Биология | Пастереллез ауруы

Патологиялық анатомия немесе патоморфология тірі организм ауру болған кезде және одан тәуір болып келе жатқан кездегі орган және тоқымалардың нормаль болуында жүзеге келетін өзгерістерді үйрететін пән. Көзбен көруге болатын өзгерістер микроскоп істетуді талап ететін микроорганизм гистологик өзгерістер (патологик, гистологик) тексереді. Патологиялық анатомия тек көрсетіп көретін пән емес. Ол клиника мен бауланған тәрізде дамиды. Өлікті жаруды алынған нәти желерден эксперимент және физиология информациялары да пайдаланылады. Аурудың даму механизмін, яғни патогенезін үйренеді. Бұл – ауруларды анықтау, олардың емін және алдын алуын, яғни профилактикасы үшін ғылым мәселелерін негізденген жұмыста істеп шығаруда өте үлкен роль атқарады. Аурулар және организм функцияларының ауру уақытында көрінетін өзгерістері ауру жануар клиникада көзден кешіргенде және патологиялық физиологияда да тексеріледі. Патологиялық анатомия әртүрлі ауруда организмнің көптеген системаларға байланысты болған және түрлі ауруларда қайталанып тұратын түрлі-түсті өзгерістердің бірге қосылуын көрсетеді. Аурулардың себептерін білу медицина үшін үлкен көзқарасқа ие. Инфекцион ауруларға қарсы күресте травматизмде және әртүрлі өнеркәсіп қалдықтарынан улану жолдарының алдын алуды медицина көптеген қолға кіріткен ұтыстары мен үлкен дәрежеге жеткен. Әрқандай ауруды білу үшін оның этиологиясын білу керек. Ауру не себептен пайда болады деген сауалдарға жауап беру аздық қылады. Ол үшін аурудың қалай өршуін анықтау, яғни оның патогенезін үйрену керек т.б. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Қантты диабет

Инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде қантты диабет (грек. diabetes - шыжың) дамиды. Ол организмде инсулиннің толық немесе салыстырмалы жеткіліксіздіктерінен дамитын зат алмасуларының бұзылыстарымен, қан тамырларының, жүйкелердің және әртүрлі ағзалар мен тіндердің дерттік өзгерістерімен сипатталатын ауру.
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) жіктеуі (1981 ж.) бойынша қантты диабеттің ең кең тараған екі түрі бар: инсулинге тәуелді (І-түрі) және инсулинге тәуелсіз (ІІ-түрі).
І-түрі — 25 жасқа дейінгі жастарда және балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды. Ол сырқат адамның қатты арып-азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамуына, адамның өліміне әкеледі.
ІІ-түрі — ұлғайған адамдарда кездесетін диабет және ол инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды. Бұл түрі диабеттің барлық түрлерінің 70%-на жуығы. Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Бұл диабетпен ауыратын сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және әдетте кетоацидоз дамымайды. Көпшілік жағдайда бұндай ауруларды тіпті дұрыс емдәммен емдеу жеткілікті болады.
Этиологиясы. Қантты диабеттің себебі болып, тұқым қуатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Диабетке тұқым қуалайтын қабілеттілік бәсеңкі түрде бір немесе бірнеше гендермен беріледі. Бірақ аурудың пайда болуы қоршаған ортаның қосымша ықпалдарының әсерлеріне байланысты. Жорамал бойынша диабеттің гендері халықтардың арасында 25%-ға жуық адамдарда болуы мүмкін, бірақ олардың 2-3% ғана ғана диабетпен ауырады.
Инсулинге тәуелді диабет кезінде тектік ерекшеліктің маңызы өте үлкен. Диабеттің гені тін үйлесімділік НLА-кешенінің локусында иммундық реактивтіліктің генімен бірге орналасқан. Сонымен бірге бұл диабеттің дамуында вирустық жұқпалар (ңызамық, паротит вирустары т. б.) маңызды орын алады. Олар, ұйқы безінің бета-жасушаларын тікелей бүліндіруімен қатар, жасушаларға қарсы аутоантиденелер түзілуі мен сезімталдығы көтерілген лимфоциттер өндірілуіне әкеледі.
Инсулинге тәуелсіз диабет кезінде тұқым қуалаушылыққа бейімділік көптеген гендермен ұрпақтан ұрпаққа ауысуы ықтимал. Бұл диабетті көп факторлық ауруларға жатңызады. Оның дамуына қолайлы ықпалдар болып, жеңіл қорытылатын көмірсулары көп тағамды артық пайдалану және қимыл-қозғалыстың азаюы, гиподинамия есептеледі. Бұл екі жағдай да организмнің семіруіне әкеледі, ал диабеттің бұл түрімен ауыратын науқастардың көпшілігі тым толық болып келеді. Семіру кезінде организмнің инсулинге мұқтаждығы көтеріледі. Өйткені май жасушаларының сырттарындағы инсулинді қабылдайтын рецепторлар азайып, бір-бірінен алшақтап кетеді. Қазіргі күні май жасушалары кахексин — деп аталатын зат өндіретіні белгілі. Бұл зат организмнің инсулинге деген төзімділігін арттырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Дәрілік өсімдіктер

Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 –дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.
Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.
Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ – бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б.
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және де басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің өңірге бейімдеп өсіріп жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей, дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т.б. жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Індеттанулық талдау

Табиғи жағдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады. Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалық ұсақ жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, теңіз тышқаны және үй қояны сезімтал.
Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасыбағасыз жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20° С-тан жоғары болғанда органикалық заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар және токсин түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың түрі мен исінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым-ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады.
Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады? Сүрлемге ботулизм уы тышқан және басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың саңғырығымен түседі. Ал етқоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тектес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады. Құстар, жәндіктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы мүмкін.
Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Сонымен қатар ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, токсин түзуі де мүмкін. Мұны «жарақат болтулизмі» деп атайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | А Е Д К Ғ витаминдері

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.....
Курстық жұмыстар
Толық