Банк ісі | ҚР Банктік құрылымы мен дамуы

Банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елің ақшаларымен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операциясына тікелей қатысуына байланысты түсіндірімді.
Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан қарастыруға болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайла, ең басты «банк операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.
«Банк» деген ұғым Италия сөзі «bank» - «орындық», «айырбас орындығы, айырбас орыны» мәнді білдіреді.
Курс жұмысының құрылымы 3 тақырыптан және бірнеше тақырыпшалардан тұрады.
Бірінші таруда Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму тенденциясы. Оның ішінде ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы. ҚР Банктік қызметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының банк жүесінің құрылымдары мен операциялары. ҚР Банк жүйелерінің құрылымы ҚРБ операциялары.
Үшінші тарауда қолайлы экономикалық конъюктура сондай-ақ 2004 жылы ТМД – ның барлық елдеріндегі экономикалық жағдайдың айтарлықтай тұрақтылығына ықпал етті. Негізі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны салыстырмалы түрде жоғары болды. Мәселен, бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсуі орташа алғанда Достастық елдері бойынша 8% (2003 жылғы - 8%), өнеркәсіптік өнімі - 7% (8%), бөлшек сауда айналымы - 13%, негізгі капиталға инвестициялар-14% болды.
ТМД елдерінің көпшілігінде макроэкономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және қаржылық тұрақтылық республика экономикасы өсуінің 5 жыл бойы байқалып отырған үрдістерінің нығаюына ықпал етті. ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 5 жылда 52% -ға жуық болды, бұл Қазақстанға экономиканың даму қарқындары бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндік берді.
Қазақстан экономикалық жағдайының жақсаруын мойындау Қазақстанға Standard & Poor’s – 2004 жылғы мамырда және Fitch Ratings агенттіктерінің – 2004 жылғы шілдеде «Moody’s» рейтінг агенттігі Қазақсанның «тұрақтыдан» «оңға» өтетін рейтингтері жөніндегі болжамды қайта қарады.
Сонымен бірге, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының республикаға 5-деңгейден 4-деңгейге дейінгі рейтинг беруі елдің әлемдік аренадағы іскерлік беделінің жоғарлауының куәсі болды. Экономикалық дамыған елдердің экспорт-импорт банктері мен экономикалық кредиттерін сақтандыру жөніндегі агенттіктердің осы елдердің жобаларына қолдау көрсету мәселелерін қараған кезде осы рейтінгтік көрсеткіш ескеріледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | Ипотекалық несиелердің есебі

Ипотекалық несие жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы және ұзақ мерзімге берілетін ссуданы білдіреді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы” халыққа жолдауында атап өткендей: жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымды дамыту – еліміздің басым міндеттерінің бірі [1,3] .
Бүгінде ипотекалық несиелендіруді дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ипотека халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы мүддесін, банктердің тиімді және пайдалы жұмысын, құрылыс кешенінің ырғақты өндірісін және мемлекеттің мүддесін, яғни экономикалық өсімді қамтамасыз етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей ипотекалық несие жүйесінің дамуы мемлекетке үлкен пайда әкеледі. Ол маңызды әлеуметтік міндеті – халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге зор үлесін тигізеді. дамыту жалпы ел экономикасын дамытудың маңызды факторы болып табылады.
Менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы еліміздегі ипотекалық несиелердің нарықтағы жағдайын сипаттау, зерттеу, болашағы мен, мәселелерінің, даму болашағын айқындау. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие операцияларын ұйымдастыру, есебін жүргізу және талдаудың негізгі мәселелерін, жолдарын айқындайды.
Ипотеканың айрықша маңызды қағидаларына мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлғаға оңай танитындай болуы керек.
ҚР-сында ипотекалық несиелендіру жүйесінің белсенді даму кезеңі басталды. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту жолымен ақшаны мобилизациялаудың нарықтық механизмдерін дамыту үшін жағдайлардың жасалуы есебінен тұрғын үй нарығында несие – қаржылық сфераның кеңейуі және халықтың төлем қабілеті сұраныстың өсуі үшін алғы шарттар бар. Осы жүйені енгізумен бірге халықтың ұзақ мерзімді ипотекалық несие түрінде ұсынылатын қаражаттар есебінен дайын тұрғын үй алу мүмкіндігі туды.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, ипотекалық несиенің мәні, қағидалары, Қазақстандағы ипотекалық компаниясын және түрғын үй бағдарламасын жетілдіру жолдары және оның құрылымы туралы мәселелер қарастырылған.
Екінші бөлімінде, ипотекалық несиелеу есебін ұйымдастыру жолдары және ипотекалық несиелеудің даму болашағы мен өзекті мәселелері қарастырылған. ....
Курстық жұмыстар
Толық