Экономика | Қолма қол ақшаның есебі

Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің жанындағы "Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің №4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: "Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттарымен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды түлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындагы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: "Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есептегі кезеңдегі қаржы нітижелері есептемесінің қүрамында тапсырады" делінген,
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп берудің негізгі мақсаты мынадай ақпараттар беру болып табылады:
1) есеп беру кезеңіндегі заңды түлғалардан түсуі және шығарылуы ақшалар туралы;
2) есеп беру кезеңі бойынша заңды түлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері туралы.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ақшалардың түсуі жоне шығуының негізгі көздерін көрсетеді.
Операциялық қызметке байланысты ақшалардың қозғалысын тікелей немесе жанама әдістер арқылы заңды түлға анықтайды.
І.Тікелей әдіс - ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері нықталатын одіс. Бүл әдіс әрбір ақша операциялары мен анықтамаларын ол қай қызметке жататын зерттеуге негізделген.
Тікелей әдіс кірістер мен шығыстар туралы есептің әрбір бабындағы түзетумен түсіндірілді. Мұндай жағдайда тауарларды алу, ағымдагы шығыстар, несиелерге пайыздар мен бюджетке төленетін төлемдер және т.б. бойынша барлық ақша төлемдері есептелетін дайын өнімдері өткізуден түскен ақша түсімдерінен басталады. Қорытындысында операциялық қызметке байланысты ақша жағдайының сомасын щығарады.Тікелей одісті қолданған жағдай дағы операциялық қызметінің нәтижесінде туындайтын ақша қаражаты қозғалысының мысалы:
 тауарларды сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақша;
 тауарлы материалдық қорларды жеткізуге және қызмет көрсетуге
берілген аванстар;
 түрлі сипатта сыйа қы төленген дивидендтер мен роялтилердің сыйақылары және басқа да кірістер түрінде;
 басқа да түсімдер; а ақшаның шығуы; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Капитал және резервтер

Тақырыптың өзектілігі. Нарық жағдайында бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу және тұтыну және кәсіпорын қаржы жағжайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыны, талаптарға сай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жөне де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымнын, қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
"Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс әкелу.
Резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Дағдарысқа қарсы басқару

"Қазақстан-2030" Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлеуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделерінің нақты, өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.
Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын зерттеу өрісі әлі көптеген сұрақтар бойынша кең болып қалып отыр. Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз етудің бағалау көрсеткіштері, дағдарысқа қарсы басқаруды экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізі ретінде қарастыру, мемлекет тарапынан дағдарысқа қарсы реттеудің экономикалық қауіпсіздікке тигізетін әсері, ғаламдану жағдайындағы саланың дамуын қамтамасыз ету бағыттары, кәсіпорындардың маңызы, ауыл шаруашылығы, машина жасау, химия өнеркәсіптерімен өзара тығыз байланыстарын назарға ала отырып, тиімді даму тізбегін құру мәселелері жан-жақты сараптауды талап етеді. Үдемелі қарқынмен дамып отырған технологиялық, инновациялық, ғылыми-техникалық факторлар және нарық сұранысының өзгермелілігі тұтынушылар зердесінен шығатын тауарлар өндіру қажеттілігін анықтайды. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету теориялық және әдіснамалық тұрғыдан саралау қажеттілігі курстық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Айналымнан тыс активтер

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “Айналымнан тыс активтер” болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 18.09.2002 ж. №438 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І-бөлімі «Айналымнан тыс активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Айналымнан тыс активтер» бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер» және «Материалдық емес активтердің амортизациясы», екінші бөлімінде «Негізгі құралдар», «Негізгі құралдардың тозуы» және «Инвестициялар».
«Материалдық емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорыын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.
Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді ....
Курстық жұмыстар
Толық