Психология | Психология тарихы

Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым? деген сұрақтарды қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін», «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т.б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды деп есептеуге болады. Шын мәнінде де психология жоғарыдағы аталынғандарды және т.с.с. көптеген мәселелерді қарастырады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі V ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Ал үшінші кезеңде  ғасырда пайда болған психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса,төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.
Бүгінгі таңда психология –жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы ортағасырдағы еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны XV ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1,6]. Психология термині гректің екі сөзінен (psyche- жан, logos- ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Психика мен сана

Психика-тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрыкша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән.Психиканың ең жоғағы формасы-адамның санасы.Сана-сыртқы дүние заттарымен құбылыстардың мидағы бейнесі.Сана шындықтың жай суреті,оның жансыз кошірмесі емес,адам басында,нерв жүйесінде жасалып жататын күрделі бейнесі.Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп,күрделеніп отырады. Адам психиканың ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттармен құбылыстарды,әр алуан нәрселерді түсіну, қабылдау,елестету арқылы көрінеді.Оларды адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге,ұстап білуге болмайтын қасиеттер мен белгілер,абстрактылы ойлау формалары-ұғым,пікір,ой қорытындылары танылып,жанама жолмен бейнеледі және өзара шартты байланыста болады.соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары,олардың пайда болуы және өрістеп дамуы адамның дуниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді.

Зерттеудің міндеттері

1) Психика мен сананың функциларының дамуын теориялық тұрғыда қарастыру;
2) Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау;

Зерттеудің теориялық маңызы:
Психика мен сананың дамуы мен мәнін ашу барысында жасөспірімдердің психикалық процестерінің қалай дамитындығы туралы көрсетілген. Жұмыс барысында Карл Бюлердің психологиясы мен психика дамуы, жан Пияженің кіші мектеп жасынан жасөспірім кезеңіне өтудегі логикалық ойлаудың дамуы қаратылған Сонымен қатар В.Штерн, Ф.Бергер, С.Шоспиро, Э.Герингтың, А.Н. Леонтьевтің әр түрлі жас жамаларындағы жанамаланған зейіннің дамуы, неміс ғалымы Э.Кречмердің дене құрылымы мен психикалық қасиеттерінің арақатынасын зерттеуі туралы көрсетілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Зейін

Мектепке дейінгі жастағы балалар, кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін бағалау;
- Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту және шоғырландыру;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда зейінді зерттеу әдістемелерін пайдалану;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау;
Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық және әдістемелерді талдау.
-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен психологтар тәжірибесін зерттеу;
-зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің жауаптарын талдау пайдалынады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Аристотель

Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни, бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі – болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға әсіресе Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
Аристотель-Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?» - деп айып таққанда. Ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ», - деп жауап беріпті деген аңыз бар .
Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мәселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның (материя мен форманың) диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.
Аристотельдің анықтамасындағы «Материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше «Материя», Аристотельдің ойынша «Субстрат» (латын тілінде «негіз», «астар» деген мағына береді) ....
Курстық жұмыстар
Толық