Педагогика | Педагогика ғылымы

Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесінде сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным – мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары заман ағына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырады. Адамзат қоғамының, ғылым-білімнің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түмсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Мақсаты: Кейінгі кезде педагогиканы тек қана мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шеңберінен шыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғарғы дәрежелі білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысымен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелермен зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді. Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілген әр түрлі аңықтамалардың өзі авторлар арасында бірыңғай көзқарастың жоқ екенін көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Арнайы педагогика

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптер оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Өмір сүру қабілеті шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері,
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Өмір сүру қабілеті шектеулі балалардың психологиялық ерекшеліктері анықтайтын әдістемелерді іріктеп талдау , оларды қазақ тобына бейімдеп аудару.
Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Өмір сүру қабілеті шектелген баланы тәрбиелеу әдістері мен қағидалары және тәрбие әдісінің топтастырылуына байланысты болады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні: Тәрбие түрлері, тәрбиенің ерекшеліктері және заңдылықтары мен қағидалары жайлы қазақ тіліндегі әдіснамалық теориялық материалдар толықтырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Арнайы білім беру

Қазіргі таңда көптеген жоғарғы оқу орындары педагог-дефектологтарды және арнаулы психологтарды кәсіби даярлаудың бағдарламаларын ұсынуда. Осыған орай, АҚШ-та 230 бағдарламаны қамтитын арнаулы білім беруде қызмет жасайтын оқытушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жөнінде ұлттық жүйе жұмыс жасауда. Педагогикалық оқытудың батыс еуропалық жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтарды даярлаудың бағдарламаларымен қатар университеттерде арнаулы педагогика бойынша жалпы білім беру мектептерінің оқытушысын міндетті түрде даярлау желісі қызмет етуде, одан әрбір болашақ оқытушы өтуі тиіс.
Қарапайым балаларсекілді, ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балалар да білікті педагогикалық көмекке зәру, оны тек арнаулы даярлықтан өткен педагог-дефектолог қана бере алады.
Қазіргі заманғы педагогикалық білім беру келесі түрдегі сәйкес педагогикалық мамандықтардың кең ауқымына ие: тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия, мектепке дейінгі арнаулы педагогика, арнаулы психология.
Зерттеудің көкейтестігі: арнайы педагогика пәні бойынша, арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы мен кәсіби қызметін толығымен, жан-жақты зерттеп, оны іске асыру. Педагог-дефектологтар оқушылар мен тәрбиеленушілердің түрлі деңгейлерімен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу үшін арнаулы білім беру мекемелерінде, балалар үйлерінде және мектеп-интернаттарда жұмыс істейді, олар индивидуалды оқыту мен тәрбие беруді жүзеге асырады.
Зерттеудің мақсаты: арнайы білім беру жүйесіндегі ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Арнайы педагогика

Курстық жұмыстың өзектілігі: Арнайы педагогика педагогика ғылымының бір саласы. Арнайы педагогика – дефектология түзету педагогикасы. Арнайы педагогика, қалыпты педагогика жағдайда, әдісімен құралдардың көмегімен, оқытуда қиын және мүмкін емес, яғни оқытуда арнайы әдістерді талап ететін физиологиялық, психологиялық дамында ауытқуы бар баланы оқытудың арнайы теориясымен тәжірибесі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі балаға арнайы білім беру жүйесі және оның ерекшеліктері.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Осы аталған мәселе бойынша шетелдік, отандық әдебиеттерге терең теориялық мәлімет жасау.
2. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға берілетін арнайы білім жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Арнаулы мектепке дейінгі және мектеп мекемелер желісінің орнауы мен даму барысында ғалымдар мен тәжірибешілер балалардың дамуында ауытқуларды коррекциялаумен профилактика жасаудың, табудың принциптерін, әдістерін және тәсілдерін жасап шығарғанын, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды коррекциялық оқыту мен тәрбиелеуді зерттеу.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды тексерудің обьективті және субьективті әдістері арасындағы тәрбие қағидалары мен заңдылықтарының ерекшелігін, бақылауға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде қолдана алады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдісі: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ақыл ой тәрбиесі

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.

Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларды тәрбиелеуде ақыл-ойын дамыту;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.

Зерттеудің теориялық мәні: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық мәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды...
Курстық жұмыстар
Толық