерін ұйымдастырудың нақты сызба-лары мен түрлері әр түрлі болуы мүмкін,бірақ олар:нарықты маркетингтік зерттеу,сұраныс жағдайын,тауарлық өткізу,баға және коммуникация ұйым-дастыру сияқты жалпы міндеттерге негізделеді.
Еліміздегі көптеген компаниялар маркетингті жоспарлаумен шұғыл-данбайды.Шағын фирмалардың менеджерлері тек ірі корпорациялар ғана маркетингті жоспарлаумен айналысады деп есептейді.Қазақстандық компа-ниялардың кейбір мамандары нарық өте жылдам өзгереді,сондықтан оны жоспарлау қажет емес деген көзқараста.Мұндай тұжырым қате,жоспарлауды қолданатын компаниялардың жеткен жетістіктеріне көз жүгіртсек,жоспарлау қажет екендігі айқын аңғарылады.Нарықтағы қарқынды өзгерістер шын мә-нінде жоспарлау барысын қиындатады,алайда фирма басшылығына өзгеріс-терді болжауға,оларға әрі қарай қимыл-әрекет жасауға тек мұқият жоспарлау ғана көмегін тигізеді ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорын қызметінде маркетингті жетілдіру

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңнін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Нарықтық эканомиканың эвалюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағйдаларынан туындайды.Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық эканомиканың даму деңгейін көрсетеді. Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі,өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетіп,өткізуді қиындатуда.Осы және басқа да проблемаларды шешу нарықты дамытатын қозғаушы күштер мен әдіс-тәсіл құралдарды түсінуге бағытталған ұйымның қазіргі бизнес филасофиясы-маркетингті творчестволық тұрғыда паидалануына байланысты.
Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады.
Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде рынок шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық