Информатика | Вирус және оларға қарсы күрес

Компьютерлiк вирустар нелер және олармен қалай күресуге болады?
Бұл аса көңiл бөлiп қарайтындай соншалықты қиын тақырып болып көрiнбес. Алайда, компьютердегi ақпараттың жоғалуына бiрден-бiр себепкер болатын осы компьютерлiк вирустар болып табылады. Вирустардың кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмысына тосқауыл болған көптеген оқиғалар белгiлi. Сонымен қатар бiрнеше жыл бұрын компьютерлiк вирустың адам өлiмiне себепкер болған оқиға тiркелген. Нидерландияның бiр ауруханасындағы емделушi компьютердiң вирусты жұқтырып, қате ақпарат беруiне байланысты морфийдiң әжептеуiр көлемiн қабылдаған.
Өзара бәсекелес антивирустық фирмалардың мүмкiндiктерiне қарамастан компьютерлiк вирустың тигiзетiн зардаптары жылына шамамен жүздеген миллион сомманы құрайды. Бұның негiзгi себебi көптеген компьютердi пайдаланушылардың вирустарға аса назар аудармауы, әдебиеттiѕ тапшылығы болып табылады.
ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық эрадан информатикалық эраға өтуiмен ерекшеленедi. Бұл ғасыр техникаға үлкен өзгерiстер әкелдi. Осыған байланысты информацияны алу қабiлеттiлiгi оны жөндеу күнделiктi iсте пайдалану кең етек жайып келедi. Көптеген тұтынушылар қарапайым почтадан электрондық почтаға сондай-ақ мобильдiк телефондарға көштi. Макро және микро компьютерлер пайда болды. Бұлармен қоса компьютерлiк вирустар да өмiрге келдi.
Компьютерлiк вирустар күрделi және көрнектi мәселелердiң бiрi. Сондай-ақ жасанды тiршiлiк жасау әрекетi. әрине, сәттi-ақ әрекет, бiрақ пайдасыз екенi сөзсiз. Компьютерлiк микроорганизмдер тек сәтсiздiк әкелетiн зиянкес жәндiктердi еске түсiредi. Тiрi ағзалар тәрiздi компьютерлiк вирустар да тiршiлiк етедi, көбейедi. Ал компьютерлiк вирустарға қарсы күрес адамзаттың адам ойымен күресi болып табылады. өйткенi компьютерлiк вирустapды бiр адамдар жазса, ал екiншi бiреулер оны жоюдың әдiсiн ойлап табады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | АТС тің жұмысын автоматтандыру

Ақпараттық жүйелер(АЖ) – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өндеу және шығарып беру жүйесі. Экономиканы басқарудың әр түрлі деңгейлері мен салаларына қызмет көрсететін АЖ – ның айырмашылығына қарамай, олар келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- экономикалық ақпараттың негізгі құрамдық өлшем бірлігін экономикалық корсеткіштер мен құжаттарды өндеуге бағытталуымен;
- мәліметтерді үлгілік (модельдік) өңдеу мен есеп айырысу–есептеу кезеңінің байланыстылығымен;
- уақытқа қарай – экономикалық есептер мен оның шешімдерін қажетті мәліметтермен жабдықтау зәрулігімен;
- уақытша іс тәртібімен әкімдік–үйымдастыру құрылымына басқарылатын жүйені қатар тізу қажеттілігімен.
Қазіргі уақытта әр түрлі мақсатта қолданылатын АЖ–ның көптеген саны қызмет етеді. Олардың бір–бірінен өзгешелігі келесі белгілермен түрлендіріледі:
- басқару объектісінің сипатымен;
- АЖ–ны тұрғызу мен жұмыс істетудің жинақталған тәжірибесімен;
- басқару және басқарылушы жүйелерінің құрылымымен;
- мәліметтерді жинауда, өткізіп беруде және өндеуде қолданылатын жабдықтармен;
- АЖ–ны басқару объектісінің жетекшілік тұрғысымен және т.б.
АЖ – бұл ақпараттық жүйелер жобасы мен акпаратты-есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделi жүйе.
Мұндағы АЖ жобасы – бұл АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс iстету шешiмдерi сипаттап жазылған техникалық құжат.
Ал, АЕЖ - деп ақпараттық жүйелер жобасын жұмыс iстетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық кешенiң түсiнуге болады. АЕЖ мәлiметтердi жинауды, өткiзiп берудi, өңдеудi, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып берудi АЖ жобасындағы шешiмдерге сәйкес ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Автоматтандырылған жұмыс орны

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық