Педагогика | Қазіргі мектептерде білім беру мазмұны

Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдылық мәдени дамуының жоғары деңгейінің және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі», - деп жазылған.
Әрбір елде халыққа білім беру ісі өндіргіш күштердің даму деңгейіне өндірістік қатынастардың қалыптасуына байланысты. Сонымен бірге білім беру ісінің дамуы қоғам дамуының әлеуметтік – экономикалық міндеттеріне әсер етеді, әр ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Білім беру ісінде осындай түбегейлі мәселелер еске алынады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі кездегі білім беруді оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.
Зерттеу объектісі:
Оқушыларын қазіргі кездегі білім беруді оқыту негізінде өңделген сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Көрнекіліктің оқу процесіндегі мақсаты

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен бірге, окушының ойлау кабілетін арттыру. Болашақ ұрпаққа саналы біліммен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың материалдарды саналы түрде түсініп есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зор екенін дәлелдеп көрсетеді. Кернекілік окушылардың материалды тез саналы түрде түсінуін қамтамасыз етумен бірге, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін практика жүзінде көрсету. - Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар заттарды көзімен көрумен қатар, қолымен ұстап, түр-түсін байқап, өзінің қажетіне жаратады.
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмайтын жағдайда да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы да бүтіндей көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың өздері жасасада болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі – көрнекілік екенін, көрнекіліктердің білім сапасына тигізер әсерінің мол екені дәлелдеу.
Көрнекіліктің оқу процесіндегі мақсаты байқағыштыққа логикалық түйіндікке және өзінің көргендерін сезбей дұрыс жеткізуге, бұлардан логикалық қорытынды шығаруға жаттықтыру екенін анықтау.

Курстық жұмыстың міндеті:1. Көрнекіліктің оқу процесінде атқаратын қызметін көрсету.
2. Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі - көрнекілік екенін практикада дәлелдеп көрсету. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеу

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолданар ісіміздің бірі де, бірегейі де – ұрпақ тәрбиесі.
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілімен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру - бүгінгі күннің бастысы.
Кімді және қалай тәрбиелеу керек бұл қоғамның маңызды мәселесі.
Адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі, сол елдің мақтанышы. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген жас тәрбиелі, білімді, мәдениеті, дене тәрбиесі мықты болуы шарт. Тәрбиелілік - иман жүзді, адамгершілікті, өзін өзгенің орнына қойып түсіне білуі.
Білімділік - ғылым негіздерін бағдарламалық деңгейде білу, ой еңбегінің негізі қағидаларын меңгеру.
"Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы. Ол келешекте адамның өміріне опат әкеледі"- деп Шығыстың аристотелі атанған Әбу Насыр – Фараби бабамыз айтқандай қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды.
Білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл, елі мен жерін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу " мектептің қоғам алдындағы борышы. Халқымыздың белгілі ақыны Мұзафар Әлімбаев ол туралы былай дейді:
Туған жерді сүю – парыз.
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз.
Күзетінде тұру – парыз.
Ешбір халық ұрпағын жаман болсын, мұрасыз, мұратсыз болсын демейді. Қай халықта болмасын жиып-терген мол ....
Курстық жұмыстар
Толық