Құқық | Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік

Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылар

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны peтiндe қарастырылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасаyғa қарағaнда қылмысты осы нысанда iстеудiң қауiптiлiк дәрежесі және келтiретiн залалы да зор. Бiрнеше адам¬ның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты icтeyi олар¬дың - қатысушылардың - өзара бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс iстеудi жеңiлдетiп қана қоймайды сонымен бiрге қылмыстық заң қоpғайтын қоғамдық қатынастapғa үлкен қауiп келтiредi немесе соны келтiру қаупiн туғызады. Қылмыс iстеудi осылай жүзеге асыру қылмысты ic-әрекеттiң өзiн жоюғa, қайсыбiр жағ-дайларда бiр адамның қолынан келмейтiн қылмысты iстеудi дайындауға немесе жүзеге acыpyғa мүмкiндiк бередi.
Қылмыс - бiр адам apқылы немесе бiрнеше адамның бiрле¬cyi арқылы iстелуi мүмкін. Бiрнеше адамның қылмыс iстeyiнiң нәтижесiнде iстелген қылмыстың мәнi, одан туындайтын зиянның мөлшерi де жеке дара адам iстeгeн қылмысқа қарағанда едәуiр өзгередi және мұндайда қылмыс icтeгeнi үшiн жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттiлiгi туын¬дайды.
Қылмысқa қатысуда ic-әрекет пен қылмытың зардабының өзара байланысының жеке адамның iстeгeн қылмысына қара¬ғaнда өз ерекшелiгi бар. Қьлмысқа қатысуда қылмыстың зарда¬бы мен орындаушылардың немесе бiрге орындаушылардың ic-әрекеттерi ғaнa байланысты болады. Айдап салушы, көмекте¬сушi, кейде ұйымдастырушы тiкелей зиян келтiрмейдi. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепшi болады. Мұндай себепшi болу қылмысты тiкелей орындаушығa оның қылмыс iстeyre деген шешiмiн қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтiк жағынан алғaнда қылмысқа қатысу барлық қаты¬сушылардың қылмысты қасақана icтeгeнiн бiлдiредi.
Қылмысқа қатысушылардың әрқaйсысының ниетінің мазмұ¬нына орындаушының iстейтiн қылмысының қoғaмғa зиянды¬лығының мәнiciн сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жал¬ғыз өзiнiң емес, басқалардың әpeкeтiмeн бiрге жасайтын мән ¬жайларды сезiнyi шарт. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

• Қылмыс және қылмыс құрамы

• Қылмыс құрамының түрлері

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, мазмұны және қылмыс құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында қылмыс және қылмыс құрамы және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасында меншік құқығы

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесіндс алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншідсн құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық катынастар. Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қон-дырманың элемент болып саналғанмсн қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа (базисқа) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
Меншік құқығы объективті және субъективті мағынада анықталуы қажет. Объективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институтгы реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құкығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құкықтары тиесілі.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету, яғни айтқаңда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенмен өз мүлкінің меншік иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық мүмкіншілігі жоқ. ....
Курстық жұмыстар
Толық