Тарих | ҚЫРЫМ СОҒЫСЫ

1853-1856 жж. Қырым согысыныц халыкаралык қатынастар тарихыида алатын орыны ерекше. Қырым согысы Осмаи нмпермясы меп Реесмдһі дамуына, тарихына үлкен әсер еткен XIX гаеырдьщ маңызды халыкаралык оқигалардың бірі.
Тақырыптыц өзектілігі.
Біріншіден. Негізінен Қырым соғысының басталуына себепші болган орыс патшасы - Николай I екені сөзсіз. Патша соғысты өзі бастап. өз елімің даму жағынан артта калгандықтан, дипломатимда, мемдекеттік баскаруда жәнс әскери ұйымдастырудагы элсіздігіне байланысты озі-ақ согыста женілген еді. Алайда соғыс тек патшалык Ресей жагьзнан агресснвті болған жок.
Екіншіден. Қырым соғысы Англия мен Францияныи жаулап алушылық жоспарларыньщ, державалардың нағыз саяси келбеттерінін ашылғаи кезІ еді. Дегенмен, бүл елдердің агылшындык А. Кинглек жэне француз К. Базанкур спяічгы тарихшылары Анғлия мен Франция Қырым согысына Түркияны Ресейдің шабуылдарынан қорғау мақсатымен енгеиі жаилы жазуда. Ал орыс зерттеушілердің айтуынша екі держава да
Үшіншіден. Жетекші держава бір жағынан Түркияга көмектескенде кейІн бүл елдің есебінен өзін марапаттау үшін, РесеГіді Жерорта теңізінен ыгыстыру арқылы бұл аймақта ықпалдарын кеңсйтуге тырысып, оз қолдарьша Түркияның экоиомикасын, мемлекеттік қа]эжысын алғысы келген.деп жазудп. Бірақ екінші жагынан мүмкін державалар шынымен әлемде тепе-тецдік сақтау мақсатымен Түркияны қорғагысы келгеи шыгар.
Төртіншіден. яғни Қырым соғысы жайлы екі жакты көзқарастардын бар болуы. басқаша айтқанда шетел тарихшылары Қырым согысын бір жолмен баяндаса, орыс ғалымдары алғашқылардың тарихыи жоқка шығарып, согысты өзғс жолмен баяндап, Қырым согысының тарихы жайлы сәйкессіздік туган еді. Осы себептен меи бұл тақырыпты таіщап, деректер мен әдебиеттерді бір-бірімен салыстыра отырып, сараптама арқылы Қырым соғысы атты тақырыпты ашуға тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Көне Түркі жазулары

Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Ауған Кеңес қақтығысы

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. Ауғанстан соғысы (1979 -1989 ж.) Кеңес үкіметінің Қарулы күштері үшін, соның ішінде қазақстандық жауынгерлер үшін КОКП ОК Саяси бюросының Ю.Андропов, Д.Устинов, А.Громыко, Л.Брежнев сияқты санаулы ғана мүшелерінің аяқ астынан құпия түрде қабылдаған шұғыл шешімінен басталды.
Сол кезде Ауғанстанда билікке таласқан ресми үкімет пен оппозиция (моджахедтер) арасында қарулы қақтығыстар басталған болатын. Күрестің басты мақсаты Ауғанстан жерінде толықтай саяси бақылау жүргізу болды. КСРО Саяси Бюросы КСРО-ның ықпалын кеңейту мақсатында Ауғанстанға қол үшін беріп, сыртқы агрессиядан қорғау керек деген шешімге келеді. Сөйтіп, Ауған елін басқарып отырған шах Хафизулла Аминді алып тас¬тап, орнына Бабрак Кармальді отырғызу туралы идеясын күш көрсету арқылы жүзеге асырды. Осылайша Кеңес Одағының әскерлері ұзақ жылдарға жалғасқан қарулы қақтығыстардың қақ ортасынан бір-ақ шықты. [5,4]
Соғыстың та¬ғы бір себебі - Ауғанстандағы социализм концепциясын жақтаушыларды қолдау болды. Ал аме-рикалық әскери-экономикалық күштер Ауғанстанды КСРО ықпалынан шығарып алуға күш салды. Моджахедтерге АҚШ, НАТО-ға мүше Еуропа елдерінің кейбіреулері, Пәкстан, Қытай, Египет, Иран елдерінің әскери мамандары, арнайы қызметтері көп көмек көрсетті. Кабул үкіметіне қолдау көрсету КСРО бюджетіне оңай түскен жоқ. Деректерге қарағанда, жы¬лына 800 млн АҚШ доллары бөлініп отырған. Ал 40-шы Армияны Ауғанстанда ұстау үшін және тактикалық ұрыстарға Мәскеудегі басшылар жыл сайын 3 млрд долларға шығынданған. 1979 жыл полк Термез өзеніне қалқымалы көпір салуды бастады. Ал түс ауа, яғни Мәскеу уақыты бойынша 15-те, КСРО Қорғаныс министрінің бұйрығымен 108-ші мото-атқыштар дивизиясы және 103-ші әуе-десант дивизиясы Ауған жеріне өтуді бастады. Артынша ауыр техника, ұшақтармен қаруланған 80 мыңдық ауыр қол Ауған жеріне лап қойды... Осылайша 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 2238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі қанды қасап басталып кетті ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Араб-Израиль шиеленісі

Менің бұл тақырыпты таңдауым себебі Араб-Израиль шиеленісі мені бұрыннан толғандырып келген мәселе болып, мені бұл шиеленістің мәні және оның барысы қызықтырады. Бұл Араб-Израиль мәселесінің тағы да бір мәні қызықтырғаны осы күнге дейін ол мәселенің шешілмей жатқаны, сондай-ақ осы мәселе өз шешімін табадымекен деген сұрақ мазалайды.
Ал бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым Араб-Израиль шиеленісінің шығу тарихы, оның негізгі қақтығыс кезеңдері және сол кезден дипломатиялық қатынастарды қарастырып, оларды біліп алу және басқаларға да жеткізу. Сондай-ақ осы тақырыпты егжей-тегжейлі біліп алған соң, соңында өз қорытынды ойымды шығару.
Қазіргі таңда бұл өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Оның актуальдылығы бұл шиеленістің жалғасып жатқанына жарты ғасырдан астам уақытқа жалғасып, ол бүкіл Таяу Шығысты қамтиды. Араб-Израиль мәселесі әлемде терроризмнің күшеюіне серпіліс берген бірден-бір қорғауыш күш болды. Осы шиеленіс себебінен мыңдаған адамдар қаза тапты. Тіпті бүгінгі күндері де террористік әрекеттерден бұл екі елдерде кінәсіз халықтар зардап шегуде. Сондай-ақ ешқандай да конференциялар келіссөздер осы мәселені түпкілікті шеше алмады.
Қазіргі жаңа заманда Таяу Шығыс мәселесі, яғни Палестина-израиль шиеленісі ең тұрақсыз және жалғасушы әлемдегі мәселе. Көрші елдер мен халықаралық қаумдастықтар тАрабынан Араб-Израиль шиеленісін саяси тұрғыдан шешімдер пайда болғалы бері бір қаншама ұсыныстар айтылып және талқыланған болатын. Аймақта бейбітшілікті орнату мақсатында БҰҰ-ң, әлемдік державалар, діни өкілдері ортаға салуда ұсынылады.
Мен бұл жұмысты жазу да көптеген әдебиеттерге жүгіндім. Бұл тақырып өте актуальды болғандықтан және бірінші күнге дейін өз шиеленісін таппағандықтан әдебиеттерді табу онша да қиынға соқпады. Менің негізгі пайдаланған әдебиеттерімнің бірі ол «История дипломатий» под редакцией Громыко болды. Бұл әдебиеттен мен Араб-Израиль шиеленісінің шығу себептерін қарастырдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық