Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ

Жалпы білім ісін қайта құру сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің программалық міндеттерін шешу жас мамандардың кәсіби біліктігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты. «Халық мұғалімі - жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан-жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді».
Қазіргі жағдайда қайта құру процесінің басты міндеттерінің бірі - білім сапасын арттыру алдындағы орынға қойылып отыр. Сондықтан мұғалімнің білімділігі, интеллектуалдық мүмкіндігі жоғары болған сайын оның шәкірттерінің білімге, ғылымға деген қызығушылығының артуына ықпалы күшейе түседі. Сөйтіп, мұғалім өз заманының ең білімді, мәдениетті адамы бола отырып, оқушыны оқи білуге, білім ала білуге үйретеді. Мұғалімнің кәсіби дайындығы оның қоғамдық-саяси, арнаулы және психологиялық-педагогикалық терең жан-жақты білімі болуымен анықталады.
Бүгін де білікті педагог мамандарын даярлау заман талабына айналып отыр. Елбасымыз өзінің жуықтағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа сатыдағы мұғалім өмірге келуін білім беру жүйесін реформалау нәтижелерінің бірі ретінде атап өткен. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Дамуында ауытқулары бар балалардың оқыту

Ерекше білім алу қажеттілігіне ие адамның оқу – танымдық іскерлігі бірқалыпты дамушы балаларды оқыту кезінде қаралатын дәстүрлі құралдарды қолдану кезінде әрдайым тиімді бола бермейді. Сол себепті оқыту мен тәрбиелеудің спецификалық әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Кез - келген оқу пәні құрамының үлкен көп түрлілігінен сипатталады.
Оқыту құралдары арнаулы білім беру жүйесінің ұстанымдарына сәйкес келуі тиіс. Осыған байланысты қандай да бір құралды қолдану құны оның оқушылар үшін білімді қаншалықты жеткілікті және мәжбүрлі ететіндігімен анықталады, олардың түрлі жас ерекшеліктік сатылардағы танымдық мүмкіндіктерін ескереді, оқу материалын меңгерудің саналық және беріктілік деғгейінің қажетті дәрежесін қамтамасыз етеді. Арнаулы жүйеде білімді меңгеруге білімді өзінше меңгеру бойынша жүйелі жұмыстардың әдептерін қалыптастыруға әкеп соқтырады, оқушылардың индивидуалды ерекшеліктерін фронтальды және индивидуалды жұмыстардың рационалды сәйкестілігі оқытуға дифференциалды түрде жақындасуды ескереді, сөйлеу ойлау қабілеттінің артуына үлесін қосады, материалды меңгерудің іскерліктік көрнекілік - тәжірибелік негізін қамтамасыз етеді, оқытудың коррекциялық - компенсациялық батылдығын қамтиды, әлеуметтік бейімделу үшін қажетті білімдер мен әдіптердің дамуына ат салысады, әрекет етудің әдістерінің қалыптасуы мен білімдерді меңгеруге ғана әкеп соқтырмай сондай - ақ тұлғаны тәрбиелеуді жалпы дамытуды қамтамасыз етеді.
Оқытушының сөзі оқушыларға білім берудің құралы болуы тиіс. Оны балалар жетік қабылдауы қажет.
Сол себепті арнаулы білім беру жүйесінде қызмет жасайтын педагогтың сөйлеу қабілеттілігіне оқушылардың контигентінің спецификасына орай, ерекше талаптар қойылады. Оның сөзі түсінікті, анық шынайы түрде шығуы қажет. Арнаулы білім беру мекемесінде жұмыс істейтін педагог сөйлеу оқиғасы ретінде оқыту сабағының құрамы мен ритмін жобалай алуы тиіс, сөздік импровизация техникасын жетік білуі, оқушылардың сөйлеу іскерлігінің белсенді түрде енуіне ықпал ететін жағдайларды табуы және қолдана алуы, қысқа әрі фразаларды құруда хас шебер болуы өте маңызды....
Курстық жұмыстар
Толық