Әлеуметтану | МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мүгедек балаларды әлеуметтік сақтау 1991 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңның негізгі мақсаты мүгедектерді біздің қоғамда оқыту, дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасау.
2005 жылы 13 сәуірде қабылданған, 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» № 39-ІІІ ҚРЗ заңының негізгі мақсаты – мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және олардың тіршілік-тынысымен, қоғаммен етене араласу үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық шарттарын айқындау. Бұл заңдарда мүгедектерді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, т.б. мәселелер қамтылған.
Заңға сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы әдістермен тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, өмір сүрген ортасына әлеуметтік бейімдеу шаралары негізінен үш министрліктің (денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім және ғылым) қатысуымен жүзеге асырылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық