Психология | Психология ғылымының қоғамдағы алатын орны

Бұл курстық жұмысымда психологияның жалпы мәселелер, түсініктер жан – жақты ашылған, оларға байланысты осы заманғы теориялар мүмкіндігінше кеңінен келтіріліп, проблемалардың даму тарихы нақты келтірілген. Бұл жұмыс 1 тараудан және 5 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қарастырылатын мәселе ол психологияның ілімі, және оның міндеттері жайында болады. Бұнда психологияның қай тілден енгені туралы айтылады. Психологияның негізгі міндеті – адамның жан дүниесін түсіне білу. Екінші қарастырылатын мәселе жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсіну. Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіретіндігі жөнінде. Үшінші мәселе қазіргі заман психологиясының міндеті. Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланыс үлкен маңызға ие. Қазір психология ғылымы қарқынды дамуда. Төртінші психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.Психология үшін оның қоғамдық ғылымдармен байланысы үлкен маңызға ие. Тарих, эканомика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Соңғы қарастырылатын мәселе психологияның салалары жөнінде қарастырылады. Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді.
Осы сияқты қарстырылатын мәселелер келесі беттерімізде қарастырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Зейіннің ес үрдістерімен байланысын зерттеу

Психикалық таным үрдістерінің ішінде зейін және ес ерекше орын алады. Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады, дәлірек айтқанда зейін – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Ал ес дегеніміз бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл күйлерінің мида сақталып, қажет кезінде қайта жаңғырту процесі. Бұл екі процесс бір біріне ықпал ете оқу іс әрекетінің бағдарламасын игеруге көмектесетініне байланысты зерттеуімізді психоло-гиядағы өзекті мәселелердің бағыты деп есептедік.
Жұмысымыздың мақсаты зейін мен ес процестерінің психологиялық мазмұнын зерттеу.
Міндеттері:
- зейін және ес туралы ұғымдарды теориялық талдау (әдебиеттерге шолу);
- зейіннің қасиеттерін зерттейтін әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеу;
- ес процестерін зерттейтін әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеу;
- эксперименталды зерттеулердің нәтижелерін талдау;
- қорытынды құрастыру.
Объектісі зейіннің қасиеттерін және естің процестерін талдап, оларды зерттейтін әдістерді қазақ тіліне бейімдеу.
Болжамы: Зерттеу жұмысы зейін және ес туралы теориялық білімнің өрісін тереңдетіп, болашақ психолог-педагогтың практикалық іс әрекет атқаруына ықпал етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық