Тарих | Қытай Түркі мифтерінің ұқсастықтары

Миф дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес. Жалпы ежелгі заманғы әлем әдебиетінде "миф" деген ұғым болған жоқ, ол тек жаңа дәуірде пайда болды. "Миф" деген сөз - тылсым құпия тереңіне оңай бойлататын, таңданыс пен өзгеше әсерге бөлейтін ұғым. Көптеген ғалымдар, зерттеуші мамандар "мифті"-нақтылы іс-әрекетке еш қатысы жоқ, адамзат қиялының жемісі деп есептейді. Бұл үлкен адасушылық. Біздің елімізде мифология туралы жарық көрген еңбектер аз емес. Сондықтан да "Миф" дегеніміз не деген сұрақты айқындап алу үшін, алдымен ол жайлы айтып кеткен ғалымдардың пікіріне сүйенейік. Ұлы орыс елінің жазушысы М. Горькийдің мифология туралы сөзін мысалға келтірсек: "мифология – табиғатпен күрестің, табиғи құбылыстың - бейнесі және көркем тілмен өрнектелген әлеуметтік өмірдің - көрінісі. " Бұл мифтің шығу тегін ғана емес, сонымен қатар оның негізінде шынайы өмірдің жатқанын, тектен – тек тумаған ой екенін дәлелдейді.
Шынайы өмір мен мифтің тығыз байланыста екенін Горький тағы да былайша түсіндіреді: "Өзінің бар күшін тек өмір сүруге ғана жұмсайтын төрт аяқты жануар мен адамды елестету тым қиын. Саналы адам өзінің еңбек етуі арқасында, туылу әрі ұрпақ өсіру сауалына ойланумен ерекшеленеді. Сондықтан да мифтің шығу тегін, қайнар көзін зерттеуде шынайы өмірден алшақтата қарау негізге жатпайды, олардың еңбегі мен күресі ешқандай мәнге ие емес деп айтуға мүлде болмайды. /2, 7б/
Горькиймен сабақтастыра отырып профессор М. Ғабдулиннің сөзін де келтіре кетсек: « ...қиял ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен, әртүрлі қауіп-қатерлерден құтылу, тіршілік ету, табиғат сырларын танып-білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған. Сондықтан да бұл ертегілерде ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман – мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек екен, жақсы шат өмірге жетсек екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар өзінің қиялы арқылы жеткен. Сол қиялдарын ертегі - әңгімелерге, аңыз-мифтерге айналдырған», дейді
Мифтің шығу тегіне тоқталсақ, бірден үстірт тоқтамға келмес бұрын, мына бір жайтты ескергеніміз дұрыс. Қоғам дамуының тарихы көрсеткендей, бастапқыда алғашқы адамдар тарихта жартылай жабайы жануарлар, табиғат күшінің алдында дәрменсіз, қорғансыз, өздерінің күштерін әлі толық сезінбеуші жандар ретте сипатталады. Сондықтан да олар жануарлар сияқты, әлсіз, қорғансыз, санасыз, бірақ өздерінің жаратылу өзгешеліктерімен ғана ерекшеленді. "/2, 11б/ ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Абу Бакирдің жаулап алу саясаты

Әбу Бәкір Халиф Мұхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәид ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші Халиф тұсында Зәид ибн Сәбит көмекшілерімей бірге Құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді.
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мәжбүр болды. Осы жыл -622 жыл - мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл"хижра", яғни "көшу" жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина - "пайғамбар қаласы" деп аталады.
Айша - Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі, оған тоғыз жасында үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рүкия (Үркия), Үмму Күлсім Фатима (Аллаға сыйынушылар сүйіктісі). Үш ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мұхаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталды. Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушылар мү сілімдер, мұсылмандар деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық