Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ өзбек шекара мәселесі

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекеттің мемлекет екендігін айғақтайтын бір дәлел оның шекарасының болуы. Онсыз мемлекет болмайды.
Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрамдас бөлігі болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктер мен оларға теңесетін объектілер жатады /1/. Бұл аумақ шекара сызығымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы 1993 жылғы 13 қаңтардағы заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының шекарасы дегеніміз- Қазақстан аумағының шегін-құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабат» /2/.
Тарихқа көз жүгіртсек осы мемлекет аумағы үшін қаншама соғыстар өткен. Мақсат- жер иемдену. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерлер дауы сонау тарих тереңіне тартады. Шыңғысхан жаулап алушылығына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ даласы мен Орта Азияда түркі тектес мемлекеттер өмір сүріп жатты. Шыңғысханның жаулап алуымен бұл жерлерде Монғол империясының үстемдігі жүрді. XIV-XV ғасырлар тоғысында Орта Азия жері Әмір Темірдің иелігіне өтті. XV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінде ыдыраған империялардың орнында ұсақ мемлекеттер бой көтерді.
XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы мен Шайбанилер арасындағы таласты жерлер Сыр бойы қалалары болды. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығына қараған Сыр бойы қалалары оның ізбасарлары тұсында Шайбаниліктерге (өзбектерге) тиесілі болды.
Тоқымдай жер үшін жан беріскен таластар болып жатты. Есім хан 1598 жылы Ташкентті алып, оны Қазақ хандығының астанасы етеді. 1798 жылы Уәли тұсында Ташкентті қоқандықтар басып алады. Осыдан кейін Қоқан хандығының агрессиясына Оңтүстік Қазақстан өңірі, Жетісу ұшырайды.
1864-1865 жылдары Перовский мен Веревкин бастаған орыс әскерлері Қазақстанның Оңтүстігіндегі Шымкент, Түркістан, Әулиеата, Ақмешіт секілді қалаларды қоқандық езгіден азат етеді. Көп кешікпей орыс әскерлері қоқандықтардан Хиуа, Ташкент секілді ірі қалалардағы алып қоқандықтардың үстемдігіне біржола нүкте қояды. Ендігі кезекте реформаларға толы Ресей құрамындағы өмір басталады.
1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша Қазақстан жері Генерал-губернаторлықтарға бөлінді.
1917 жылы қос бірдей революцияны өткерген Ресейде Кеңес өкіметі орнады. Елде біртұтас Совет халқын қалыптастыру шарасы қызу жүргізіле бастады. Коммунистердің көзсіз көсеміне айналған В.И.Ленин «Әр ұлт өзін-өзі билеуге құқылы» деп ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Англияда капитализмнің дамуы

Тақырыптың өзектілігі. Еуропа елеулі орын алған оқиағаларға толы мемлекеттермен еледр бар сол мемелекеттердің ішінде Англия өзіндік бір сипатқа ие деуге болады ол тарихтың ортағасырынан жаңа заманға аяқ басқан Англия жерінің халықтарымен олардың асыл деңгейлі істер атқарғаны жаңа заманда нелерді басынан өткерді деуге толы сұрақ қойылуы ғажап емес. Сол апинаның басты жаңа заман тарихындағы елеулі оқиғаларын бірін қарап өнеркәсіп саласында неден жетістіктермен жаңа заманға өткендігі заңа заманға өткендігі мәселенің басы болады деп түсіндіру еді немесе айту керек.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Англияның зерттелу мақсатында Англияны көптеген тарихшылар зерттеп әртүрлі болғанымен айбарлы анықтамалар берілуде, біреулер К.Маркс, Ф.Энгельстің шығармаларына арқа сүйесек В.И.Лениннің революция туралы қолжазба ой – пікірлер және советтік тарихшылардың бірере зерттейтін мәселелері жетерлік. А.А.Губер және А.Ф.ефилованың 1963 жылғы Москвада басылып шыққан кітаптарында Англияның халықаралық қатынастарын оқып ой туындыларын шығаруға болады. Дегенмен сол кездегі үкіметте болған Парламент немесе қарсылас солшыл партия өкілдерінің пікірі бойынша зерттеу мәселесі деңгейі анықталады.
Тақырыптың негізгі мақсаты. Англияның жаңа заманға өткенде оның орта ғасырдан қандай үлгі менен өткендігін айтып кету. Англия –з тарихында бірнеше тарихи оқиғаларға толы болды. Жаңа заманда корольді құлатып буржуазиялық революция нық нәтижесімен мән мағынасына оның өнеркәсіп төңкерісінің шығуымен оның жетістігі мен қоғамдық тарихты қанда йорын алары хақ еді, десекете Англиядағы өнеркәсіп төңкерісін ашып айқындап айтып жазып деректермен толықтыру еді.
Оның сол кездегі тарихшылар ойшыл - ағартушылар жазып негізінен көруге толық дерлік мүмкіндікті айту кер....
Курстық жұмыстар
Толық